Жаңалықтар |
|
---|---|
Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманның Испаниядағы Ұлттық денсаулық сақтау мектебінің профессоры, доктор Антонио Саррия-Сантамерамен сұхбаты
Доктор Антонио Саррия-Сантамера – Испанияның Мадрид қаласындағы ұлттық денсаулық сақтау мектебінің профессоры. Антонио – Сарагосада туып-өскен, сол жерде медициналық білім алған. Ол сондай-ақ Испания мен АҚШ-тың жоғары оқу орындарында денсаулық сақтау бойынша оқыған. Көптеген жылдар бойы Антонио Мадридте бастапқыда ауруханаларда дәрігерлік қызмет атқарып, кейіндері денсаулық сақтау институтының ғылыми қызметкері болып жұмыс атқарған.
|
|
Профилактикалық медицина академиясының президенті, профессор Алмаз Шарманның Сеул ұлттық университетіне қарасты "Гангнам Центр" госпиталінің профессоры, доктор Мин Хи Сукпен сұхбаты
Коронавирус жайында халықаралық сарапшылардың пікірімен таныстыруды жалғастырмақпыз. Біздің бүгінгі қонағымыз — Сеул ұлттық университетіне қарасты "Гангнам Центр" госпиталінің профессоры, медицина ғылымдарының докторы, дәрігер Мин Хи Сук. Дәрігер Миннің 15 жылдық дәрігерлік еңбек өтілі бар. Бұрын ол Корея Республикасы Президентінің отбасылық дәрігері болған.
|
|
Салауатты өмір салтын сақтау бойынша 7 кеңес
Салауатты өмір салты деген жаттығу залдарында көп сағат бойы жаттығу немесе тек салат жапырақтарымен ғана тамақтану дегенді білдірмейді. Біздің айтайын дегеніміз, күнделікті өмірде жеңіл қолданылатын қарапайым және салауатты әдеттерді қалай дамыту керектігі жайында болмақ.
|
|
Сарапшылар арықтағаннан кейін салмақты қалыпты ұстап тұруға арналған тиімді диетаны жариялады
Бостон балалар ауруханасында зерттеуші Кара Эббелинг және оның әріптестері үш түрлі диетаны салыстырды (майлылығы төмен, көмірсулылығы төмен немесе төменгі гликемикалық диеталар), осылардың қайсысы арықтағаннан кейін салмақ түсіп кетудің алдын алатытын және денсаулыққа қауіпсіз болатындығын тексеріп көрді.
|
|
Сингапурдың COVID-19-бен күресудегі тәжірибесі
Сингапурда осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияның шамамен 60 мыңға жуық жағдайы тіркелді, оның 28-іөліммен аяқталды. Бұл миллион тұрғынға шаққанда 5 жағдай ғана, әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.
|
|
Сирек кездесетін генетикалық мутациясы бар Британдық әйел ауырсынғанды сезінбейді екен
Guardian-ның хабарлауынша 71 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Джо Кэмерон өмірінде ешқашан ауырсынғанды сезінбеген екен. Хирург әлгі әйелді генетикалық тестілеуге жібергеннен кейін, дәрігерлер оның бойынан сирек кездесетін мутацияны анықтаған.
|
|
Созылмалы ағымдағы COVID-19-ды өткерген науқастарды оңалту
COVID-19-дың ауыр фазасын өткерген көптеген науқастар уақыт өте әлсіздік, тез шаршағыштық, тұрақты ентігу, жөтел, сондай-ақ сананың бұлыңғырлануы мен есте сақтау қабілетінің бұзылуы сияқты симптомдарды сезінуді жалғастыруда. Мұны ковидтен кейінгі синдром деп атайды.
|
|
Соңғы жылдары коронавирустық және басқа да індеттер неге жиеленіп кетті, сондай-ақ қазіргі пандемияның осындай теңдессіз тез ауқымға ие болуына не себеп?
21 ғасырда біз бірнеше рет коронавирустардан туындаған өте қауіпті індеттермен ұшырасып отырмыз. 2003 жылы атипті пневмония (SARS) індеті, ал 2012 Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS) індеті өршіген болатын.
|
|
Спортпен шұғылдануды бастау қиынға соғып жүр ме? Ендеше сізді шабыттандыратын тиімді әдіс табылды
Әр адамның өмір белестерінде физикалық белсенділігімен байланысты тамаша естеліктері болады: достарымен ашық табиғат аясында серуендегені, спортпен шұғылданғаны және т.б. Нью-Хэмпшир университетінің (Дарем, АҚШ) ғалымдарының айтуынша, мұндай естеліктер адамды белсенді қозғалуға талпындырады екен.
|
|
Спорттық жаттығулар арқылы бір-екі апта ішінде жоғары артериялық қысымды төмендетуге болады
Күніне 30-60 минут жасалатын тұрақты физикалық белсенділік артериялық қысымды сынап бағанасы бойынша 4-9 миллиметрге дейін түсіреді. Нәтижесі әп сәтте. Егер де бұрын Сіздің физикалық белсенділігіңіз төмен болған болса да, жасаған жаттығулардың арқасында бірер аптада тез жақсы нәтижеге жетуге болады. Тіпті жай қарапайым жаттығуларды (мысалы, жаяу жүру немесе күш түсірмей қимыл жасау) 10 минуттан жасасаңыз да көп көмегі тиері сөзсіз
|
|
Суық тиіп тамақ ауырғанда қалай тез айығуға болады
Тамақ ауруын емдеудің және суық тиюдің белгілерінің жеңілдетуінің тамаша тәсілі – ол тамақ ішін тұзды сумен немесе бал мен лимонның ертіндісімен шаю. Егер де сіздің тамағыңыз құрғақ ауа немесе маусымдық суық тиюдің салдарынан ауырса, онда күніне бірнеше рет тамағыңызды шайып көріңіз. Тамақты шаю қабынуды азайтады, қақырықты сиретеді, тіпті барлық тамақ айналасындағы тітіркендіргіштерден тазартуға көмектеседі.
|
|
Таза ауада коронавирусты жұқтыру қаупі төмен болса, жабық орындарда өте жоғары
Жақында 200-дей халықаралық сарапшылар Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына коронавирустың ауа-тамшылы жол арқылы таралатынын растауды ұсынған болатын. Әрине, әлдігінен біздің көпшілігіміз коронавирустың ауа арқылы таралатынын білдік. Алайда, жағдай біршама күрделірек. Әңгіме мынада, коронавирус инфекциясы тамшылар мен аэрозольді жолдар арқылы жұғады.
|
|
Тамақтан кейінгі серуен денсаулыққа пайдалы
Тамақтанғаннан кейін таза ауада жүріп серуендеу – қант диабетін болдырмаудың ең тиімді жолы. Тамақтанғаннан соң жасалатын қозғалыс, жатып тынығуға қарағанда әлдеқайда қандағы қанттың деңгейінің төмендеуіне көмектеседі екен.
|
|
Тұзды күніне қаншалықты тұтыну қажет
Ас тұзының құрамында натрийдің көп мөлшері болады. Ол – ағзаның әртүрлі функцияларына қатысатын маңызды элемент болып саналады. Дегенмен, натрийді үнемі шамадан тыс тұтыну адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуі мүмкін.
|
|
Тұмау: қалай алдын аламыз және онымен қалай күресеміз
Суық түскен уақытта адамдардың көпшілігі тұмауратады және суық тиіп ауырып жатады. Ендеше біз алдымен адамға неге суық тиеді және тұмаудан қалай құтылуға болатындығы жайында әңгіме өрбітетін боламыз.
|
|
Тұмаудан қалай қорғануға болады
Тұмаудың қай-қайсымыздың болмасын айналып өтпейтіні рас. Әдетте суық тие қалса, бір аптаның ішінде ешқандай да арнайы ем қолданбаса да өздігінен кетеді. Бірақ, көбіміз оны болдырмағанын қалаймыз.
|
|
Тұңғыш рет қайтыc болған донордың жатырын cалған әйелден бала туылды
Бразилиялық дәрігерлер әлемде тұңғыш рет инсульттан қайтыс болған әйелдің жатырын баcқа әйелге сәтті трансплантациялады, кейіннен ол әйелден сау бала туылған.
|
|
Тыныс алу жаттығуларының көмегімен өкпенің жұмысын қалай жақсартуға болады?
COVID-19 пандемиясынан кейін көпшілік сау өкпенің біздің күнделікті өміріміздегі маңызды рөлін түсінгендей. Жүректің соғуы, ас қорыту, мидың белсенділігі, сондай-ақ өмірлік маңызды басқа да көптеген функциялар дұрыс тыныс алуға байланысты екен.
|
|
Үй жағдайында коронавирустан қалай емделеміз
Соңғы кездері коронавирусты жұқтырғандардың саны артып келеді. Көптеген жағдайларда инфекция симптомсыз түрде немесе жеңіл белгілермен өтуде. Бірақ, ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түскендер де жоқ емес. Ауру дендеп барады, күн санап науқастар саны көбейіп жатыр. Ақыр соңында көптеген адамдар коронавирустың ойдан шығарылмағанын, шындық екенін түсінгендей. Енді не істемек керек?
|
|
Үйдегі дәрі қобдишасы: оны қолданудағы жиі кездесетін қателіктер
Үйде дәрі қобдишасы міндетті түрде болуы шарт, ол тіпті дені сау адамның өзіне де қажет. Өйткені күйіктен, жарақат алудан, құлаудан, жығылудан және суық тиюден ешкімнің де сақтандырылмағандығы сөзсіз. Өкінішке орай қобдишадағы дәрі-дәрмектерді қалай дұрыс жинап салуды көпшілік біле бермейді. Біз басты қателіктердің тізімін құрған болатынбыз. Егерде сіз осы қателіктердің тым құрығанда екі-үшеуін аңғарсаңыз, әлбетте оны түзетуге тырысыңыз. Бірінші қателік – бұл жарамдылық мерзімі. Барлық медициналық дәрі-дәрмектердің қаптамасында міндетті түрде жарамдылық мерзімі көрсетіліп жазылады.
|
|
Үнді нұсқасы және вакцинация
Соңғы уақытта коронавирус инфекциясының үндістандық нұсқасы Қазақстанда тарала бастады. Ол осы індеттің алдыңғы түрлеріне қарағанда жұқпалы және жиі өлім құштырады деп есептелінеді.
Бірер ай бұрын Үндістанда COVID–19 індетінің ошағы лап ете қалды. Оның себебі не еді? |
|
Ұзақ отырудың зияны қандай
Жұмыста, көлікте немесе үйде күн сайын үзіліссіз тапжылмай отырудың салдарынан денсаулыққа төнетін қауіптің алдын алу үшін аптасына екі жарым сағат физикалық белсенділік таныту керек. Мұндай қорытынды пікірді Сидней университетінің (Австралия) ғалымдары айтты.
|
|
Ұялы телефондар терідегі пигментті дақтарды одан сайын көбейтеді
Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі 19 жыл бойы ми ісіктерінің әртүрлі түрлері жайында жалпы мәліметтерді саралай келе, кейінгі уақыттарда мобильді байланыстың жаппай дамуы басталғаннан бері мидың қатерлі ісігіне шалдығудың өршімегенін қорытынды етті.
|
|
Физика заңдары және коронавирус инфекциясын жұқтыру
Жақында Nature беделді ғылыми журналда екі мақала жарияланған болатын, онда карантиннің және коронавирустық эпидемияға қарсы тұрудың басқа да шектеу шараларының тиімділігі айқын көрсетілген. Бұл шаралар қазірдің өзінде миллиондаған адамдамдың өмірін сақтап қалуға септік етті.
|
|
Физикалық белсенділіктің басты құпиясы – тұрақтылық. Күнделікті өмірде үнемі қозғалыста болуды қалайша үйреншікті етуге болады?
Үнемі физикалық белсенділікте болудың денсаулыққа өте зор маңызы бар екенін ғалымдар тек соңғы онжылдықта ғана дәлелдеген болатын. Мысалы, тұрақты физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары ауруларының, миокард инфарктісі, диабет, обыр және басқа да аурулардың қаупін айтарлықтай төмендететіні мәлім болды. Егер сіз апталық кестеңізге дене жаттығуларын енгізбесеңіз, бұл жағдайда спортпен шұғылдану денсаулығыңызға айтарлықтай әсерін бермейді. Күнделікті іске уақыт әрең жетіп жүргенде тұрақты жаттығуларды жасауға уақытты қалай табуға болады?
|