Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Қандай жағдайда коронавирус адамдарға жұғады?
Ауру жұқтырған адам есік тұтқасын ұстаған кезде вирус жабысып, келесі тұтқаны ұстаған адамға алақанына мезетте жұғады. Коронавирус өміршең келеді, ол мыс бетінде 4 сағат, картон бетінде – 24 сағат, пластмасса және темірдің бетінде – үш тәулік бойы сақталады.
Коронавирустар қалай ауру тудырады және ол қалай білінеді?
Коронавирустар адам ағзасына ауа өтетін жолдар арқылы кіреді де, өкпенің төменгі жақ бөлігіне жайылып, онда орналасқан жасушаларды үлкен мөлшердегі коронавирус өңдейтін «фабрикаға» айналдырады. Мұның барлығы ақыр соңында жасушалардың тез тозуына, тіпті өліміне алып келеді. Осылайша өкпе тіні коронавирустық инфекцияның жайылуына басты себепшісі болып табылады.
Қазіргі коронавирус қайдан пайда болды және оның өзгешелігі неде?
Бүгінгі интеллектуалдық және технологиялық ресурстарды қолдана мақсатты түрде мұндай «химераны» құру мүмкін емес. Оған біздің әлі де болса ақылымыз жете қойған жоқ. Мәселе жаратылыс эволюциясында, дәлірек айтсақ табиғаттың «революциясында». Айрықша жетілген биотеррорист – табиғат болып тұр. Адамзат өз әрекеттерімен эволюциялық үрдісті тездетіп, ол өз кезегінде адам баласына үлкен қауіп төндіретін вирустарды туғызды.
Соңғы жылдары коронавирустық және басқа да індеттер неге жиеленіп кетті, сондай-ақ қазіргі пандемияның осындай теңдессіз тез ауқымға ие болуына не себеп?
21 ғасырда біз бірнеше рет коронавирустардан туындаған өте қауіпті індеттермен ұшырасып отырмыз. 2003 жылы атипті пневмония (SARS) індеті, ал 2012 Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS) індеті өршіген болатын.
Коронавирус адам ағзасында қалай пайда болды?
Коронавирустар адамзатпен бірге 55 миллион жылдан бері бар, ал біздің планетамызда шамамен 4 миллиард жылдай өмір сүріп келеді. Олардың мінсіз таратушылары – жарқанаттар болып табылады.
Коронавирус: қайдан пайда болды және ол қаншалықты қауіпті
Ең алдымен, вирустар дегеніміз не екендігі жайлы толықтай түсініктеме беріп өткен жөн деп есептеймін. Жалпы вирустар планетамызда шамамен 4 млрд жылдай өмір сүріп келеді. Олар бактериялар мен саңырауқұлақтар сияқты микроорганизмдер болып табылады.
Бас сақинасы: дәрігерлер жаңа дәрі-дәрмектерді ойлап табуда
Егер сізде немесе жақындарыңызда «Бастың сақинасы» болса – ол көпшілік ойлайтындай жай ғана бастың ауруы емес екендігін білген жөн. Бастың сақинасынан зардап шегетіндер ауруға көне алмайды. Алайда әдеттегідей өмір сүруге тырысады.
Қызылшаға қарсы вакцина басқа да жұқпалы аурулардан қорғайды
Көпшілігіміз қызылша сияқты балалар ауруларын білеміз. Кейбіріміз тіпті ауырғанбыз да. Алайда, қазіргі кезде қызылша сиректеу кездесетін болды. Бұл вакцинацияның арқасында. Өкінішке орай, кейбір ата-аналар жалған ақпаратқа еріп өз балаларын, қызылша мен басқа да инфекцияларға қарсы вакцинациялаудан бас тартып, оларды үлкен қатерге ұшыратуда. Өйткені, соңғы ақпараттарға сүйенсек қызылша әлдеқайда күрделі асқыныстар беретін ауру.
Кардиологтар инсульттан қорғау үшін бұдан былай аспиринді ұсынбайды
Қазіргі таңда дәрігерлер жүрек-қан тамырлары аурауларының қауіп факторларын яғни гипертониялық ауруды, қант диабетін және қандағы холестериннің жоғары деңгейін тиімді емдей бастады. Бұл аурулардың алдын-алу үшін аспиринді қолданудың қажеті жоқ.
Коронавирус: Қазақстан үшін үлкен сабақ
Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан республикамыздан шығуға және сырттан кіруге қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, ірі сауда кешендері мен ойын сауық орталықтары, кинотеатрлар мен көрмелер жұмысы тоқтатылды. Сонымен қатар спорттық ойын түрлерін өткізуге және отбасылық мерекелер ұйымдастыруға да қатаң тыйым салынады.
Коронавирус: әрі қарай не істеу қажет?
Адамзат баласы бұған дейін SARS-CoV-2 короновирусына тап болған емес. Сол себепте адамдарда оған қарсы тұра алатын иммунитет те қалыптаспаған. Мәселені вакцина шешер еді. Алайда оны жасап шығару бірнеше ай уақыт жұмсалады. Оның тиімділігі мен адам өміріне қауіпсіздігін толық анықтау үшін кемінде 1 жыл қажет. Ал бұл тым ұзақ уақыт.
Біз коронавирус жайында не білеміз?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жариялауына байланысты және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ендігі кезекте жаһандық проблемаға айналған инфекцияға дұрыс әрі уақытылы шара қолдана білу қажет.
SMS-хабарламалардың адамдардың бөлектенуіне және қарым-қатынасқа айтарлықтай әсері бар
Ерлі-зайыптылардың қарым-қатынасарын сақтау мақсатында «Ерлі-зайыптылардың терапиясы» (Couple and Relationship Therapy) журналында жарияланған зерттеу нәтижелері SMS-хабарламалар мен мәтіндік хат алмасу адамдарды бөлектенуге ерекше әсер ететінін көрсеткен. Гипотезаны дәлелдеу мақсатында ғалымдар сауалнама жүргізіп, оған 18-25 жас аралығындағы романтикалық қарым-қатынастағы 276 адам қатысқан екен.
Коронавирус. Тазалық - денсаулық кепілі
COVID 19 вирусы қазіргі таңда бар елдің бойына қорқыныш үйіргені анық, жаппай таралуымен бірнеше елді қамтып сондықтан да, қазіргі таңның ПАНДЕМИЯсы болып отыр. Сондықтан да келесі пайдалы кеңестерге құлақ асқан жөн.
Е дәрумені – бұл тұтас қосылыстар топтарының жиынтығы
Е дәрумені ағзада антиоксидант рөлін атқарады, яғни жасушаларды еркін радикалдармен келтірілген зақымданудан қорғауға көмектеседі. Ағза бактериялар және вирустармен күресетін иммундық жүйенің қызметін жақсарту үшін Е дәруменіне мұқтаж. Ол қан тамырларын кеңейтіп, тромбтардың түзілуін болдырмайды.
Қатерлі ісіктің пайда болу қаупін 50 пайызға қандай физикалық жүктемелер төмендететіні анықталды
Анықталғандай, қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің үштен бірі дұрыс емес диета және аз қозғалысты өмір салтымен байланысты екен. Физикалық белсенділіктің қорғаныш әсерін қамтамасыз ететін факторлардың ішінде мыналарды атап өткен жөн: физикалық жаттығулар қан айналымын және энергия алмасуын жақсартады, тыныс алу қызметін жақсартады, асқазан-ішек жолымен тамақтың өтуін жеделдетеді, иммундық жүйені ынталандырады, сонымен қатар мутация салдарынан зақымдалған гендерді қалпына келтіруге көмектеседі.
Көктемді пайдалы әдеттермен бастау керек
Көктемге қарай біз әлсізденіп, көп сырқаттанып жатамыз, өйткені организм қыстан шаршайды және табиғи себептерге байланысты дәрумендердің жетіспеушілігі байқалады. Себебі, көкөністер мен жемістер – дәрумендердің негізгі көзі – қыста қол жетімсіз және олардағы дәрумендердің ұзақ сақталу кезінде күшінің азаюы, бұзылуы мүмкін. Сондықтан, салауатты әдеттермен қаруланып, көктемді қарсы алу өте маңызды. Ғалымдардың пікірінше, жақсы әдеттермен тәрбиелену үшін екі апта жеткілікті екен. Көктемде қандай әдеттерді ұстану керек?
Нәресте ана тілін құрсақта жатып игере бастайды
Acta Paediatrica журналында нерестелердің ана құрсағында жатып-ақ ана тілін меңгере бастайтынын көрсететін зерттеу нәтижелері жарияланған болатын. Құрсақтағы нәрестенің есту қабілеті шамамен 30-шы аптада дамиды, сондықтан жүктіліктің соңғы екі айында ол анасының дауысын естуге қабілетті.
Балалардың семіздікке шалдығу қаупі тұрғылықты жеріне жақын орналасқан нысандарға да байланысты
Бүкіл әлемдегідей, Қазақстанда да артық салмағы бар немесе семіздікке шалдыққан балалар саны күрт өсуде. Бүгінгі таңда әрбір 7-ші қазақстандық бала артық салмақ қосуда немесе семіздікке шалдығуда. Сонымен қатар, балалардың семіруі көптеген аурулардың (жүрек-қан тамырлары, диабет, ортопедиялық проблемалар, психикалық бұзылулар және т.б.) пайда болу қаупін арта түседі.
Біз неліктен ауырамыз?
Егер тәулігіне 6 сағаттан кем ұйықтаса не болады?
Филадельфиядағы Пенсильвания университетінің жанындағы Тәуліктік биоритмдердің нейробиологиясын және ұйқыны зерттеу орталығының ғалымдары 5000-нан астам адамның қатысуымен зерттеу жүргізген болатын. Бұл зерттеуде адамның денсаулық жағдайына түнгі ұйқының ұзақтығы тікелей әсер ететіні анықталған. Зерттеуге қатысушылардың 4-6 сағат (тәулігіне) ұйықтағандарында 6 сағаттан көп ұйықтағандарға қарағанда қандағы холестериннің жоғары деңгейі және артериялық қысымның жоғарлауы екі есе жиірек орын алып отырған.
ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНА БАСҚА ДА ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДАН ҚОРҒАЙДЫ.
Жануарлар туралы бейнероликтерді көру мидың белсенділігін арттырады
Соңғы кезде Instagram және басқа да интернет-платформаларда басты кейіпкерлері күлкілі әрі сүйкімді жануарлар болып табылатын бейнероликтер көбеюде.

Мұндай бейнероликтер неліктен көп және адамдар не үшін оларды көруге құмар келеді? Біз жауабын тапқандаймыз.

Жануарлар жайлы бейнеролитер қарап уақытын жұмсайтын адамдар біз ойлағандай жалқау емес екен, керісінше ақылды болса керек. Мұндай бейнероликтер көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, мидың белсенділігін арттырады екен.
«Сүйіс ауруы» атымен белгілі мононуклеоз: оның қоздырғышы, инкубациялық кезеңі, орын алатын асқынулар және аурудың алдын алу жолдары
Мононуклеоз – вирустық инфекция. Ол баспа (ангина), қызбаның пайда болуымен және лимфа түйіндерінің (әсіресе мойын аумағындағы) ұлғаюымен сипатталатын жұқпалы ауру. Мононуклеоз әртүрлі жастағы адамдарда пайда болуы мүмкін, алайда 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерде жиі кездеседі. Мононуклеоз қоздырғышы герпес тобына жататын Эпштейн-Барр вирусы болып табылады. Сонымен бірге мононуклеоз цитомегаловирус (ЦМВ) секілді басқа да микрорганизмдерден туындауы мүмкін.
«Бас жазудағы» жеті кеңес
Егер сіз жаңа жылды ішімдікпен асыра тойлауды жоспарлаған болсаңыз, онда ертеңінде унитазды құшақтап, «Құдайым-ау, бұл не үшін?» деп ренжіген кейіптегі отырысыңызға таң қалудың керегі жоқ. Әрине, ол сіздің жеке таңдауыңыз, дегенмен әр нәрсенің салдары бар. Жалпы мастықтың салдарымен қалай күресу керектігі жөнінде ғылыми негізделген нақты ұсыныстар бар. Төмендегі жеті кеңеске құлақ асыңыз!