Жатыр мойнының қатерлі ісігі
Жарияланды 2018-11-26 03:49 - (12475 Оқылымдар) -Жатыр мойны - әйелдің өндірістік орны болып табылады. Ол жатырдың төмен орналасқан тар бөлігі. Жатыр – өзі толық бір мүше болып саналады, оның кейпі алмұрт тәріздес. Орналасқан жері - құрсақ құысының төменгі бөлігінде. Жатыр мойны жатырды қынаппен байланыстырады. Қынап мүшенің сыртқы айналасын толық қамтиы. Мойындық арна байланыстырушы түтік болып табылады. Ол арқылы әйелдің етеккірі кезінде жатырдағы қан қынапқа келеді. Жатыр мойнында да шышыш өндіріледі. Шырыш шәуеттің қынаптан жатырға қарай көтерілуіне жағдай жасайды. Жүктілік кезінде жатыр мойны іштегі ұрықты ұстап тұру үшін мығым жабылып тұрады. Босану кезінде мойындық баланы қынаптан шығару үшін керіледі (ашылады).