Бұл қандай ауру? Остеонекроз бұрын аваскулярлы некроз деп аталған. Бұл сүйек тіндеріне қанмен қамтамасыз етілудің төмендеп, не болмаса, тоқтап қалуының салдарынан сүйек тіндерінің қырылуы.
Бұған не себеп болуы мүмкін? Аваскулярлы некроз – остеомиелиттен (сүйек тіндеріне суық тию), жарақаттан (сыну, сүйектің орнынан қозғалуы), сондай-ақ радиациялық аурудан пайда болады. Аваскулярлы некрозға мынадай аурулар да себеп болуы мүмкін: орақ тәрізді торлы анемия, құяң (буынға тұз байлану) және жүйелі қызыл жегі (красная волчанка). Алкогольді ішімдікті және кортикостериод секілді дәрілерді ұзақ қолданса, авакулярлы некроз пайда болуы мүмкін.
Авакулярлы некроздың симптомдарына сан немесе шап жарақатының жай, ақырын ауруы, ақсау немесе қалыпсыз қозғалу жатады.
Тез түрегелгенде немесе жүргенде ауырғаны сезіледі. Әдетте, тынығу ауырғанын басады. Аваскулярлы некрозбен аурған балалардың жамбас бұлшық еттері құрысып, ақсайды немесе ауыр көтере алмай қалады.
Не істеу керектігін, қандай амал қарасстыру керек екенін білу үшін, өзіңіздің тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша хирургқа немесе дәрігерге қаралыңыз.
Тегтер:
остеонероз
сынық
сүйектің орынан қозғалуы
сүйек
аяқ
остеомиелит
бұлшық еттер
торлы анемия
Остенонекроз (сүйектің өліеттенуі) – аваскулярлы некроз (өліеттетену)
Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:31 - (952 Оқылымдар)Бұл қандай ауру? Остеонекроз бұрын аваскулярлы некроз деп аталған. Бұл сүйек тіндеріне қанмен қамтамасыз етілудің төмендеп, не болмаса, тоқтап қалуының салдарынан сүйек тіндерінің қырылуы.