Жүктелуде...
 

Аяқ - қол проблемаларын тудыруы мүмкін дәрі-дәрмектер

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:25 - (658 Оқылымдар)

Кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері аяқ-қол проблемаларын тудыруы мүмкін. Көбінесе дәрігер басқа дәрі-дәрмектерді тағайындай алады. Сондай-ақ, проблемалардың пайда болу қаупін азайтуға көмектесетін препараттарды қабылдаудағы белгілі бір тәсілдері болуы мүмкін.

Акне

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-19 10:06 - (172 Оқылымдар)

Акне – тері ауры. Ол терінің түкті фолликуласынның өлі клеткалар мен тері майлармен бітелген кезде пайда болады. Бітелген фолликулдарда бактериялар көбейіп, терінің тітіркенуін шақырады.

Акне терінің кез келген аймағында пайда болуы мүмкін. Көбінесе ол бет, мойын, кеуде және арқада кездеседі. Көптеген жағдайларда май бездері көп тері майын бөлетін ерте жасөспірімдік жаста пайда болады. Бірақ кейде олар есейген шақта да болуы мүмкін.

Асқынған респираторлы дистресс синдромы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-13 10:32 - (1518 Оқылымдар)

Асқынған респираторлы дистресс-синдромы (АРДС) – өмірге қауіп төндіретін жағдай болып табылады. Бұл өкпенің айрықша өзгеруімен сипатталады, өкпеге баратын қанның құрамында қажетті оттектің жетіспеушілігінен өкпенің жұмысы бұзылысқа тап болады.

Асқынған панкреатит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-13 10:14 - (263 Оқылымдар)

Асқынған панкреатит – қабынып, асқынған ұйқы безі ауруы.

Бұл сурет – іш қуысының жоғарғы бөлігінің компьютерлік томографиясы. Суретте асқынған қабынудан туындаған (панкреатит) ұйқы безі тіндерінің қабынуы және ісінуі айқын көрінеді.

Адам папиллома вирусынан туындаған ауру

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 11:30 - (479 Оқылымдар)

Адам папиллома вирусы (АПВ) кең таралған вирус болып табылады, ол, кондиломалардың түзілуімен сипатталады. АПВ-ның 100-ден астам түрі бар. Көбісі қауіпті емес, бірақ 30 жуық түрі қатерлі ісікке соқтырады. АПВ жыныс мүшелерін зақымдайды және инфекцияланған адаммен жыныстық қатынас жасағанда таралады. Вирустар қатерлі ісікті тудыруы мүмкіндігі жағынан жоғарғы және төменгі дәрежемен бағаланады. АПВ –ның төменгі қаупті түрі сүйір ұшты кондиломаның түзілуіне жағдай жасап береді. АПВ-ның жоғары қауіпті түрі жатыр мойның, вульваның, қынаптың және әйел адамның анал тесігінің қатерлі ісігін туындатады. Ер адамдарда бұл аурудың салдарынан тік ішекте және жыныс мүшесінде ісік пайда болады.

Көп адамдарда АПВ сүйір ұшты кондилома түзе бермейді, кейде пациенттер ешбір симптом байқамағандығын айтып жатады. Дәрігер сүйір ұшты кондиломаны емдейді немесе жояды. АПВ бар әйелдерді Папаниколау жағындысы бойынша тексергенде ісікке алып келетін жатыр мойының өзгерісін байқауға болады.

Мүшеқаптарды дұрыс қолданғаннан АПВ-ны жұқтыру немесе тарату қаупі азаяды, бірақ одан ауру толығымен тоғытылмайды. Вакциналар АПВ-ның кейбір ісік тудыратын түрлерінен қорғауы мүмкін.

Аденокарцинома

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:40 - (171 Оқылымдар)

Аденокарцинома - ішкі мүшелерді қамтитын жасушалардан басталып, гормон және басқа да заттарды өндіруге қабілетті, яғни секрециялық қызметтерге ие қатерлі ісік түрі.

Аденома

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:39 - (115 Оқылымдар)

Аденома – негізі безді эпителийден (тіннен) құралған залалсыз ісік. Безді тін ағзадағы мүшелерді, бездерді және басқа да құрылымды жауып тұратын тіннің жұқа қабаты.

Аллергиялық реакция

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:32 - (356 Оқылымдар)

Аллергиялық рекция дегеніміз не? Аллергиялық рекция – бұл аллерген деп аталатын, белгілі бір затқа иммун жүйесінің гипперреакция беруі (шамадан тыс әсер беруі). Аллергендер: химиялық заттар, тағамдық азық-түліктер, дәрі-дәрмектер, түрлі өсімдіктер, шаң-тозаңдар болып табылады.

Аллергия және демікпе

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:27 - (256 Оқылымдар)

Демікпе ұстамалары (демікпенің асқынған симптомдары) аллергиялық реакцияның салдарынан орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда, аллергияға бейім адамның тыныс алу жолдарының қабынуы уақытша күшеюі мүмкін.

Аллергия деген не?

Аллергия – бұл адамның иммунды жүйесінің әсер еткен сыртқа факторларға қайтарған жауабы. Ондай сыртқы факторларға: барлық түрлі жағдайларда ойламаған жерден тиіп кеткен заттар, мысалы, өсімдің тозаңы, шаң немесе жүн, тері немесе жануардың сілекейі жатады. Аллергиясы бар адамдардың иммунды жүйесі өзіне жағымсыз заттарды бірден сезеді, негізінде оларды, «аллергендер» деп атайды, олар қаншалықты зиянды болса, ағзаның қалыпты функциясын соншалықты бұзады.

Тілді таңдау