Жүктелуде...
 

Пародонттық абсцесс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-01 05:21 - (143 Оқылымдар)

Пародонттық абсцесс – тіс пен қызыл иектің арасындағы кеңістікте ірің толған қуыс (қалта тәрізді ошақ), бактериалдық инфекцияның түсуінен қызыл иектің іріңді қабынуының нәтижесінде түзіледі.

Пародонттық абсцесс алдымен нақты бір тістің астында орналасады, ісініп, қызарған, домалақ пішінді түзіліс түрінде болады. Тіске тигенде пародонттық абсцесс күшті ауырсыну береді. Пародонттық абсцесс асқынғанда үлкен өлшемге жетіп, бет пішінін өзгертуі мүмкін.

Паркинсон ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-31 06:27 - (139 Оқылымдар)

Паркинсон ауруы — мидың жүйкелік жасушаларының біртіндеп тіршілігін жоюымен байланысты ауру, оның салдарынан қимыл үйлесімі және бұлшық еттің ширақтығы бұзылады. Ауруға тән - дірілдеу, жалпы қимылдаудың нашарлығы, орналасу мен қозғалудың қиындауы.

Паратұмау (Парагрипп)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-31 06:20 - (315 Оқылымдар)

Парагрипп вирусы жоғарғы және төменгі тыныс алу жолдарын зақымдайтын вирустар тобына жатады.

Парагрипп вирусының төрт түрі бар, олардың бәрі жоғарғы, төмен тыныс алу жолдарының инфекциясын (пневмония) туындатуы мүмкін. Вирус қыспақты қабынуды, бронхиолитті, бронхитті туындатуы мүмкін.

Парагриппке жыл сайын шалдығатын адамдардың нақты саны белгісіз, жоғары екендігі белгілі. Кейде вирус мұрынның бітуімен немесе басқа симптомдармен көрініс береді, олар парагрипп емес, суық тию секілді анықталады.

Паникалық бұзылыс

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-31 06:15 - (147 Оқылымдар)

Паникалық бұзылыс (ПБ) — психикалық бұзылыс, жылына бірнеше реттен күніне бірнеше ретке дейін пайда болатын паникалық шабуылдардың тосыннан пайда болуымен және олардың пайда болуын күтумен сипатталады.

Паникалық бұзылыс (ПБ) –үрейдің немесе қорқыныштың науқас үшін түсініксіз, азапты ұстамасы. Сезілуі бойынша жүpектің ұстамасына ұқсайды. Мұндай шабуылдар кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, паникалық бұзылыстан (ПБ) зардап шегетін көптеген адамдар осы ұстамалардың қайталануынан қорқады.

Паникалық бұзылыс (ПБ) 25-64 жас аралығында жиірек кездеседі, бұл кезде әйелдердің арасында аурушаңдық жиілігі ерлерге қарағанда 3-4 есе жоғары. Паникалық бұзылыстың (ПБ) пайда болуының маңызды факторы – тұқым қуалауға бейімділігі. Аурудың ұрпақтан ұрпаққа тікелей берілуі жайында мысалдар бар.

Ойық жаралы колит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-31 06:07 - (223 Оқылымдар)

Ойық жаралы колит (ОК) немесе телімді емес ойық жаралы колит – тоқ ішектің түрлі бөлімдерінің (өрлемелі тоқішек, көлденең тоқішек, төмендемелі тоқішек, сигма тәрізді, тік ішектер) тіні қабынып, бұзылысқа ұшырайды. Үрдіске көбінесе, тік ішек қатысады.

Овуляция

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 18:24 - (289 Оқылымдар)

Овуляция бірізді гормондық үрдістердің салдарынан болады. мида орналасқан гипофиз ФСГ (фоликул түзілуін ынталандыратын гормон) және ЛГ (лютеиндейтін гормон) гормондарын бөледі, олар қан ағынымен аналық безге түседі.
Бұл гормондар аналық бездің біреуінде ұрық жасушаның жетіліп, босатылуына белгі береді.
Талшықтардың қозғалуы ұрық жасушасына жатыр түтікшесі арқылы жатырға өтуіне көмектеседі. Ұрық жасуша сперматозоидпен ұрықтанады немесе ұрықтанбаған болса, ыдырайды.

Өт-тас ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:57 - (236 Оқылымдар)

Өт қабындағы тастар - өт қабында түзілетін қатты бөліктер. Өт қабы – бұл алмұрт тәрізді шағын ағза, іштің жоғарғы оң бөлігінде бауырдың астында орналасқан.

Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт қабында бір үлкен тас, жүздеген ұсақтары, немесе шағын және үлкендері де болуы мүмкін. Өт қабындағы тастар іштің жоғарғы оң бөлігіндегі кенеттен пайда болатын ауырсынуды туындатуы мүмкін. Бұл өт қабының түйілуі аталады, өт бөлінетін түтіктердің тастармен бітелуінде пайда болады.

Остеопороз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 17:52 - (1240 Оқылымдар)

Остеопороз – бұл ушығып, сүйектің сынғыштығына және жұқаруына апаратын ауру. Бұл кезде сынықтардың пайда болуы ықтималдығы артады. Ауру көбінесе, 50 жастан асқан әйелдер арасында минералдық алмасудың бұзылысында және дұрыс тамақтанбаудың салдарынан болады. Остеопорозға сүйектің түзілуі үшін маңызды балалық, жасөспірімдік шағында тамақпен бірге минералдық заттектердің оңтайлы мөлшерін алмаған адамдар бейім келеді.