Биттер
Жарияланды 2018-07-17 06:01 - (143 Оқылымдар) -Биттер - басқа адамдармен тығыз қатынас арқылы жұғатын кішкентай жәндіктер (Pediculushumanuscorporis).
Биттердің екі түрі бар: бастағы және қасағадағы биттер.
Биттер - басқа адамдармен тығыз қатынас арқылы жұғатын кішкентай жәндіктер (Pediculushumanuscorporis).
Биттердің екі түрі бар: бастағы және қасағадағы биттер.
Білезік канал синдромы білезіктің ортаңғы нервісісінің қысуынан болатын ауру. Симптомдары – саусақтардың, білезіктің шаншуы, ұйып қалуы, әлсіздігі немесе аурсынуы.
Жүктілік кезінде, гипотиреозда, диабетте, артритте,семіздікте қосарланған ауру ретінде білезік канал синдромы дамуы мүмкін. Дұрыс емес немесе ұзақ уақыт бойы білезік буынының қозғалысынан ортаңғы нерв қысылып, ісік пайда болуы немесе білізік каналы ішілік, білізік каналы маңындағы тіндердің қалыңдауына әкелуі мүмкін. Білезік канал синдромына шалдығатын ең жиі науқастар бұрын соңды білезік буынынан жарақат (әсіресе санықтар) алғандар болып табылады.
Беттің бір жағындағы бірнеше немесе барлық мимикалық бұлшық еттердің қимыл қызметінің бұзылысы орын алғанда бет нервісінің салдануы (параличі) туралы айтылады.
Бел – бұл сүйектерден, бұлшық еттерден және байламдардан тұратын құрылым. Бел дененің жоғарғы және төменгі бөлігін қосатындықтан, ауыр заттарды көтергенде, бір нәрсеге қол созғанда немесе омыртқа бұратылғанда ол жарақаттарға аса бейім. Беліміз ауырсыну пайда болғанда, арқаның икемділігіне, күштілігіне тәуелді екендігімізді түсінеміз. Белімізде ауырсыну пайда болғанға дейін көпшілігіміз арқаның және іштің бұлшық еттерінің ширақтығын сақтаудың маңыздылығы туралы ойланбаймыз.
Барлық адамдардың 85% жуығы белінде ауырсыну сезінген. Көбінесе, белдің ауырсынуы бұлшық еттердің шамадан тыс ширығуының және омыртқа бағанын қолдап тұратын бұлшық еттер мен байламдардың жарақаттарының салдарынан туындайды. Сирек түрде белдің ауырсынуы ауруларға немесе омыртқа бағанының деформациясына байланысты да болады.
Байламдар – қатты, эластикалық құрылымдар, сүйекті өзара қосып, олар буынды орнында ұстайды. Созып алу– байламдардың жарақаты, оның талшықтарының жарылуынан туындайды. Байламдардың жарылуы ішінара немесе толық болады.
Байламдардың созылуы тобық пен тізенің аумағында жиі пайда болады. Созылған байламдар тез ісінеді және ауырсынатын болады. Әдетте, ауырсыну мен ісіну күштірек болса, жарақат та ауыр болады. Көпшілік жағдайда аздаған созылуда жарақатты өздігінше емдеуге болады.
Циррозға шалдыққан адамдарда бауыр жасушалары зақымданады және өздігінше қалпына келу қабілетін жоғалтады. Бауыр жасушалары тіршілігін жойғанда тыртық тіні қалыптасады. Тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады.
Әдетте, улы заттектер мен алмасу өнімдері бауыр арқылы өткенде сүзгіленеді. Себебі, тыртық тіні аса ұлғайғанда бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады, қан сүзгіленбейтін болады. Улы заттектер және алмасу өнімдері организмде жинақталады. Ауыр жағдайларда цирроз комаға және өлім-жітімге апарады.
Бастың сақина ауруы бас ауруының жиі кездесетін түрі, жүpек айнуы, құсу немесе жарыққа сезімталдық секілді симптомдармен қосарланады. Адамдардың көпшілігінде бастың бір жағында болатын, солқылдаумен қосарланатын ауырсыну сезіледі.
Сақинасы бар кейбір адамдарда бас ауруының пайда болуына дейін «аура» аталатын белгі беретіндей симптомдар болады. Аура – бас ауруының пайда болуы жайлы белгі беретін симптомдар тобы, көру бұзылыстарын қоса.
Бастың немесе мойынның аумағындағы жайсыздықты бас ауруы деп атайды. Бас ауруының себебі, көбінесе, күрделі емес. Күнделікті өмір салтын өзгертіп, түрлі релаксация әдістерін үйреніп немесе дәрі препараттарын қабылдап, бас ауруына шалдыққан адамдардың көпшілігі өзін жақсы сезінеді.
Іштің өтуін туындататын вирустық жұқпалардың көпшілігі әдетте, емдеусіз де жойылады. Үйде болып, сусыздануды болдырмас үшін сұйықтықты көбірек ішу қажет. Балада организмнің сусыздануы дамыса, ауруханаға жатқызып,іш өтуінен, құсу мен қызбада жоғалтқан сұйықтықты толықтыру үшін оны тамыр арқылы енгізу қажет болуы мүмкін.
Дәрігерге көрінгенде, баланың нәжісіне талдау жасау қажет, бұл инфекцияның түрін анықтау үшін қажет. Дәрілік препараттарды қабылдау қажеттілігі аурудың себебіне байланысты. Егер балада паразиттік инфекция болса, дәрігер паразиттерге қарсы препараттарды тағайындайды. Вирустардан және бактериялардың көптеген түрлерінен болған ішек инфекциялары емдеуге мұқтаж емес. Бірақ, иммундық жүйесі әлсіз адамдарға инфекцияны организмге таратпас үшін антибиотик тағайындалуы мүмкін.
Ата-аналарға баласында аппендицит бар екенін білу қиынға түседі. Басында ауру гастроэнтеритке ұқсайды. Классикалық белгілері – іштің ауырсынуы, қызба және құсу. Сирек жағдайда іштің өтуі пайда болуы мүмкін.
Басқа айқын белгісі (бірақ, үнемі бола бермейді) кіндік тұсында пайда болатын ауырсыну, біртіндеп ұлғайып, іштің төменгі оң жағына қарай ауысады.
Баланың іші кеуіп, ұстағанда сезімтал болуы мүмкін, егер қабынған аппендиксі аяққа баратын бұлшық етті тітіркендірсе, бала оң жағына ақсаңқырап, немесе оңға қарай қисаюы мүмкін.