НӘРЛІ ТАМАҚТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Жарияланды 2019-04-03 02:33 - (3018 Оқылымдар) -Автокөліктің қозғалысқа келтіруші бөліктері секілді адамның бұлшық еттері де отынды - қуат көзін қажет етеді. Адамда бұл қуат көздері — ішілетін тағам, сондай-ақ май мен глюкоза түріндегі организмнің қуат қорлары.
Қуаттан өзге организм тамақпен бірге өсу, даму, сондай-ақ денсаулықты сақтау үшін қажетті ақуыздар, дәрумендер, минералдық заттар секілді көптеген заттарды қабылдайды.
Адам күн сайын 2 кг шамасында тағам қабылдайды. Бұл өмір бойы біздің асқазан-ішек жолымызбен жүріп, организмімізге түсетін тағамдық заттар шамамен жетпіс тонна болады деген сөз. «Ас адамның арқауы» дегенді жиі айтамыз. Сондықтан денсаулық пен ұзак өмір үшін сапалы және тиімді тамақтану маңызды.