Жүктелуде...
 

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныс мүшесіндегі сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-14 10:36 - (347 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – бұл сүйелдердің пайда болуына ықпал ететін кең таралған вирустар тобы. АПВ-ның жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30-ға жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, ол осы инфекциясы бар адаммен қатынаста болғанна жұғады. Олар қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып екіге бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпі бар АПВ жыныс мүшесіндегі сүйелдердің шығуына себеп болады. Жоғары онкогенді қауіпі бар АПВ қатерлі ісіктің, жатыр мойнының, сарпайдың, қынаптың және айналшықтың (анус) қатерлі ісіктерін тудыруы мүмкін. Ерлерде, жыныс мүшесі мен айналшықтың қатерлі ісігінің туындауына себеп болады.
Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, кей біреулерде симптомдары болмауы да мүмкін. Сіздің жеке дәрігеріңіз сүйелдерді емдеуі де немесе алып тастауы да мүмкін. Әйелдерде Папаниколау жұғындысы бойынша - (Pap-test), қатерлі ісікке шалдықтыратын жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауға болады.
Мүшеқапты дұрыс қолдану АПВ-ның таралуын толық жоймаса да, жұғуын, таралуын едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен де.

Аңқа, тамшылы дренаж

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-29 08:28 - (942 Оқылымдар)

Бұл не болуы мүмкін? Мұрынның тыныс жолдары және қосалқы қуыстары тамақты құрғатса аңқада тамшылы дренаж пайда болады. Мұның салдарынан фарингит, ларингит, жөтел, ауызда жағымсыз иіс, гіжілдеу, кейде ентігу сияқты прблемалар туындайды.

Аңқа, шырыштардың жиналып қалуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-29 07:42 - (809 Оқылымдар)

Бұл не болуы мүмкін? Қабынудың салдарынан немесе потолагиялық процестердің әсерінен мұрын қойнауындағы аңқаға шырыш жиналып қалады. Содан аңқаға жиналған шырыш пайда болады. Мұның салдарынан фарингит, ларингит, жөтел, ауызда жағымсыз иіс, тамақтың қырылы, кейде ентігу де пайда болады.

Ауыздағы метал дәмі (Дисгевзия)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 10:58 - (169 Оқылымдар)

Ауыздағы метал дәмі ауыздың немесе тістің инфекциялық ауруларын туындатуы мүмкін, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, ішкі қызыл ұртта, қызыл иекте пайда болатын т.б. крон секілді басқа аурулармен астасып кетуі де ықтимал.
Ауыз ішіндегі метал дәмі көптеген тұздықтармен араласып жағымсыздық тудыруы да мүмкін. Сондай-ақ, ауызға салып шайнау арқылы қолданылатын медициналық препараттардың да залалдары тиіп жатады. Тағы бір айта кетерлігі, уақытша келетін метал дәмдері тілдің ұшында болады. Басқа да препараттар, құрамында метал элементі бар: флагил, тетрациклин, пенициламин, биаксин, этамбутол, бигуанид, аллопуринол секілді дәрәлер ауыздағы сілекей бездерінің жұмысын бузып, метал дәмінің пайда болуына алып келеді.

Атрофиялық вагинит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:55 - (115 Оқылымдар)

Атрофиялық вагинит – әйелдерде етеккір тоқталған мезетінен соң (менопаузадан кейін) эстрогеннің жеткіліксіздігінен пайда болатын жағдай. Атрофиялық вагинит кезінде қынаптың ішкі кілегей қабаты (эндометрий) жұқарып, нашарлайды. Әйелдердің 40%-ына дейін етеккір тоқталған мезетінен соң атрофиялық вагинит симптомдары көрініс береді.

Анафилакциялық шок (анафилаксия)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:53 - (283 Оқылымдар)

Бұл не? Анафилаксия –адам өміріне қауіп төндіретін және бүкіл организмді зақымдайтын ауыр аллергиялық реакция. Ол ағзаға белгілі бір аллерген әсер еткен сәттен бірнеше секундта немесе минутта дамуы мүмкін. Анафилаксия да астма сияқты тез пайда болатын аллергиялық серпінге жатады. Екеуінің айырмасы: астма тек тыныс алу жолдарын зақымдайды, ал, анафилакция бүкіл организмге таралатын аллергиялық серпін.

А Гепатиті

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 09:48 - (160 Оқылымдар)

Бұл қандай ауру? Гепатит термині бірнеше синдромдармен, аурулармен байланысты, қабынудың салдарынан бауырда болалтын өзгерістермен қатар, вирус туғызатын және ішімдік секілді зиянды қолданымдарға қатысты болып жүр. Гепатит тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттері және дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірі төбе, әрқайсысының өзіндік симптомдары бар.. В және С гепатиттері туралы қосымша ақпарат алу үшін арнайы сайттардан қараңыз: гепатит В және гепатит С.

Ақтаңдақ (Витилиго)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 08:47 - (427 Оқылымдар)

Ақтаңдақ (Витилиго) - бұл тері ауруы, меланоциттер функциясының жоғалуынан немесе төмендеуінен теріде, шашта, көздің торлы қабатында ақ түсті дақтартың дамып кетуін айтамыз. Ауру кез келген жастан басталуы мүмкін, бірақ көбінесе 70%-ы 20 жасқа дейін адамдарда байқалады. Ақтаңдақтың қайдан пайда болатыны, себептері мен механизмдері жайлы сұрақтың жауабы әлі табылмады, сондықтан осы аурудың тиімді және толыққанды емдеу мәселесі осы күнге дейін ақсап тұр.

Аяқ-қолдың ісінуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:40 - (4977 Оқылымдар)

Баяу ісіну әдетте қауіпті емес. Жалпы ісінудің әсерінен буынның қалыпты қозғалысы тұйықталады немесе аяқты созу, бүгу барысында ебедейсіздік пайда болады. Егер ісік үйде-ақ емделсе және ешқандай басқа да симптомдар байқалмаса, онда дәрігерге барып қаралудың қажеті шамалы
Әдетте, аяқ-қолдың ісінуі жиі отырғаннан немесе ұзақ тұрғаннан пайда болады. Ол кейде, күннің ыстығынан немесе суықтан да болып жатады. Орындықта немесе сәл жантайыңқырап отырғанда және ісініп тұрған аяқты жоғары көтеріп қойса мұндай ісіктер тез қайтады.

Адам папилломасының вирусы (АПВ) және жыныстық аумақтағы сүйелдер (үшкір кондиломалар).

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-08 06:33 - (136 Оқылымдар)

Адам папилломасының вирусы (АПВ) – сүйелдердің себебі болатын вирустардың кең таралған тобы. АПВ жүзден астам түрі бар. Олардың көпшілігі қауіпсіз, тек 30 жуық түрі қатерлі ісіктің даму қаупін арттырады. Олар әдетте, жыныстық ағзаларды зақымдайды, жұқпалы жыныстық серіктестен жыныстық қатынаста жұғады. Қатерлі ісікті дамыту қаупі төмен (төмен онкогенді қауіп) және қатерлі ісікті дамыту қаупі жоғары (жоғары онкогенді қауіп) болып бөлінеді. Төмен онкогенді қауіпті АПВ жыныстық аумақтағы сүйелдердің себебі болады. жоғары онкогенді қауіпті АПВ әйелдерде жатыр мойнының, вульваның, іншектің және айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін. Ерлерде пенис пен айналшықтың қатерлі ісігінің себебі болуы мүмкін.

Көпшілік адамдарда АПВ жұққанда жыныстық аумақта сүйел пайда болады, басқаларда симптомдары болмауы да мүмкін. Дәрігер сүйелдерді емдеу немесе алып тастауы мүмкін. Әйелдерде Папаниколау бойынша жұғынды алынады (Pap-test), ол қатерлі ісікке апаруы мүмкін жатыр мойнындағы өзгерістерді анықтауы мүмкін.

Презервативтерді дұрыс қолдану АПВ таралуын толық жоймаса да, едәуір азайтады. Вакцина егу АПВ кейбір түрлерінен қорғайды, оның ішінде, қатерлі ісікке апаратын түрлерінен.

Тілді таңдау