Жүктелуде...
 

Дивертикулез

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:16 - (125 Оқылымдар)

Дивертикулез –тоқ ішектің қабырғасында өспе тәрізді құрылымның (ішек дивертикулы) өсіп шығуымен сипатталатын ауру. Дивертикулдар ешқандай симптомдар тудырмауы мүмкін, әдетте олардың қанауы немесе ауырсынуы, қабынуы немесе жұқтырылуы да ықтимал.

Ұмытшақтық және (немесе) сананың шатасуы

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:15 - (151 Оқылымдар)

Заманауи өмір ырғағында сәйкес, адамдардың көбісінде кейде ұмытшақтық байқалып жатады. Аталмыш проблема тек қана үлкен кісілерді емес, жас адамдарды да мазалайтын болған. Сананың шатасуы – бұл адамның анық ойлауға қабілетінің бұзылуы болып табылады. Егер сізді ұмытшақтық немесе сананың шатасу ұстамалары жиі мазалап жатса, сіз міңдетті түрде дәрігерге қаралуыңыз керек.

Іштің қатуы (ішқатпа)

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:14 - (1501 Оқылымдар)

Кейбір адамдар үлкен дәретке күніне бір немесе екі рет барса, басқалары сирек барады. Егер сізде іштің қатуы пайда болса, онда ішек босатудың жиілігі азайып, немесе нәжісіңіз шағын және қатты болады. Әдетте, іштің қату себептеріне сұйықтықтың немесе тамақтану рационында жасұныққа бай өнімдердің жетіспеушілігі жатады. Егер іштің қатуы кенеттен басталған болса немесе диетаңызға қарамастан жалғасса, сізге дәрігерге қаралуыңыз керек.

Жұтынудағы қиындық

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:13 - (151 Оқылымдар)

Жұтынудағы қиындық көбінесе тамақтың инфекционды қабынуынан болады. Ауырған тамақты емдеу, әдетте, ауырсынуды және жұтынудағы қиындықтарды жояды. Алайда, жұтынудың қиындауы асқазан мен өңештің ауруларынан болуы мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігер толықтай диагностика жасап, ем тағайындауы тиіс.

Артық салмақ

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:07 - (564 Оқылымдар)

Артық салмақ – бұл салмақ пен бой пропорцияларының бұзылуы. Салмақтың көбеюі көбінесе артық тамақтанудан немесе физикалық жаттығулардың жетіспеушілігімен, сондай-ақ гормоналды және зат алмасудың бұзылуымен байланысты. Артық салмақ денсаулыққа үлкен зиян әкелуі мүмкін.

Дене салмағының индексі немесе бой-салмақ индексі

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-19 03:04 - (2477 Оқылымдар)

Дене салмағының индексі немесе бой-салмақ индексі – бұл салмақ пен бойдың сәйкестенуі, салмақтың денсаулыққа әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл индекс неғұрлым жоғары болса, жоғары қан қысымы, жүpектің ишемиялық ауруы, инсульт, остеоартрит, обырдың кейбір түрлері және 2 типті қант диабеті сияқты белгілі бір аурулардың қаупі артады.

Терінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-19 02:54 - (280 Оқылымдар)

Меланома – бұл тері қатерлі ісігінің бір түрі. Меланоманың негізгі kөзі меланоциттер деп аталатын тері жасушалары болып табылады. Меланоманы жақсы түсіну үшін меланоциттердің, атап айтқанда, олар қандай функцияны орындайды және олар рак жасушаларына айналғанда не болатынын анықтау керек.

Сүт безінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-16 05:19 - (614 Оқылымдар)

Сүт безі қабырғаларды жауып тұратын кеуде бұлшықеттерінде орналасқан. Әрбір сүт безі 15-20 бөліктен тұрады. Бөліктер көптеген кішкене кесектер құралған. Бөліктер сүт шығаратын кішкентай бездерді топтардан тұрады. Бөліктерден емізікке келетін «жол» деп аталатын жіңішке түтікшелер арқылы сүт ағады. Емізік, ареол деп аталатын дәл ортада орналасқан домалақ қоңырқай тері. Майлы тіндер бөліктер мен жолдардағы бос аралықтарды толтырады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-16 04:23 - (273 Оқылымдар)

Қуық асты безінің қатерлі ісігі – бұл қуық асты безінің тіндерінің қалыптан тыс өсуі. Қуық асты безі – бұл жаңғақ пішіндес, қуықтың астында орналасқан, шәует сұйықтығын өндіретін мүше болып табылады.

Қуық асты безінің қатерлі ісігі не себепті дамитынын мамандар әлі анықтаған жоқ, дегенмен олар қатерлі ісіктің даму қаупі жылдар бойы еселеніп және отбасылық анамнез салдарынан өсуі мүмкін деп есептейді. Қуық асты безінің қатерлі ісігі 50 жастан асқан ер адамдарда жиі кездеседі. Сондай-ақ өлім көрсеткіші жағынан қатерлі ісіктер арасында екінші орынды алады.