Жүктелуде...
 

Пресбиакузис (кәрілердегі құлақ мүкістігі)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:28 - (164 Оқылымдар)

Кәрілердегі құлақ мүкістігі – жас шамасына байланысты жоғары жиіліктікті есту қабілетінің үдемелі түрде жоғалуы болып табылады. Бастапқы симптомы сөйлеуді қабылдаудағы қиындықтардың болуы (әсіресе фондық шу жағдайында).

Кәріліктегі есту қабілетінің жоғалуына нақты себептің бар-жоғы белгісіз, мысалға қатты шудың ұзақ уақыт болуы әсерін алсақ та. Алайда, бұл генетикалық бейімділік ретінде көрінеді, өйткені отбасылардағы адамдарда пресбиакузистің пайда болу үрдісі байқалып жатады.

Простатит

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:23 - (354 Оқылымдар)

Простатит – бұл ерлерде қуықтан төмен орналасқан жаңғақ тәрізді мүше қуық асты безінің қабынуы болып табылады. Қуық асты безінің көп бөлігі ұрық сұйықтығын бөледі.

Жиі простатиттің себебі белгісіз болып жатады. Простатиті бар ер адамдардың көбісінде қабыну белгілері болмайды, сондықтан оның нақты себебін анықтау мүмкін емес.
Простатиттің себебі инфекция немесе инфекциямен байланысты емес қабыну болуы мүмкін. Ол жедел (қысқа мерзімді) немесе созылмалы (ұзақ мерзімді) болуы мүмкін.

Пурпура

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-20 04:06 - (125 Оқылымдар)

Пурпура – бұл кенеттен қандай да бір жарақаттың әсерінсіз жергілікті немесе кеңінен таралып пайда болатын ауыр гематома. Пурпура пайда болатын адамдарда жиі басқа аурулардың белгілері кездеседі, мысалы, қызба, қатты шаршағыштық немесе белгісіз бір ауырсыну сезімі (мазасыздық).

Паротит («мысқыл»)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:05 - (1490 Оқылымдар)

Паротит (син. эпидемиялық паротит) - бұл вирустар шақыратын, құлақ пен жақ сүйегі арасында орналасқан сілекей (құлақ маңы) бездерін зақымдайтын, кейде ерлердің жыныстық бездерін де зақымдайтын (орхит) жұқпалы инфекциялық ауру. Бездер вирустардың әсерінен ісініп, қызметі төмендеп кетеді.

Преэклампсия

Автор: student_k - Жарияланды 2018-10-30 08:26 - (470 Оқылымдар)

Преэклампсиялар – деп, жүкті әйелдердің 20-сыншы аптасында (яғни, 2-ші және 3-ші үш айлығында) болатын артериялық қысымның көтерілуін және несепте ақуыздың пайда болуын айтады.

Приапизм – ұзақ эрекция

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:52 - (263 Оқылымдар)

Приапизм деп жыныстық мүшенің ұзақ уақыт бойғы эрекциясын атайды. Жыныстық ынталандырудан немесе қозудан болмаған, қажетті емес, тұрақты эрекция (приапизм) әдетте, ауырсынумен өтеді.

Приапизм – қалыпсыз жағдай, тез арадағы медициналық көмекті қажет етеді. Эрекцияны қолдауға қабілетсіздікке (эректильдік дисфункция) апаратын тіндердің зақымдануын болдырмас үшін уақытылы емдеуді өткізу қажет. Приапизм көбінесе, 5-10 жастағы ұлдар мен 20-50 жастағы ерлерде пайда болады.

Позициялық бас айналуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:45 - (129 Оқылымдар)

Позициялық, қатерлі емес бас айналуы – бас айналуының жиі кездесетін түрі. Бас айналуы – өзіңнің немесе айналадағы заттардың қозғалуын сезіну. Ол басты белгілі бір жағдайда орналастырғанда пайда болуы мүмкін.

Подагра

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:40 - (134 Оқылымдар)

Подагра – несеп қышқылының кристалдарының бір немесе бірнеше буындарда жинақталуымен сипатталатын артриттің түрі. Несеп қышқылы организмдегі пуриннің ыдырауының соңғы өнімдері. Бұл заттек әдетте, қанда ыдырайды және несеппен шығарылады. Подаграға шалдыққан адамдарда несеп қышқылы жинақталады, кейін олардан буын қуыстарында үшкір кристалдар жинақталады. Осыдан барып зақымданған буындарда ауырсыну және ісіну пайда болады.

Плеврит және плевраның басқа аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:25 - (312 Оқылымдар)

Плеврит – плевраның қабынуы дамитын ауру. Плевра – тіндердің екі үлкен қабатынан тұратын қабық. Бір қабат өкпенің сыртқы бетін жабады. Екінші қабат кеуде қуысының ішкі бетін жабады.
text
Плевра қабаттарының арасында өте жұқа кеңістік бар, ол плевра кеңістігі аталады. Қалыпты жағдайда бұл кеңістік сұйықтықтың үлкен көлемімен толған болады – 4 шәй қасыққа жуық к-лемде. Сұйықтық плевраның екі қабаттарына тыныс алу кезінде бір-бірімен тегіс жанасуына көмектеседі.

Плевраның эмпиемасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:18 - (283 Оқылымдар)

Плевраның эмпиемасы - өкпе мен кеуде қабырғасының ішкі беті арасында орналасқан плевра қуысында іріңнің жиналуы.

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады, өлшемі үлкенірек.

Эмпиема – табиғи анатомиялық қуыстардағы іріңнің жиналуы, экссудативті плевриттің бір түрі, плевраның ішкі және шеткі жапырақтарының арасында ірің сұйықтығының жинақталуымен өтеді.

Тілді таңдау