Жүктелуде...
 

Омыртқа аралық дискінің жарығы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:16 - (145 Оқылымдар)

Омыртқалардың арасында шағын, дөңгелек жалпақ дискілер болады. Осы дискілердің жарақаттан, қалыпты тозудан, немесе аурудан зақымдануында олар шығыңқы күйге түседі. Бұл жағдай омыртқа аралық дискінің жарығы аталады.

Омыртқа дискілері жас ұлғайған сайын – құрғақ, иілгіш және әлжуаз бола түседі. Жарақат пен ұзақ уақыт бойғы жүктеме дискінің сыртқы жабындысында кішкентай саңылау болуын үдетеді.

Обсессиялық-компульсиялық бұзылыс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:50 - (236 Оқылымдар)

Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс – психикалық бұзылыс, мезі қылатын ойлармен, естеліктермен, қимыл-әрекеттермен, сондай-ақ, түрлі патологиялық үрейлермен сипатталады (фобиялармен).
Әр адам қандай да бір нәрсені кейде тексереді. Мысалы, үйден кетерде газды өшіргендігіңізді екі рет тексеруіңіз мүмкін. Алайда бұл бұзылысқа ұшыраған адамдардың әр нәрсені қысқа уақыт ішінде бірнеше рет тексеруге немесе белгілі бір әрекеттерді қайталауға қажеттілігі болады, бұл әдеттегі өміріне зиян әкелуі мүмкін.

Ұдайы қайталанатын ойлар – обсессия аталады. Мұндай ойларды бақылау үшін адам белгілі бір әрекеттерді орындағысы келеді – бұл компульсия аталады. Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыстан зардап шегетін адамдар өздерінің ойлары (обсессия) мен әрекеттерін (компульсия) бақылай алмайды. Бұл қылықтар адамды бақылайтындай күйге апарады.

Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс ерлер мен әйелдерді бірдей зақымдайды және көбінесе, балалық, жасөспірімдік және ерсек шақтың басында көрініс береді. Әдетте, бұл ауру адамның жасы толысқан шағында анықталады.

  • 1
  • 2
  • 3 (ағымдағы)
  • »

Тілді таңдау