Бейспецификалы ойықжаралы колит
Жарияланды 2018-08-08 05:51 - (605 Оқылымдар) -Бейспецификалы ойықжаралы колит – бұл қабынған ішек ауруларының бір түрі. Ол ішкі шырышты тоқ ішек және тік ішектердің қабынып,(ойық) жара пайда болуына себепкер болады. Колит – ішті ауыртады және тік ішектен қан кетіреді, диареяға ұшыратады.
Бейспецификалы ойықжаралы колит – созылмалы болып келеді, тіпті адам ғұмырының ұзақ бөлігінде жазыла қоймауы мүмкін. Кейбіреулерде ұзақ уақыттық белгілері білінбейді, немесе өте әлсіз симптомдары байқалып жатады. Енді басқаларда симптомдары неғрлым елеулі және ауыр болады.