Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

«Пластикалық ойыншықтар мен косметикалар сәбилердің сөйлеу аспектілерінің тежелуіне әсер етеді» дейді ғалымдар
Соңғы уақыттағы зерттеулер бойынша, егер де жүкті әйелдер ерте кезеңінде немесе кейінгі уақыттарда фталат деп аталатын өте кең таралған химиялық заттың әсеріне ұшыраған болса, олардың болашақ сәбилерінің сөйлеуі кешеуілдейді екен.
COVID-19 кезінде иіс сезудің бұзылуы
Біздің көпшілігімізге мәлім, COVID-19-дың алғашқы күнінен бастап болатын бірегей белгілерінің бірі – иіс сезу қабілетінің жоғалуы. Дәрігерлер мұны аносмия деп атайды.
«Бас жазудағы» жеті кеңес
Егер сіз жаңа жылды ішімдікпен асыра тойлауды жоспарлаған болсаңыз, онда ертеңінде унитазды құшақтап, «Құдайым-ау, бұл не үшін?» деп ренжіген кейіптегі отырысыңызға таң қалудың керегі жоқ. Әрине, ол сіздің жеке таңдауыңыз, дегенмен әр нәрсенің салдары бар. Жалпы мастықтың салдарымен қалай күресу керектігі жөнінде ғылыми негізделген нақты ұсыныстар бар. Төмендегі жеті кеңеске құлақ асыңыз!
«Британдық» коронавирус: ол қаншалықты қауіпті?
Ұлыбританияда анықталған коронавирустың жаңа түрі өте жұқпалы екендігі айтылып, бұл хабар көпшілікті алаңдатпай қоймады. Жаңа эпидемияның таралуынан сақтанған кейбір елдер Ұлыбританиямен әуе қатынасын жауып тастаған болатын. Коронавирустың мутацияланған бұл түрі шынымен де қауіпті ме?
«Бұршақ, ет немесе ақуыз» азық-түлік тобындағы өнімдердің денсаулыққа пайдасы өте зор
«Бұршақ, ет немесе ақуыз» азық-түлік тобы «Пайдалы таммақтану» ұстанымы бойынша төртінші орынды иеленеді. Бұл топтарға жануарлардан алынатын ақуыз өнімдері – ет, құс, балық, жұмыртқа, сондай-ақ өсімдіктен алынатын ақуыз өнімдері – бұршақ, дән және жаңғақтар жатады. Ет, құс, балық, құрғақ бұршақ, асбұршақ, жұмыртқа, жаңғақ және күнбағыс сияқтылар қоректік заттардың негізгі қайнар көзі болып табылады, олардың құрамында В дәруменінің тобы бар (олар: ниацин, тиамин, рибофлавин, В6 дәрумені), Е дәрумені (темір, цинк және магний) бар.
«Коронавирусты жұқтырған жағдайда не істеу қажет?» – профессорға сұрақ
Соңғы кездері коронавирусты жұқтырғандардың саны артып келеді. Көптеген жағдайларда инфекция симптомсыз түрде немесе жеңіл белгілермен өтуде. Бірақ, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскендер де жоқ емес. Ауру дендеп барады, күн санап науқастар саны көбейіп жатыр. Ақыр соңында көптеген адамдар коронавирустың ойдан шығарылмағанын, шындық екенін түсінгендей. Осыған орай, біз көп жылдық қызметін АИТВ/ЖИТС індетімен күресуге арнаған иммунолог, бүгінде Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманнан осы мәселе төңірегінде айтып өтуін сұраған болатынбыз.
«Сүйіс ауруы» атымен белгілі мононуклеоз: оның қоздырғышы, инкубациялық кезеңі, орын алатын асқынулар және аурудың алдын алу жолдары
Мононуклеоз – вирустық инфекция. Ол баспа (ангина), қызбаның пайда болуымен және лимфа түйіндерінің (әсіресе мойын аумағындағы) ұлғаюымен сипатталатын жұқпалы ауру. Мононуклеоз әртүрлі жастағы адамдарда пайда болуы мүмкін, алайда 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде жиі кездеседі. Мононуклеоз қоздырғышы герпес тобына жататын Эпштейн-Барр вирусы болып табылады. Сонымен бірге мононуклеоз цитомегаловирус (ЦМВ) секілді басқа да микрорганизмдерден туындауы мүмкін.
14 қараша - Дүниежүзілік диабетпен күресу күні
Жыл сайын 14 қарашада бүкіл әлемде 1991 жылы Халықаралық Диабет федерациясы (IDF) мен Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДҰ) құрылтайлаған Дүниежүзілік диабетпен күресу күні өтеді . Қант диабеті жедел әрекет етуді талап ететін заманауи қоғамның маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелерінің қатарына кіреді.
28 шілде – Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні
* ДСҰ мәліметтері бойынша, шамамен 350 миллион адам вирустық гепатиттің қандай да бір түрінен зардап шегеді.
* Бауыр аурулары шамамен бір жарым миллион адамның өмірін қияды – ВИЧ-инфекциясынан, малярия мен туберкулезден де жоғары көрсеткіш.
* Инфекция жұқтырғандардың шамамен 80 пайызы өздерінің қауіпті вирусты тасымалдап жүргендерін білмейді. Сондықтан бауыр аурулары туралы хабардар болу бүгінгі күні аса маңызды болып отыр.
COVID-19 кезінде аурудың 5-10 күндері аса маңызды
Дене қызуы, ентігу сияқты коронавирустық инфекцияның симптомдарын қадағалау, сондай-ақ қандағы оттегінің мөлшерін өлшеу қажетті шараларды уақытылы қабылдау үшін өте маңызды. COVID-19 – бұл болжап білуге болмайтын ауру. Ол көбінесе симптомсыз және баяу ағымды түрде өтеді, бірақ жиі ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.
COVID-19 пандемиясының екінші толқыны кезінде денсаулықты қалай сақтау қажеттігі жайлы кеңестер
Әлемнің көптеген елдерінде COVID-19 пандемиясының кезекті толқыны басталды. Бұл салқынның түсуіне байланысты, сонымен қатар адамдардың таза ауада жүргеннен гөрі жабық орындарда көп болуы да коронавирустың жұқтыру қаупінің артуына әкеп соғуда.
COVID-19-дың ұзаққа созылған ағымы
COVID-19-бен ауырған көптеген науқастарда бірнеше айдан кейін де ентігу, әлсіздік, бас ауруы, ұйқы мен ас қорыту мәселелері, жүрек ырғағының өзгеруі мен өзге де бұзылыстар орын алуда. Көбінесе бұл көріністер толқынды сипатта болады, яғни симптомдар пайда болып, жоғалады, содан кейін қайтадан мазалай бастайды.
COVID-19: жады жасушалары дегеніміз не? Олардың коронавируспен күрестегі рөлі қандай?
Ғалымдар пандемия нәтижелі коронавирустық вакцина жасалған кезде немесе жер шары тұрғындарының едәуір бөлігі вируспен ауырып шыққан кезде тоқтайтынына сенімді. Қазіргі кезде әлемде 50 миллионға жуық адам коронавируспен ауырып, оған имунитет ала алды. Алайда, сынақтамалар көрсеткендей, ауруға шалдыққан кейбір адамдардың ағзасында бірнеше айдан кейін коронавирусқа қарсы антиденелер өте аз немесе мүлдем табылған жоқ.
COVID-19: оны алдын алуда және емдеуде қандай жаңалықтар бар? Академик Вячеслав Локшиннің профессор Алмаз Шарманмен сұхбаты
COVID-19-дың алдын алуда және емдеуде қандай жаңалықтар бар? Ауру барысында иммундық жүйеге не болады, цитокин дауылынан туындаған коронавирустық инфекция мен қабынуды қалай емдейді? Осы және басқа да көптеген сұрақтар турасында академик Вячеслав Локшиннің медицина профессоры Алмаз Шарманмен сұхбатын ұсынып отырмыз.
COVID-19: ұжымдық иммунитет
Соңғы уақытта коронавирус майданынан жақсы хабарлар келіп жатыр. Осының алдында ғана біз Pfizer мен BioNTech компаниялары сынақтан өткізген коронавирусқа қарсы вакциналары жақсы нәтиже бергендігі жөнінде хабардар еткен едік. Енді міне, Moderna биотехникалық компаниясы өздерінің вакцинасының тиімділігі 94 пайызды құрағанын жариялады.
D дәруменін күннен қалай дұрыс алуға болады
Мешелді, остеопорозды болдырмайтын және басқа да пайдалы қасиеттері бар D дәрумені ежелден күн сәулесінен беріледі. Әдетте, қыс мезгілінде біз күн нұрын аңсап кетеміз, сондықтан ба, кей-кездерде бөлме немесе автокөлік терезелерінен түскен күн сәулесіне бетімізді рахаттана тосамыз. Бірақ, өкінішке қарай, мұндай ультракүлгін біздің денсаулықты нығайтуға көмектеспейді.
SMS-хабарламалардың адамдардың бөлектенуіне және қарым-қатынасқа айтарлықтай әсері бар
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасарын сақтау мақсатында «Ерлі-зайыптылардың терапиясы» (Couple and Relationship Therapy) журналында жарияланған зерттеу нәтижелері SMS-хабарламалар мен мәтіндік хат алмасу адамдарды бөлектенуге ерекше әсер ететінін көрсеткен. Гипотезаны дәлелдеу мақсатында ғалымдар сауалнама жүргізіп, оған 18-25 жас аралығындағы романтикалық қарым-қатынастағы 276 адам қатысқан екен.
Ағзаға не үшін кальций қажет
Біз сүйек пен тіс мықты болу үшін кальций керек екенін білеміз, өйткені кальций олардың құрылымдық негізі. Дегенмен, біздің ағзамызда кальцийдің атқаратын рөлі әлдеқайда зор және аса маңызды, яғни, ол жүрек-қантамырлар, қанайналым, жүйке және бұлшықет жүйелеріне айтарлықтай қажет.
Адам денсаулығына табиғат қалай әсер етеді
Көптеген зерттеулер табиғат пен денсаулық арасындағы қарым-қатынасқа негізделген кейбір механизмдерін түсіндіре өте, табиғаттың әсері мен денсаулықтың жақсаруы арасындағы байланысты анықтады.
Адам денсаулығының физикалық белсенділікке тәуелділігі генетикалық тұрғыдан берілген
Семіздікке шалдығу бейімділігінің генетикалық негізі бар. Семіздікке бейім келетін ген иелерінде физикалық белсенділікке деген жоғары тәуелділік байқалады: физикалық әрекетсіздік, енжарлық өмір сөз жоқ семіздікке барар жол, ал сайма-сай физикалық жүктеме генетикалық қатерді азайтады.
Азық-түлік өнімдерінің қаптамасындағы натрийдің таңбалануы нені білдіреді
Тұз дегеніміз химиялық зат, ол натрий хлориді деп аталады. Әдетте қаптамаларда натрийдің мөлшерін көрсетеді, бұл жерде белгіленіп отырғаны өнімге қосылған тұздың құрамындағы натрий. Егер тұзды тәуліктік нормасынан, яғни күніне 5 граммнан асырмай қолданатын болса, оның адам ағзасына пайдалы әрекеті мол. Тұзды тәуліктік нормасынан шектен тыс қолданудың жиіленуі артериялық гипертензияның, сондай-ақ Қазақстанда әрбір екінші мезгілсіз өлімнің себебі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупінің жоғарылауына әкеледі.
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығы
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығын алу конкурсына қатысуға шақырамыз. Медицина мен денсаулықтың өзекті тақырыбы жайында қазақ тілінде ғылыми-көпшілік мақалалар жазушы барлық қауымға, әр тоқсан сайын жүргізілетін академик Төрегелді Шармановтан тағайындалған сыйлықты алу конкурсына қатысуға шақырамыз.
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығының І тоқсан қорытындысы шықты – ІІ тоқсанға өтінім беру басталды
Академик Төрегелді Шарманов сыйлығына арналған байқаудың І тоқсанның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды. Бұл сыйлық медицина және денсаулық саласы бойынша қазақ тілінде жарық көрген өзекті материалдарға әр тоқсан сайын тағайындалатынын айтып өткен жөн.
АҚШ президенті Трампты коронавирустан қалай емдеді, сондай-ақ COVID-19-бен күресте моноклоналды антиденелерді қолдану аясы жайында
Жақында АҚШ президенті Дональд Трамп коронавирустық инфекцияны жұқтырып, аурудан сауығып шыққан болатын. Ем жүргізу барысында D дәрумені, мырыш және мелатонин сияқты биологиялық белсенді қоспалардан басқа, дексаметазон гормоны, вирусқа қарсы ремдесивир препараты, сондай-ақ моноклоналды антиденелердің коктейлі болып табылатын эксперименттік препараттар қолданылған еді.
АҚШ-тың фармакологиялық комитеті матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer/BioNTech вакцинасын мақұлдады
Біз тарихи кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Әңгіме тек қана бұрын-соңды болмаған пандемия жайында болып отырған жоқ. Ерекше көңіл бөлетін жайт, ол бүгінгі ғылымдағы орасан зор жетістіктерінің бірі – матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer, BioNTech және Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналары.
  • «
  • 1 (ағымдағы)
  • 2
  • 3
  • 9