Склеродермия
Жарияланды 2018-10-05 11:00 - (151 Оқылымдар) -Склеродермия – бұл сирек кездесетін ауру. Терінің белгілі бір аумағы, буындар және қантамырлар зақымдалып, талшықты дәнекер тінге айналады.
Склеродермия – бұл сирек кездесетін ауру. Терінің белгілі бір аумағы, буындар және қантамырлар зақымдалып, талшықты дәнекер тінге айналады.
Скарлатина (жәншау) – ауруы көбінесе тамақтың стрептококкты қабынуын өткерген 2-10-жас аралығындағы балаларда кездесетін ауру. Скарлатинаның себебі әртүрлі стрептококкты бактериялардан бөлінген улардың әсерінен болады.
Созылмалы шаршау синдромы - бұл адамның басылмайтын, ауыр шаршағыштық жағдайы. Бұл күнделікті тұрмыстық әрекеттерге де едәуір кедергі келтіреді. Шаршау синдромы физикалық жүктеменің нәтижесінен бола бермейді. Себебі бұлай шаршай беру демалғаннан басылмайды.
Созылмалы шаршау синдромының себебі әлі белгісіз.
Құлағанда санмен түссең немесе тікелей соққы келіп жамбасқа немесе тізеге тисе, не болмаса, аяқты байқаусызда қайырып алсаң, бұдан ауыр жарақат алуың мүмкін. Ауыр жарақат кезінде соққы алған жер жансызданып қалғандай ауру сезімін сезеді және ол жамбастың сынуы да болуы мүмкін (жамбас-сан буындары сүйектерінің сынуы) немесе; жамбастың (жамбастың сынуы) мүмкін; сондай-ақ үзілмелі сынық, жамбас-сан буындарының тайып кетуі, жамбас-сан сіңірлерінің созылуы, шаптың немесе бөксенің бұлшық еттерінің созылуы, гематоманың түзілуі (қатты көгеру) болуы қаупі бар.
Отырғанда немесе тұрғанда жамбас-сан буындарының ауырсынбай сықырлауы (жарақат алғанда емес) мықын-асықты жілік байлам синдромымен сипатталады.
Септикалық бурсит (инфекциялық бурсит) – синовиальді қалта сұйықтығындағы инфекция. Синовиальді қалта буынның еркін серпілуіне және белгілі бір байламдарда қажалыстың болмауына ықпал етеді. Сол үшін ол – тіндерді, сүйекті, сіңірлерді, шеміршектерді, бұлшық еттерді, сондай-ақ теріні сұйықтықпен қамтамассыз етеді.
Сепсис – белгілі бір инфекцияның қанға, лимфаға, жасушаларға таралуына байланысты иммунды жүйенің жоғарлаған реакциясы. Ауыр сепсис қан қысымының жиі төмендеуіне себепкер. Ол ағзадағы қанайналымның бұзылуын туындатып, нәтижесінде ағзалық жетіспеушілікке, тіпті арты өлімге әкеп соқтыруы мүмкін
Сүт безі қабырғаларды қоршап жататын кеуде бұлшықеттерінде орналасқан. Әр сүт безі 15-20 бөліктерден тұрады. Бөлік көптеген бөлікшелерден тұрады. Бөлікшелер сүт шығара алатын кішкентай бездердің топтарынан тұрады Бөлікшелерде пайда болған сүт жіңішке түтікшелер арқылы ағып, емшек ұшына барады. Емшек ұшы – емшектің дәл ортасындағы домалақ қара түсті терісі. Май тіні – бөліктермен түтікшелердің арасындағы бос кеңістіктерді жауып жатады.
Гепатит термині бірнеше синдромдармен, аурулармен байланысты, қабынудың салдарынан бауырда болалтын өзгерістермен қатар, вирус туғызатын және ішімдік секілді зиянды қолданымдарға қатысы бар. Гепатит тудыратын вирустарға А, В, С, Е вирусты гепатиттері және дельта факторы жатады. Жоғарыда аталған вирустардың әрқайсысы бір-бірі төбе, әрқайсысының өзіндік симптомдары бар.
Сілтілерге әктас, гипс, әктас ертіндісі, пеш және су құбырларын тазалағыштар, ыдыс-аяқ жуғыш машиналарға арналған ұнтақтар, тыңайытқыштар, «бенгал алауының» ұшқыны жатады. Олар түрлеріне қарай, сілтінің күшімен және денемен әрекеттесу ұзақтығына қарай аз уақыттың ішінде ауыр зардаптарын тигізуі мүмкін. Сілті химикаттары тері қабаттарына терең еніп, зақымдай алады.
Семіздік – бұл кешенді проблема. Адам организміндегі май құрамының шамадан тыс көбейіп кетуінен пайда болатын құбылыс. Және соның салдарынан денсаулыққа зиян тиіп жатады. Семіздік адамның бойы мен салмағының аражігін көрсететін, дене салмағының индексімен (ДСИ) өлшенеді. ДСИ салмақ киллограмын, бойдың шаршы метріне (кг/м2) бөлу арқылы есептейді. ДСИ бойынша 18,5 кг/м2- - тан аз көрсетсе, бұл – жағдай энергетикалық жетіспеушілікке жатқызылады; егер көрсеткіш 18,5-тен 30 кг/м2 –қа дейінгі көлемде көрсетсе, онда дұрыс. Ал ДСИ тура 30 кг/м2 - қа тең болса, немесе, одан асып кетсе, мұны семіздік деп айтады.