Жүктелуде...
 

Өкпенің интерстицийлік аурулары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 16:13 - (210 Оқылымдар)

Өкпенің интерстицийлік ауруы – бұл дәнекер тінінің өсуі арқылы (фиброздану) өкпенің анатомиялық құрылысының бұзылуымен және қабынумен көрінетін аурулардың үлкен тобы. Қабыну және фиброздану үрдістерінің нәтижесінде қанға қажетті оттегінің жеткізілуі нашарлайды. Өкпедегі дәнекер тіннің өсу үрдісі өкпе фиброзы аталады.

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:56 - (248 Оқылымдар)

Өкпе эмболиясы – өкпедегі артериялардың бітелуінде пайда болатын ауру. Аурудың кең таралған себебі - тромбылар.
Өкпе - қос ағза, кеуде қуысын түгелдей дерлік алады. Өкпе – тыныс алу жүйесінің басты ағзасы. Оның өлшемі мен пішіні тыныс алу фазасына (тынысты ішке алу, сыртқа шығару) қарай өзгеруге қабілетті.

Өкпе эмболиясы көбінесе, көктамырдың тромбымен бітелуінен туындайды. Тромбылардың көп шоғырланатын жері бөксе-санның немесе жамбас қуысының терең көктамырлары. Бұл терең көктамырдың тромбозы аталады (ТКТ). Осындай тромбының бөлігі ажырап, қан ағымы бойымен өкпеге түсуі мүмкін.

Обсессиялық-компульсиялық бұзылыс

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:50 - (231 Оқылымдар)

Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс – психикалық бұзылыс, мезі қылатын ойлармен, естеліктермен, қимыл-әрекеттермен, сондай-ақ, түрлі патологиялық үрейлермен сипатталады (фобиялармен).
Әр адам қандай да бір нәрсені кейде тексереді. Мысалы, үйден кетерде газды өшіргендігіңізді екі рет тексеруіңіз мүмкін. Алайда бұл бұзылысқа ұшыраған адамдардың әр нәрсені қысқа уақыт ішінде бірнеше рет тексеруге немесе белгілі бір әрекеттерді қайталауға қажеттілігі болады, бұл әдеттегі өміріне зиян әкелуі мүмкін.

Ұдайы қайталанатын ойлар – обсессия аталады. Мұндай ойларды бақылау үшін адам белгілі бір әрекеттерді орындағысы келеді – бұл компульсия аталады. Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыстан зардап шегетін адамдар өздерінің ойлары (обсессия) мен әрекеттерін (компульсия) бақылай алмайды. Бұл қылықтар адамды бақылайтындай күйге апарады.

Обсессиялық(мезілегіш)-компульсиялық бұзылыс ерлер мен әйелдерді бірдей зақымдайды және көбінесе, балалық, жасөспірімдік және ерсек шақтың басында көрініс береді. Әдетте, бұл ауру адамның жасы толысқан шағында анықталады.

Нистагм

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:37 - (387 Оқылымдар)

Нистагм – бұл көздің жылдам, бақылауға алынбайтын қозғалысын сипаттайтын термин:
Бір жақстан екінші жаққа қарай (көлденең нистагм)
Жоғары және төмен (тік нистагм)
Шеңбер бойымен (айналмалы немесе торсиялық нистагм)
Себебіне байланысты нистагм бір немесе екі жақты болады. Сондай-ақ, ауруды сипаттау үшін «билеп тұрған көз» термині де қолданылады.

Нейрогендік несепқап

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:29 - (156 Оқылымдар)

Нейрогендік несепқап – мидың, жұлынның қызметінің реттелуіндегі немесе жүйке жүйесі ауруларындағы бұзылысқа байланысты несеп шығарудың ауытқу бұзылысы.

Несептің жүрмеуі

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:24 - (134 Оқылымдар)

Несептің жүрмеуі – несепқапта несеп болғанымен, оны шығаруға қабілеттің болмауы. Несептің жүрмеуінде несеп шығаруды бастай алмайсыз немесе несепқапты толығымен босата алмайсыз.

Несеп ұстамауы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 15:14 - (195 Оқылымдар)

Несеп ұстамауы дегеніміз несепқаптың жұмысын бақылай алмау, яғни, несеп шығару үрдісі кейде бақылауға келмейді. Ауру несептің азғантай мөлшерін ұстамаумен (мысалы, жөтелде және күлгенде) және несеп шығарғысы келген күшті сезімді бақылаудағы қиындықтармен де сипатталуы мүмкін. Бұл жайсыздық әкелуі мүмкін, сізге бұл жайында дәрігермен кеңесу қажет. Несеп ұстамауын емдеуге болады.

Несеп шығару жолдарының инфекциялары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-28 14:58 - (141 Оқылымдар)

Несеп шығару жолдарының жүйесі – организмнен алмасу заттектері және артық сұйықтық шығарылатын жүйе. Несеп шығару жүйесіне жататындар: бүйректер, несепағарлар, несепқап және үрпі. Несеп шығару жолдарының инфекциясы (НШЖИ), мысалы, цистит және уретрит, организмнің инфекцияларының ішінде кездесу жиілігі бойынша екінші орында.