Жүктелуде...
 

Розацеа (қызғылт безеу)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-12-24 06:51 - (3525 Оқылымдар)

Розацеа (қызғылт безеу) – беттің қызарып ісінуімен сипатталатын, терінің созылмалы ауруы. Сондай-ақ, оның сыртқы түрі безеуге ұқсас ісіктің және жараның пайда болуымен көрініс береді.

Ревматизм

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-15 05:19 - (128 Оқылымдар)

Ревматизм – дәнекер тіннің стрептококктық бактерияларының А тобының белгілі штаммдарымен жүйелі зақымдану нәтижесінде болатын, стрептококктық инфeкциялар тудыратын, көбінесе стрептококкпен шақырылған баспадан (ангинадан) емделмегеннен пайда болатын инфeкционды-аллeргиялық ауру. Баспаны дұрыс емдеу ревматизмнің дамуына жол бермейді. Сондай-ақ, бұл жерде тұқым қуалау факторы да маңызды рөл атқарады.

Ретенирленген тіс

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-15 05:18 - (166 Оқылымдар)

Ретенирленген тіс – ол толығымен жарып шықпаған тіс. Ретенция (шыға алмау, кідіру) негізі үшінші азу тістерінде (ақыл тіс) немесе басқа да артқы тістерде болады; алдыңғы және бүйір тістердің шыға алмауы өте сирек болады.

Ретенирленген тіс қиындықтар туындырмауы мүмкін. Ал егер ол қиындықтар тудыратын болса (инфекция немесе аурысыну дегендей), бұл жағдайда ол тісті алып тастау үшін операция қажет болады.

Розеола (қызғылт дақ)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:20 - (230 Оқылымдар)

Розеола - бұл вирустық инфекция, әдетте, емшек еметін және жас сәбилерде кездеседі. Қызғылт-қызыл бөріткенмен және жоғары температурамен сипатталады. Розеола – бұл қызамық емес; бұл аурулардың арасында сәл айырмашылық бар. Розеола қауіпті емес, симптоматикалықтан басқа емдеуді қажет етпейді, тез уақытта өздігінше өтеді.

Рейно ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:14 - (285 Оқылымдар)

Рейно феномені – қантамырларының, көбінесе, қолдың саусақтарындағы және аяқтың бақайларындағы тамырлардың зақымданатын ауруы. Бұл кезде қантамырлары тарылады.

Реактивтік артрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 07:00 - (424 Оқылымдар)

Реактивтік артрит – бұл буындарды, несеп шығару каналын және көзді зақымдайтын ауру. Зақымданған бөліктер ісініп, қабынады. Көбінесе, реактивтік артрит инфекцияға жауап ретінде пайда болады.