Жүктелуде...
 

Позициялық бас айналуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:45 - (136 Оқылымдар)

Позициялық, қатерлі емес бас айналуы – бас айналуының жиі кездесетін түрі. Бас айналуы – өзіңнің немесе айналадағы заттардың қозғалуын сезіну. Ол басты белгілі бір жағдайда орналастырғанда пайда болуы мүмкін.

Подагра

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:40 - (140 Оқылымдар)

Подагра – несеп қышқылының кристалдарының бір немесе бірнеше буындарда жинақталуымен сипатталатын артриттің түрі. Несеп қышқылы организмдегі пуриннің ыдырауының соңғы өнімдері. Бұл заттек әдетте, қанда ыдырайды және несеппен шығарылады. Подаграға шалдыққан адамдарда несеп қышқылы жинақталады, кейін олардан буын қуыстарында үшкір кристалдар жинақталады. Осыдан барып зақымданған буындарда ауырсыну және ісіну пайда болады.

Плеврит және плевраның басқа аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:25 - (319 Оқылымдар)

Плеврит – плевраның қабынуы дамитын ауру. Плевра – тіндердің екі үлкен қабатынан тұратын қабық. Бір қабат өкпенің сыртқы бетін жабады. Екінші қабат кеуде қуысының ішкі бетін жабады.
text
Плевра қабаттарының арасында өте жұқа кеңістік бар, ол плевра кеңістігі аталады. Қалыпты жағдайда бұл кеңістік сұйықтықтың үлкен көлемімен толған болады – 4 шәй қасыққа жуық к-лемде. Сұйықтық плевраның екі қабаттарына тыныс алу кезінде бір-бірімен тегіс жанасуына көмектеседі.

Плевраның эмпиемасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:18 - (288 Оқылымдар)

Плевраның эмпиемасы - өкпе мен кеуде қабырғасының ішкі беті арасында орналасқан плевра қуысында іріңнің жиналуы.

Өкпе конус тәрізді кеуекті қос ағза, кеуде қуысының оң және сол бөлігінде орналасқан. Өкпе – тыныс жүйесінің бөлігі. Оң өкпе үш бөліктен тұрады. Сол өкпе екі бөліктен тұрады, өлшемі үлкенірек.

Эмпиема – табиғи анатомиялық қуыстардағы іріңнің жиналуы, экссудативті плевриттің бір түрі, плевраның ішкі және шеткі жапырақтарының арасында ірің сұйықтығының жинақталуымен өтеді.

Плацентаның алда жатуы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 06:03 - (206 Оқылымдар)

Плацентаның алда жатуы – жүктілік кезінде пайда болатын, плацентаның жатырдың төменгі бөлігінде оның ішкі аңқасының аумағын толық немесе ішінара қамтумен орналасуымен сипатталатын дерт.

Жүктілік кезінде плацента өседі және даму үстіндегі баланы қорғайды. Жатырдың ішкі аңқасы деп босану жолдарының бастапқы бөлімін атайды.

Жатырдың анатомиясы

Жатыр – әйелдің репродуктивтік жүйесінің бөлігі. Ол - ұрықтың дамуы өтетін, алмұрт пішінді қуыс ағза. Жатыр жамбас қуысында, несеп қап пен тік ішектің арасында орналасқан.

Пиелонефрит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 05:55 - (345 Оқылымдар)

Пиелонефрит — бүйрек түбегінің, тостақшасының, паренхимасының қабыну ауруы, түрлі бактериялардан туындайды, көбінесе, ішек таяқшасынан.
Бүйректер – жұпты ағза, несеп түзілу қызметін орындайды. Несепқап (қуық) – іш қуысының төменгі бөлігінде орналасқан қуыс ағза. Онда бүйректің өндіретін сұйық қалдығы - несеп жинақталады.

Пейрони ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 05:52 - (167 Оқылымдар)

Пейрони ауруы – бұл жыныстық мүшенің қисаюымен сипатталатын ауру. Кейбір ерлерде Пейрони ауруы жеңіл және симптомдарсыз өтеді. Ал басқаларда эрекция кезінде ауырсынудың пайда болуымен немесе эрекцияның бұзылысымен көрініс береді.

Пенистің (жыныстық мүше - қасаның) қатерлі ісігі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 05:37 - (169 Оқылымдар)

Ерлердің репродуктивті жүйесінің ағзасы – жыныстық мүшеде пайда болатын қатерлі ісіктің түрі – пенистің (қасаның) қатерлі ісігі аталады.

Тілді таңдау