Жүктелуде...
 

Геморройдың алдын алудың тиімді әдістері

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:22 - (189 Оқылымдар)

Құрметті дәрігер:

Геморройды өзіндік емдеудің қандай әдістерінің бар екендігін айтып бере аласыз ба?

Құрметті оқырман:

Геморрой – өте кең таралған және әбден жетер жеріне жетіп болған сырқат. Бақытымызға орай, аурудан туындаған ыңғайсыздықты азайтуға жеткілікті қарапайым және тиімді әдістер бар, олар да геморройды емдеуге үлес қосады.

Геморрой

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:16 - (256 Оқылымдар)

Геморрой – айналшық пен тік ішектің төменгі бөлігіндегі веналардың кеңеюінен туындайтын ауру.

Геморрой өте кең таралған ауру болып саналады. Бұл анал тесігі аумағына аса қатты қысым түскендіктен пайда болады. Бұл жағдай жүктілік кезінде, босану кезінде, сондай-ақ іш қатуынан да туындауы мүмкін. Қысым қалыпты тамырларды кеңейтіп, айналшық аумағындағы тіндердің ісінуін тудырады. Жиі ішек толқи жиырылуының әсерінен бұл тіндер қансырауы мүмкін.

Гипотиреоз

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 03:48 - (344 Оқылымдар)

Гипотиреоз - бұл қалқанша безінің гормондарының жеткіліксіз өндірілуінен туындайтын ауру. Бұл жағдайды ылғи да қалқанша безінің гипофункциясы деп атайды.

Гипотиреоз - бұл ағзаның барлық функцияларына әсер етуі мүмкін қалқанша безінің белсенділігінің төмендеуімен сипатталатын жағдай. Гипотиреоз кезінде метаболизмнің деңгейі төмендейді, бұл ақыл-ой мен физикалық функциялардың баяулауына әкеледі. Гипотиреоздың ең ауыр түрі - миксема, оған шұғыл медициналық көмек қажет.

Гингивит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-14 07:27 - (8494 Оқылымдар)

Гингивит – қызыл иектің қабынуы.

Қызыл иектің қабынуы гингивит деп аталады. Тістің айналасына жиналған кірдегі бактериялар ферменттер (коллагеназдар) түзеді. Олар қызыл иектің тіндерін зақымдап, шірітеді. Инфекцияланған қызыл иек жағымсыз иіс шығарады, аздап қанайды, тістен ажырай бастайды. Тістің көп түсуі, тіс жегінің зақымынан емес, қызыл иектің ауырғанынан пайда болады.

Гиппель-Линдау ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-02 10:34 - (775 Оқылымдар)

Гиппель-Линдау ауруы сирек кездеседі. Бұл ауру – генетикалық ауру, ағзада ісік және жылауықтың өсуімен сипатталады. Ісігі – қауіпті және қауіпсіз болып екіге бөлінеді. Олар омыртқа және бас миды, бүйректі, ұйқы безін, сондай-ақ ерлердің жыныстық мүшесін зақымдайды. Аурудың симптомары олардың орналасу ерекшелігі мен көлеміне байланысты болады. Симптомдары – бас ауруымен, жүрістен жаңылу проблемаларымен, бас айналумен, аяқ-қолдың әлсіреуімен, көрудің нашарлауымен және жоғары артериялық қысыммен сипатталады.

Гиппель-Линдау ауруын барынша ерте анықтап, емін қолға алу керек. Әдетте бұл ауруды хирургиялық жолмен, кейде сәуле терапиясымен емдейді. Ең басты емдеу шарасы ісікті ерте бастан қайтаруға бағытталады. Егер ісік үлкеймей тұрып, денсаулыққа залалын тигізбей тұрып емдессе ауру адам өміріне қауіп төндіре қоймайды.

Гепатиттер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-04 10:43 - (337 Оқылымдар)

Гепатит термині бірнеше синдромдармен, аурулармен байланысты, қабынудың салдарынан бауырда болатын өзгерістермен қатар, вирус туғызатын және ішімдік секілді зиянды қолданымдарға қатысы бар. Гепатит тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттері және дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірі төбе, әрқайсысының өзіндік симптомдары бар.Вирусты гепатиттің ең көп таралған түрі - В гепатиті. Ең қауіпті формадағы гепатит А гепатиті болып табылады. С гепатиті аталған екі формасынан да ең қауіптісі болып саналады.

Гипертониялық криздер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-09-25 07:22 - (10707 Оқылымдар)

Гипертониялық криз - вегетативті бұзылыстардың барысында ми және жүрек қан айналымдарының бұзылуы асқынып, артериялық қан қысымының кенеттен көтерілуін айтады.

Гипертониялық криз кез-келген гипертониялық ауруы бар немесе симптоматикалық артериялық гипертония кезінде дами алады. Кейде сау адам да гипертониялық кризге ұшырауы мүмкін.

Гастрит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-09-21 06:08 - (4641 Оқылымдар)

Өңеш, асқазан, тоқ ішек және аш ішектердің барлығы бауыpдың, өт қабының және ұйқы безінің көмегімен ішке түскен асты айналдырып, қажет емес компоненттерді бөлшектеп, қалдық бөліп, шығарып жатады.
Гастрит - асқаазанның шырышты қабығының қабынуынан пайда болады.
Пайда бола салып, жылдам дамитын гастритті жедел гастрит дейді. Ал айлап, жылдап жалғаса ауыра беретін гастритті созылмалы гастрит деп атайды.

Гиперметропия (алыстанкөргіштік)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-09 10:06 - (739 Оқылымдар)

Гиперметропия (жақындағыны көре алмай, керісіншеалыстағыны жақсы көре алу) – бұл көру жүйесінің бұзылуы. Бұған шалдыққан адам жақындағыны нашар көреді де, алыстағынын тәуір көріп тұрады. Дегенмен, жоғары деңгейлі гиперметропияда науқас алшақ заттарды да нашар көреді.

Гинекомастия

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-09 09:53 - (252 Оқылымдар)

Гинекомастия дегеніміз не?
Гинекомастия - ерлердегі сүт бездерінің ұлғаюы. Әйелдік эстроген гормонының молайып, без жасушаларының ісініп кеудені өсіруінен немесе еркектік тестостерон гармонының жетіспеушілігінен болады бұл ауру.