Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні
* ДСҰ мәліметтері бойынша, шамамен 350 миллион адам вирустық гепатиттің қандай да бір түрінен зардап шегеді.
* Бауыр аурулары шамамен бір жарым миллион адамның өмірін қияды – ВИЧ-инфекциясынан, малярия мен туберкулезден де жоғары көрсеткіш.
* Инфекция жұқтырғандардың шамамен 80 пайызы өздерінің қауіпті вирусты тасымалдап жүргендерін білмейді. Сондықтан бауыр аурулары туралы хабардар болу бүгінгі күні аса маңызды болып отыр.
Үнді нұсқасы және вакцинация
Соңғы уақытта коронавирус инфекциясының үндістандық нұсқасы Қазақстанда тарала бастады. Ол осы індеттің алдыңғы түрлеріне қарағанда жұқпалы және жиі өлім құштырады деп есептелінеді.

Бірер ай бұрын Үндістанда COVID–19 індетінің ошағы лап ете қалды. Оның себебі не еді?
Жедел цистит кезіндегі фитотерапия эффективтілігі
Жедел цистит – бұл кең таралған ауру және көбінесе әйелдерде кездеседі. Қазақстанда жылына жіті циститтің 500-600 мың жағдайы орын алады. Медициналық протокол бойынша циститтің барлық формасында антибактериялық терапия жүргізіледі. Бірақ соңғы жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 1 жыл ішінде аурудың қайталануы әйелдердің 50%-ында дамиды.
Биотехнологиялық революция және CRISPR технологиясы
Соңғы 100 жылда ғылымда үш маңызды оқиғалар болды. Біріншісі – кванттық революция, Эйнштейіннің арқасында бізге атом құрылымының ішкі жағына үңілуге мүмкіндік туды. Екіншісі – ақпараттық «революция», мұның арқасында біздің бүгінгі өміріміз көбіне бит пен байттық ақпаратқа тәуелді. Үшінші – ол биотехнологиялық революция.
Вакцинация жайлы шындық пен қауесет
Коронавирусқа қарсы вакциналар бұрын-соңды қолданылмаған жаңа технологиялар арқылы жасалады. Ковидті емдеу үшін инновациялық әдістер қолданылады. Әрине, жаңашылдық құптарлық нәрсе, бірақ, денсаулыққа қатысты болғасын көпшілігінде белгілі бір алаңдаушылықтың болуы түсінікті. Онымен қоса, вакцинация төңірегінде интернетте жалған ақпараттар және дәлелсіз қауесеттер жетерлік.
COVID-19 кезінде аурудың 5-10 күндері аса маңызды
Дене қызуы, ентігу сияқты коронавирустық инфекцияның симптомдарын қадағалау, сондай-ақ қандағы оттегінің мөлшерін өлшеу қажетті шараларды уақытылы қабылдау үшін өте маңызды. COVID-19 – бұл болжап білуге болмайтын ауру. Ол көбінесе симптомсыз және баяу ағымды түрде өтеді, бірақ жиі ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
Неліктен кейбір адамдарда коронавирустық инфекция жеңіл түрде өтеді?
Ковидпен ауырып шыққандарға вакцина алу қажет пе және неге кейбір адамдарда коронавирустық инфекция жеңіл түрде өтеді?
COVID-19 кезінде иіс сезудің бұзылуы
Біздің көпшілігімізге мәлім, COVID-19-дың алғашқы күнінен бастап болатын бірегей белгілерінің бірі – иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Дәрігерлер мұны аносмия деп атайды.
Коронавирустар қалай мутацияға ұшырайды?
Вакциналар коронавирустың таралу тізбегін толығымен тоқтатқанша, оған тірі қалу үшін мүмкіндігінше көп адамдарға жұғып үлгеруі маңызды. Ол үшін коронавирус өзінің генетикалық құрылымын үнемі өзгертіп отырады, яғни мутацияға ұшырайды.
Коронавирустың мутанттары алаңдаушылық туғыза ма?
Былтыр ғана Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясын жариялаған болатын. Енді міне, коронавирус молекуласы едәуір қарапайым және құбылмалы екендігі анық болды. Оның әлсіздігі осында, сондай-ақ зұлымдығы да: оның жұқпалығы және салдырынан өлім-жітімге әкелуі тұмауға қарағанда едәуір жоғары болып шықты.
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығына арналған байқаудың І тоқсанның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды. Бұл сыйлық медицина және денсаулық саласы бойынша қазақ тілінде жарық көрген өзекті материалдарға әр тоқсан сайын тағайындалатынын айтып өткен жөн.
Аутизмді ерте анықтау – жақсы нәтижеге жол
Диагнозды дәл анықтау неге байланысты? Тексеруден өтетін баланың ата-анасы қандай мәселелерге мән бергені жөн?
Қазақстандағы әйел адамдар арасында гипотиреоз ауруының көбеюіне алиментарлық факторлардың әсері
ДДСҰ мәліметтері бойынша әлемде қалқанша безінің эндокринді бұзылысы бойынша аурулар көрсеткіші қант диабетінен кейін 2-ші орын алады. Әлемде 740 миллион адамда гипотиреоз немесе бастапқы кезеңдегі эндемиялық зоб кездеседі. Ал 2 миллиард адам йод жетіспеушілігі қаупі аймағында. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы қазір гипотиреоз ауруының дамуына, прогрессивті түрде артуына себепкер болуда.
Қорғасынның балалар денсаулығына қауіпті әсері және алдын алу шаралары
Қорғасын – адам ағзасында жиналуға қабілетті улы, салмағы ауыр металл. Қорғасын металының өзіне қарағанда, қорғасын тотығы адам ағзасы үшін қауіпті. Өнеркәсіпте, әр түрлі ашық түсті бояғыш заттар ретінде, типографиялық өндірісте кеңінен қолданылады. Соңғы жылдары, ауыр металлдардың ішінде таралуы және уыттылығы жағынан бірінші орынды алып, бала денсаулығына кері әсер етуінен медицина саласында маңызды мәселердің біріне айналып отыр.
Халықаралық сирек кездесетін аурулар күнінде redkiebolezni.kz вебсайтының іске қосылатынын қуана хабарлайды
Сирек аурулары бар балалардың шамамен 30%-ы бес жасқа дейін өмір сүрмейді . Көбісі тиісті ем қабылдамайды және дұрыс қойылмаған диагнозбен өмірден өтеді.
Пандемия және созылмалы стресс: онымен қалай күресуге болады
Жалпы мына адамның миы қауіп төнген жағдайда ағзаға сигнал береді. Мұны стресстік реакция деп атайды. Ол өзі адреналин, кортизон және басқа гормондардың қанға шығарылуымен көрінеді, олар ағзаға қауіп төндіруге бейім: жүрек соғысын жиілетеді, қан қысымын көтереді және тынысты тарылтады. Бұл стресстік гормондар. Олар уақытша ғана әл беріп, ойлау өткірлігі мен жылдам реакцияға септік етеді.
Пандемия қашан аяқталады?
Пандемия басталғаннан бері бір жыл ішінде жер шарында 100 миллион адам коронавирусты жұқтырып, оның 2 миллионнан астамы бұл кеселден көз жұмған болатын. Дегенмен, көптеген сарапшылар осы жылдың соңына дейін пандемия қазіргі біз қарастырып отырған формада аяқталуы ықтимал деп санайды.
Қайсысы пайдалы: жаңа сығылған шырындар ма, тұтас жемістер ме?
Жаңа піскен көкөністер мен жемістер – «тірі тағамның» негізі болып табылады. Олардың құрамында дәрумендер, минералдар мен өсімдік талшықтары сияқты көптеген пайдалы заттар бар.
Балалардың тісін тіс дәрігеріне қашан көрсеткен жөн?
Балалардың алғашқы дүниеге келген күнінен бастап ата аналардың, әсіресе, жас ата-аналардың не істеп, қашан және қандай дәрігер мамандарға апару керектігін біле бермейтіні де анық.
Дұрыс ұйқының COVID-19-бен күресте тиімділігі орасан зор
COVID-19 ұйқысыздық пен басқа да нерв жүйесінің бұзылуларын туындатуы мүмкін. Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары анықтағандай, бұл коронавирустың нерв жасушаларына тікелей әсер етуінен емес, көбінесе вирусқа қабыну реакциясынан туындайды екен.
«Британдық» коронавирус: ол қаншалықты қауіпті?
Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі өте жұқпалы екендігі айтылып, бұл хабар көпшілікті алаңдатпай қоймады. Жаңа эпидемияның таралуынан сақтанған кейбір елдер Ұлыбританиямен әуе қатынасын жауып тастаған болатын. Коронавирустың мутацияланған бұл түрі шынымен де қауіпті ме?
Вакцина жасау технологиялары
Өткен мақалада біз матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer, BioNTech және Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қарастырдық. Бұл мақалада коронавирусқа қарсы вакцина жасаудың өзге де технологияларын кеңірек қарастыратын боламыз.
Жүктілік және COVID-19
Пандемия барлығымызды өз денсаулығымызбен қоса жақындарымыздың, әсіресе арамыздағы осал адамдардың денсаулығын сақтауға, оларға қамқорлық жасауға мәжбүр етті. Жүкті әйелдердің иммунитеті әлсірейтіндігі белгілі. Бала көтеру процесінің өзі онсыз да физикалық жағынан, эмоциалық жағынан да едәуір күрделі өтеді. Планетаны жайлаған коронавирустық инфекция жағдайды одан бетер қиындатты десе болады.
Қант диабеті және COVID-19
Осыдан алты ай бұрын ғана көпшілік COVID-19-ды тек жай тыныс жолдарының инфекциясы деп санаған болатын. Кейінірек, коронавирус қан тамырларына әсерін тигізіп, нәтижесінде әртүрлі мүшелерді зақымдайтыны, көптеген асқынуларға әкелетіні белгілі болды.
АҚШ-тың фармакологиялық комитеті матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer/BioNTech вакцинасын мақұлдады
Біз тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Әңгіме тек қана бұрын-соңды болмаған пандемия жайында болып отырған жоқ. Ерекше көңіл бөлетін жайт, ол бүгінгі ғылымдағы орасан зор жетістіктерінің бірі – матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer, BioNTech және Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналары.
  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2
  • 3
  • 9