Бедеулі неке дегеніміз — репродуктивті жастағы ерлі-зайыптылар 1 жыл ішінде ретті түрде жыныстық қатынасқа түсіп, ешқандай жүктілікке қарсы заттарды (контрацептивтерді) қолданбаған кезде жүктіліктің болмауын айтамыз.
Қазіргі таңда әйел және еркек бедеулігі теңесті деуге болады. Бала табуға қабілетсіздік отбасы үшін ауыр психологиялық қайғы болса, жалпы қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік салдары бар күрделі мәселе болып табылады.
Бедеуліктің себептері: Әйелдерде: алғашқы орында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (хломидиоз, микоплазмоз, соз (гонерея), жыныс мүшелерінің ұшығы, мерез және т.б), жүктіліктің алғашқы кезеңінде жасалған түсіктер, несеп-жыныс жолдарда дамып отыратын қабыну аурулары, гормоналдық ауытқулар.Ерлерде шәует белсенділігінің төмендеуі, психосексуалды бұзылыстыр, ұрықтық плазманың жекелеген бұзылысы, ятрогенді себептер, жүйелік аурулар ,тума аномалиялар,варикоцеле,иммунологиялық фактор, эндокринді себептер;
Басқа да маңызды себептері: бұрын ауырған жұқпалы аурулары, бала кезінде шалдыққан аурулар, эндокринді аурулар, жұқпалы ошақтардың бар болуы, Жыныстық жетілудің бұзылуы, жағымсыз экологиялық жағдайлар.
Бұл жағдай жұбайлардың гендік тұрғыдан қаралуын талап етеді. Ішімдікке салыну, темекі шегу, есірткі заттарын тұтыну және несеп жыныс жолдарының дамуындағы туа біткен кемістіктер бедеуліктің негізгі себептері болып табылады.
Бедеулікке әкеліп соқтыратын патология өте күрделі және жан жақты қаралуды, көптеген мамандардан кеңес алуды, әрі ұзақ мерзімді емдеуді талап етеді.
Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды жұқтырудан сақтанып, күтпеген және жоспарланбаған жүктілікті болдырмай (аборттың алдын алу), жұқпалы және созылмалы ауруларды, етеккір айналымының бұзылуы анықталып, емдеу арқылы, кейбір жағдайларда, бедеуліктің алдын алуға болады. Қазіргі заманауи кезеңде көптеген мәселелердің шешімін ойланбай шешуге болады. Соның бірі бедеуліктің адын алып емдеу шараларын ауруды асқындырмай жүргізу болып табылады. Яғни әр азамат өз денсаулығына асқан жауапкершілікпен қарап , дер кезінде ем алып денсаулығына қарау. Бұл біздің болашағымыздың кепілі болып табылады. Ал егер түрлі себептермен ауруды асқындырып, өткізіп алсақ дәрігерлер мұныңда шешімін табуда.
1944 ж. – ең алғаш рет адамның жұмыртқа жасушасына экстракорпаралды ұрықтандыру жасалды.1978 ж. – экстрокорпаралды ұрықтандыру нәтижесінен алғашқы нәресте туылды. (анасы Луиза Браун ). Англияда Борн-Холл клиникасында дәрігер-репродуктолог Патрик Стептоэ және эмбриолог Роберт Эдварстың көмегімен жүргізілді.
1996 ж. – ЭКҰ-дан Қазақстанда алғашқы нәресте туылды.
Экстракорпоральды ұрықтандыру – организмнен тыс ұрықтандыру. Эмбрионды өсіріп, жатыр қуысына қондыру.Бедеулікті емдеудегі қазіргі технологиялар: 1. Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ). 2. Гамета мен эмбриондарды( ұрықты) жасанды жолмен жатыр түтіктеріне орналастыру .3. Еркектік бедеулікті емдеуде гаметаға микроманипуляция(белсенділігін арттыру) жасау: 4. Суррогатты аналық (отбасы тапсырысымен донор-әйел нәрестені құрсағына көтеріп, босанып сәбиді сол отбасына береді).5 Сперматозоидка, жұмыртқа жасушасына және эмбрионға криоконсервация жасау.6 Күйеуінің немесе донордың спермасын жасанды жолмен инсеминациялау (ұрықтандыру)
Интерн: Акушер-гинеколог:Акимбай Бахытжамал , АО НМУ, 7 курс