Анықтамасы

Холестеринге талдама жүргізу

Қай кезде тексерілу керек?

Жалпы холестерин

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер (жақсы холестерин)

Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Ескертулер


Холестерин –дененің әрбір мүшесінің құрамында болатын, жұмсақ және балауыз тәрізді зат. Адам ағзасының дұрыс қызмет етуі үшін аз мөлшерде холестерин қажет. Бірақ та қандағы холестерин деңгейінің жоғарлануы артериялардың бітелуіне және жүрек ауруларының дамуына алып келеді

Holesterinru

Қандағы холестерин деңгейін анықтау сізге және сіздің дәрігеріңізге жүрек ауруларының, инсульттің және т.б. аурулардың даму қаупін табуға мүмкіндік береді.

Холестериннің қалыпты деңгейі жүрек қан-тамырларының ауруына, қант диабетіне және басқа да қауіпті факторларға әсер етеді. Сіз үшін ең тиімді жолды тек дәрігер ғана тауып бере алады.

Холесстеринге талдама жүргізу

Холестерин жақсы және жаман болып бөлінеді. Олардың әрқайсысын анықтайтын бірнеше талдау түрлері бар. Бастапқы сынақ ретінде қандағы жалпы холестерин деңгейін анықтау үшін дәрігер сізге қан талдауын жасауы мүмкін. Бұл жағдайда қандағы холестериннің жалпы деңгейі есептеледі.

Сондай-ақ, дәрігер сізге қанның липидті профилін анықтау мақсатында талдау тағайындауылы мүмкін. Ол өз кезегінде келесі анықтамаларды қамтиды:

• Жалпы холестериндер;
• Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин);
• Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер(жақсы холестерин);
• Үшглицеридтерді (қандағы майлардың басқа түрі);
• Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин) кіреді.

Липопротеидер майлар мен ақуыздан тұрады. Олар қанмен холестеринді, үшглицеридті және басқа майларды адамның дене мүшелеріне жеткізеді.

Қай кезде тексерілу керек?

35 жасқа дейінгі ер азаматтар және 45 жасқа дейінгі барлық әйелдер қандағы холестерин деңгейін анықтатуы тиіс. Кейбіреулер өз қалауларымен 20 жасында да тексертсе болады. Ерте жастан холестерин деңгейін анықтау тек мына жағдайларда қажет болады:

• Егер сізде қант диабеті, жүрек аурулары, инсульт және артериалды гипертензия болса, сіз осы талдауларды ертерек жасағаныңыз жөн.
• Егер алғашқы талдау нәтижесі қалыпты болса, онда қандағы холестерин деңгейін әр 5 жыл сайын ғана анықтатып тұрса болады;
• Егер сіз холестерин деңгейін төмендететін препараттарды қабылдап жатсаңыз, онда талдауды жыл сайын жасағаныңыз жөн.

Жалпы холестерин

Жалпы холестериннің қалыпты деңгейі 180-200 мг/дл аралығында немесе одан да төмен болуы тиіс. Егер жалпы холестериннің деңгейі қалыпты болса, сізге қанның липидті профилін анықтаудағы басқа да талдаулар жасаудың қажеті шамалы.

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер (жаман холестерин)

Төмен тығыздықтағы липопротеидтер артерияның бітелуіне алып келуі мүмкін. Сол себептен, оны «жаман» холестерин деп атайды. Төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі төмен болуы тиіс. Бірақта төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі қалыптыдан төменірек болса, жүрек аурулары мен инсульттің даму қаупі жоғарлайды. Қандағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі 190 мг/дл жоғары болса бұл көрсеткіш қалыптыдан артқан деп есептеледі.

70-189 мг/дл арасындағы төмен тығыздықтағы липопротеидтердің деңгейі жоғары деп, келесі жағдайларда есептеледі:

• Егер жасыңыз 40-75 және сізге қант диабеті диагнозы қойылса;
• Қант диабетіне қоса жүрек ауруларының даму қауіпі жоғары болса;
• Сізде жүрек ауруларының даму қауіпі орташа немесе жоғары деңгейде болса.

Егер сіз қаныңыздағы холестерин деңгейін төмендету үшін дәрілер ішіп жүрсеңіз, дәрігерден қосымша кеңес сұраңыз, дәрігерлер оның дұрыс қолдану жолып сізте түсіндіріп береді.
• Дәрігерлердің кейінгі уақыттардағы кеңесіне сәйкес холесстерин –ТТЛП-ның белгеленген дәрежесін қалыптастыру қажет болмайтын көрінеді. Күшті дәрілер науқастарға үлкен қауіптілікпен ұысынылып жатыр.
• Дегенмен, кейбір ұсыныстар белгіленген дәрежеге жету үшін өз дегеніне көндіріп те жатыр

Холестерин-ТЖЛП (жақсы холестерин)

Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы деңгейі жоғары болуы тиіс. Зерттеушілер ерлер мен әйелдердің қандарында жоғары тығыздықтағы липопротеидтер қаншалықты жоғарланса, соншалықты жүректің ишемиялық ауруының даму қауіпі төмендейтінін анықтады.Сондықтан жоғары тығыздықтағы липопротеидтерді «жақсы» холестерин деп атайды. Жоғары тығыздықтағы липопротеидтердің қалыпты деңгейі 40-60 мг/дл тең.

Холестерин-ЛПОНП (Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер) (жаман холестерин)
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің құрамында үшглицеридтер өте көп. Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер артериялардың қабырғасына холестериннің тұнуына мүмкіндік береді, сондықтан оны «жаман» холестерин деп атайды.
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтердің қандағы қалыпты деңгейі 2-30 мг/дл тең.

Ескертулер
Кейбір кезде холестерин деңгейі керісінше төмен болуы мүмкін. Бұл жағдайда дәрігер сізге тамақтану рационыңызды өзгертуге және холестерин деңгейін жоғарлататын препараттарды қабылдауға кеңес береді.

Тегтер:

холестерин
Жалпы холестерин
Төмен тығыздықтағы липопротеидтер
Жоғары тығыздықтағы липопротеидтер
Өте төмен тығыздықтағы липопротеидтер
Үшглицеридтер
қант диабеті
инсульт
Артериалды гипертензия