Жүктелуде...
 

Мастит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 12:19 - (240 Оқылымдар)

Сүт безінің инфекциясы – сүт безі тіндерінің жұқпалануы.

Емізетін әйелдерде көптеген инфекциялар бактериялардың емшек ұшы арқылы енуінде пайда болады. Ауыр инфекцияларда абсцестер (іріңді қабыну) пайда болады. Емдеу үшін антибактериалдық препараттар қолданылады.

Лямблиоз (Лямблиялар)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 18:05 - (165 Оқылымдар)

Лямблиоз (лямблиялар) – Giardia lamblia, кейде Giardia intestinalis аталатын паразиттік инфекциядан туындайтын ауру. Лямблиоз әдетте, паразитпен залалданған суды ішуден пайда болады.; G. lamblia көбінесе, өңделмеген бұлақтарда, өзен-көлдерде болады.

Лимфома

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 17:56 - (400 Оқылымдар)

Лимфома – лимфа жүйесінің қатерлі ісік ауруы.

Лимфа жүйесі – ағзалардың, тіндер мен жасушалардың кешені, олардың жұмысы организмді түрлі аурулардан қорғауға бағытталған.

Легга-Кальве-Пертес ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 17:35 - (195 Оқылымдар)

Легга-Кальве-Пертес ауруы балалық жаста пайда болады және ұршықбуынның аумағында (жамбастағы буын) және ортан жіліктің (жамбас сүйегінің буыны) басының зақымдануымен сипатталады.

Легга-Кальве-Пертес ауруы ортан жіліктің басындағы қан айналымының уақытша бұзылысында пайда болады. Қан ағымы бұзылған кезде тіндердің тіршілігі жойылады, бұл ортан жіліктің басының сынуына және нашар жазылуына апаруы мүмкін.

Ортан жіліктің басын буынның аумағында ұстап тұру үшін дәрігерлер емдеудің әр түрлі әдістерін қолданады.

Ларингит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 17:06 - (173 Оқылымдар)

Ларингит – көмейдің ісінуі және тітіркенуі (қабынуы). Ларингит әдетте, дауыстың қарлығуымен немесе дауысты жоғалтумен қосарланады.

Лабиринтит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 16:53 - (281 Оқылымдар)

Лабиринтит – ішкі құлақтың іріңді немесес іріңсіз қабынуымен сипатталатын ауру.

Құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады. Дыбыс жарғақ және үш кішкене сүйектер дыбысты дыбыс жарғақтан құлақ иірімінің алдыңғы жағына өткізеді.

Қызамық

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-25 16:44 - (161 Оқылымдар)

Қызамық – теріде бөріткен пайда болуымен сипатталатын инфекциялық ауру.

Науқас ананың құрсағында нәрестеге берілген қызамық – туа біткен саналады.

Қырма теміреткі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-25 16:36 - (189 Оқылымдар)

Қырма теміреткі (микроспория) – терінің жұқпалы ауруы, паразитарлық зеңдерден (адам организмінде паразитарлық мекендейтін микробтар) туындайды.
Қырма теміреткі шаштың тазданып түсуіне апарады. Таздану ошақтары біртіндеп қосылып, шаш түбінің едәуір аумағын алуы мүмкін.
Теміреткінің бұл түрі дененің кез келген бөлігін зақымдауы мүмкін: қолдың, білектің, алақанның, аяқ ұшының терісін, аяқ-қолдағы тырнақты, шап қыртысын, қолтық асты ойысын, шаштың түбін, бет пен дене терісін.
Қырма теміреткі кез келген жаста жұғуы мүмкін; әйелдер де, ерлер де шалдығады.

Тілді таңдау