Жүктелуде...
 

Көкжөтел

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-21 03:23 - (918 Оқылымдар)

Көкжөтел - бұл жоғары тыныс алу жолдарының жұқпалы инфекциясы (Борде-Жангу немесе паракоклюш бактериясы ). Ол әсіресе жұтқыншақтың артқы жағына орналасқан мұрын жолдарында пайда болады. Инфекциядан жоғары тыныс алу жолдары тітіркеніп, тыныс алу барысында қатты жөтел қысып, қырылдаған немесе үрген дауыс қоса шығады.

Кекірікке, газдың жиналуына немесе іштің кебуіне әкеп соқтыратын дәрілік препараттар

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:33 - (727 Оқылымдар)

Тағайындалған және тағайындалмаған препараттар, сондай-ақ диеталық препараттар ішті газдау, кептіру кезіндегі мынадай жағымсыз әсерлерге әкеледі:

• Ауырсынғанды қатты сездірмейтін наркотикалық препараттар.
• Имодиум, каопектейт и ломотил секілді дияреяны емдеуге қолданылатын дәрілік препараттар. Бұл қоспаларды шамадан тыс, аз уақыт аралығында көп пайдаланған жағдайда, көбіне газ бен іштің кебу сезіміне әкеп соқтырады.
• Цетрусель немесе Фиберкон секілді жаппай өндіріс құралдары.
• Темірқұрамдас қоспалар.

Катаракта

Автор: translator - Жарияланды 2018-12-20 04:05 - (3331 Оқылымдар)

Катаракта - көз бұршағының ауыртпалықсыз бұлыңғырлануы. Әдетте, көз бұршағы мөлдір болып келеді және жарықты толық өткізеді.

Көз бұршағының бұлыңғырлануына байланысты катаракта болған кезде, жарық көз алмасының ішкі ортасына көз торының (көздің артындағы жүйке тінінің қабатының) ішіне дейін ене алмайды. Бұл көз көруінің бұзылысына әкеледі.

Кекештік

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 11:20 - (229 Оқылымдар)

Кекештік – бұл адамның дұрыс сөйлей алмауы. Мысалы, сөйлегенде, дыбыстарды, буындарды, сөздерді немесе сөйлемдерді еріксіз қайталап отырады, сондай-ақ, дыбысты созып айтады. Және де сөйлегенде еріксіз тоқтаулар орын алады (сөйлеу жылдамдығы жоғалады).

Кеуде қуысының ауырсынуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-26 12:08 - (364 Оқылымдар)

Кеуде қуысының ауырсынуы – кеуде қуысын құрайтын бұлшықеттерде, сүйектерде және шеміршектерде болатын ауырсыну сезімін айтады. Бұл ауырсыну кеуденің арнайы бір бөлігінде болады және сол жерге қысым түскенде арта түседі.

Көзге желімнің түсуі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-21 04:56 - (666 Оқылымдар)

Көзіңізге желім түскен жағдайда ол сізге қиындық тудырады, ал оны кетіру үшін жасалған емдер көзіңіздің зақымдалуына әкеп соқтыруы мүмкін. Көптеген желімдерді сумен жуып кетіруге болады. Супер желімді медициналық жолмен кетіру қажет. Көздегі желімді кетіру үшін офтальмологқа қаралуға болады.

Көмей қатерлі ісігі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 05:04 - (8619 Оқылымдар)

Материал медицина ғылымының профессоры Алмаз Шарманның АҚШ-тың Ұлттық онкология иститутындағы «Көмей қатерлі ісігі жайлы не білуге болады» атты мақаласының негізінде дайындалды. (What do you need to know about throat cancer).

Көмей__ – мойынның алдыңғы бөлігінде орналасқан, кеңірдектің жалғасы болып табылатын мүше. Оны сонымен қатар - дауыс қорабы деп те атайды. Ересек адамның көмейінің көлемі 5Х5 см болады. Көмей кеңірдектен жоғары, өңештің алдында орналасқан.

Көмей дауыс байламдарын түзуге қатысатын, 2 бұлшықетті талшықтардан тұрады. Көмейдің алдында орналасқан шеміршекті құрылым – жұтқыншақ деп аталады.

Тілді таңдау