Жүктелуде...
 

Жаңалықтар

Ерлі-зайыптылық қарым-қатынаста үйлесімділікті қалай сақтауға болады
Қайсымыз болмасақ та ұзақ жылдар бойы сүйікті адамымызбен жарқын және сенімді қарым-қатынаста болғымыз келеді. Әрбір ерлі-зайыпты жандардың бақытты өмір деп санайтын өз талғамдары болады - бұл өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет, ортақ өмірлік мақсаттар, ортақ мәдени және адамгершілік құндылықтар және тағы басқалар, бірақ, мойындау керек, осылардың ішінде жыныстық үйлесімділік те айтарлықтай маңызды болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген іңкәрлік сезімі қарым-қатынастарына қалай әсер етеді
Негізі, екі адамның ұзақ мерзімді тұрақты қарым-қатынастары, бір айда емес, бір жылда емес, одан да ұзақ уақытта қалыптасады. Өкінішке қарай, көптеген ерлі-зайыптыларда ерте ме, кеш пе романтикалық кезең аяқталады. Бірақ, бұдан кейін қарым-қатынас мүлдем нашарлап кетеді немесе мәңгілікке тоқтайды деп түсінуге болмайды. Егер қарым-қатынас өзара сүйіспеншілікке және сыйластыққа негізделсе, онда бақытты жылдар одан ары қарай жалғаса беретін болады. Бұл ретте өзара түсіністікке негізделген қарым-қатынас маңызды рөл атқарады.
Екпеден бас тарту - бұл дүниежүзілік денсаулық сақтау үшін қауіпті мәселе: не істеу керек?
Бірқатар еуропалық елдерде вакцинациялаумен оңай алдын алуға болатын қызылша инфекцясы таралып, айтарлықтай дүмпу тудырды. Бірнеше күн бұрын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қоғамдағы 10-ға жуық денсаулыққа қауіп төндіретін жайттарды анықтады, олар атап айтқанда: эбола эпидемиясы, жаһандық жылыну, қоршаған ортаның ластануы, жүрек-қан тамырлары және басқа да жұқпалы емес аурулардың таралуы, ата-аналардың вакцнацядан бас тартуы секілді мәселелер.
Егер тәулігіне 6 сағаттан кем ұйықтаса не болады?
Филадельфиядағы Пенсильвания университетінің жанындағы Тәуліктік биоритмдердің нейробиологиясын және ұйқыны зерттеу орталығының ғалымдары 5000-нан астам адамның қатысуымен зерттеу жүргізген болатын. Бұл зерттеуде адамның денсаулық жағдайына түнгі ұйқының ұзақтығы тікелей әсер ететіні анықталған. Зерттеуге қатысушылардың 4-6 сағат (тәулігіне) ұйықтағандарында 6 сағаттан көп ұйықтағандарға қарағанда қандағы холестериннің жоғары деңгейі және артериялық қысымның жоғарлауы екі есе жиірек орын алып отырған.
Е дәрумені – бұл тұтас қосылыстар топтарының жиынтығы
Е дәрумені ағзада антиоксидант рөлін атқарады, яғни жасушаларды еркін радикалдармен келтірілген зақымданудан қорғауға көмектеседі. Ағза бактериялар және вирустармен күресетін иммундық жүйенің қызметін жақсарту үшін Е дәруменіне мұқтаж. Ол қан тамырларын кеңейтіп, тромбтардың түзілуін болдырмайды.
Дұрыс ұйқының COVID-19-бен күресте тиімділігі орасан зор
COVID-19 ұйқысыздық пен басқа да нерв жүйесінің бұзылуларын туындатуы мүмкін. Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары анықтағандай, бұл коронавирустың нерв жасушаларына тікелей әсер етуінен емес, көбінесе вирусқа қабыну реакциясынан туындайды екен.
Дұрыс тыныс алуды қалай үйренуге болады?
Адам баласы алғаш тыныс алған сәттен тіршілігін бастап, соңғы деммен өмірден өтеді. Алайда, осының арасында біз қалай тыныс алатынымызға аз көңіл бөліп жатамыз. «Тыныс алып жатсақ болды емес пе» деген жайбарақаттылыққа салынамыз.
Дұрыс тыныс алу – диафрагмалық тыныс алу
Соңғы уақыттары біз қалай тыныс алу керектігі жайлы ойлана бастадық. Біздің өміріміз үшін тыныс алудың маңыздылығы айтпаса да белгілі. Дегенмен, бәріміз де COVID-19 пандемиясы келгелі мұны жақсы ұққандаймыз. Сонымен, толық тыныс алу дегеніміз не өзі?
Денсаулыққа пайдалы йогуртты қалай таңдауға болады
Біз йогуртті ақуыз, кальций, йод, В витамині және т.б. да пайдалы бактериялар мен қоректік заттары бар пайдалы өнім деп санаймыз. Алайда жақында «BMJ Open» журналы Ұлыбританиядағы Лидс және Суррей университеттері супермаркеттерде сатылатын йогурт түрлерінің көпшілігінде қанттың көп мөлшері анықталғандығын жариялады.
ДДСҰ балаларды бес жасқа дейін цифрлы гаджеттерден тыю керек деп дабыл қағуда
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бес жасқа толмаған балалардың қалыпты дамуын қамтамасыз ететін жаңа нұсқаулықтарды жариялады. Ондағы баса назар аударатын нәрсе заманауи гаджеттердің балаларды ерте жастан әуестікке баулитындығы.
Дәрі-дәрмектерді қолданбай-ақ ағзаны D дәруменімен қамтамасыз етуге бола ма?
D дәрумені басқа дәрумендерге қарағанда әлдеқайда көп болып келеді. Ол гормон ретінде әрекет етеді және шамамен 2000 геннің жұмысын бақылайды (ағзаның барлық гендерінің шамамен 10% -ы). Сондықтан олармен ағзаңыздың қамтамасыз етілуі өте маңызды.
Ғалымдардың анықтауынша, бізді ақшадан гөрі, спортпен шұғылдану әлдеқайда бақытты етеді екен
Йель және Оксфорд университеттерінің ғалымдары адам психикасының саулығы үшін қаржылық жағдайдан гөрі фиизкалық жаттығулардың едәуір маңызы зор екенін айтады. Бұған «The Lancet» журналында жарияланған зерттеудің нәтижелері дәлел бола алады.
Ғалымдар ыстық шайдың қаншалықты қауіпті екенін анықтады
Көптеген адамдар таңғы аста қып-қызыл жаңа дайындалған шай ішкенді қалайды. Алайда, бұл сүйікті дәстүрдің зияны да жоқ емес екен. Ұзақ мерзімді ауқымды зерттеулердің нәтижесі бойынша, ыстық шай ішкендерде өңеш ісігінің даму қаупі артуы мүмкін, деп хабарлайды International Cancer Journal.
Ғалымдар холестериннің көтерілуіне еттің қандай байланысы барын анықтады
Майсыз қып-қызыл етті, мысалы құрамында холестерині аз әрі майы жоқ сиыр етінің өзін пайдаланғаннан жүрек-қантамырлары ауруларына ұшыраудың қаупі бар. Бұл Огайодағы Кливленд клиникасынан келген ғалымдардың ұйғарымы.
Ғалымдар темекіні тастауға не кедергі болатынын айтты
Кез-келген адам темекінің денсаулыққа зиян, әрі өмірге қауіп төндіретінін біледі, сонымен қатар бұл жаман әдеттен арылғысы да келеді. Дегенмен, бұның оңайға соқпасы анық.
Ғалымдар пікірі: Жалғыздық - психологиялық проблемаларға әкеліп соғуы мүмкін
Жалғыз өмір сүретін адамдар жасына немесе жынысына қарамастан психикалық бұзылуларға ұшырап жатады. Бұл пікірді Версаль Сен-Кантен-ан-Ивелин университетінің француз ғалымдары жасаған, деп хабарлайды Science Daily PLOS ONE журналына сілтеме жасай отырып.
Ғалымдар өкпе обырын бастапқы кезеңінде-ақ диагностикалаудың жолын тапты
Лос-Анджелестегі Калифорния Университетінің, Солтүстік Каролинадағы Чапел Хилл университетінің, Дэвид Джеффен Медицина мектебінің және Лос-Анджелестің денсаулық сақтау департаментінің медициналық бөліміндегі америкалық ғалымдар тобы аурудың бастапқы кезеңдерінде ағзада көрініс беретіін өкпе обырының әлеуетті биохимиялық маркерін анықтады.
Ғалымдар жемістер мен көкөністерді дұрыс тұтынбау және жүрек-қан тамыры ауруларының қаупі арасындағы байланысты дәлелдеді
Тамақтанудағы қателік - қан тамырлары қабырғаларына, холестерин деп аталатын атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі. Олар тамырларды тарылтады (кейде толық бітелгенге дейін), осылайша тіндер мен ағзалар қанмен толық қамтамасыз етілмей қалады. Дұрыс тамақтануға қарсы келетін бірден-бір қателік - жемістер мен көкөністерді аз тұтыну.
Ғалымдар адамның құлағы естімейтін дыбыстарды қабылдай алатын құлақ құрылғысын ойлап тапты
Принстон универитетінің нанотехнология инженерлері үшөлшемді баспа (3D) көмегімен сиыр жасушалары мен күміс нанобөлшектерінен тұратын құлақты басып шығарды. Өнертабыс қарапайым адамның құлағы ешқашан ести алмайтын радио сигналдар мен жиіліктерді қабылдауға қабілетті.
Ғалымдар – әйел жүрегіне күтім керек
Жүрек ұстамасына ұшыраған әйелдерге жедел көмек беру кезінде әйел дәрігер жәрдем берсе, науқас көп жағдайда аман қалады екен.Бұл күтпеген қорытынды пікірді PNAS-қа сілтеме жасап Doctoroz онлайн-баспасы жариялады, оны 20 жылдан астам уақыт бойы жарты миллионнан көп пациенттердің деректерін талдаған ғалымдар жасаған көрінеді.
Ғалымдар – адамның кеудені жерден көтеру жаттығуын жасау ретінен жүрек және қан-тамыр ауруларының қаупін анықтауға болады
Кеудені жерден көтеру жаттығуларын (отжимания) онға дейін де жасай алмайтын адамдарға қарағанда, дәл осы жаттығуды 40-тан да көп жасайтын орта жастағы денсаулығы жақсы ер адамдар жүректің ишемикалық аурулары мен жүрек жетіспеушілігімен аса шалдыға бермейді екен. Бұл туралы JAMA Network Open-де АҚШ-та өткізілген зерттеулердің нәтижесі жарияланған болатын.
Вегетариандық: оның ғылыми түрде дәлелденген пайдасы
Сәнге айналған вегетариандық идеясы және сондай-ақ аскетикалық вегандық ет жейтіндер мен шөп жейтіндер арасында қызу пікірталас туғызуда. Кімдікі дұрыс және адам ет жеуді мүлдем тоқтатса, ол ағзаға қалай әсер етеді? Осы тақырыпқа байланысты көптеген зерттеулер нәтижесінде бірнеше ерекше маңызды өзгерістер туындады, соны айтып берейік.
Вакцинацияның маңыздылығы
Бүгінде елімізде вакцинация мәселесі қызу талқылануда. Бұған себеп жаңа Денсаулық кодексінің жобасында міндетті вакцинацияның қарастырылуы болып отыр.
Вакцинация жайлы шындық пен қауесет
Коронавирусқа қарсы вакциналар бұрын-соңды қолданылмаған жаңа технологиялар арқылы жасалады. Ковидті емдеу үшін инновациялық әдістер қолданылады. Әрине, жаңашылдық құптарлық нәрсе, бірақ, денсаулыққа қатысты болғасын көпшілігінде белгілі бір алаңдаушылықтың болуы түсінікті. Онымен қоса, вакцинация төңірегінде интернетте жалған ақпараттар және дәлелсіз қауесеттер жетерлік.
Вакцина жасау технологиялары
Өткен мақалада біз матрицалық РНҚ негізінде жасалған Pfizer, BioNTech және Moderna компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қарастырдық. Бұл мақалада коронавирусқа қарсы вакцина жасаудың өзге де технологияларын кеңірек қарастыратын боламыз.

Тілді таңдау