Жүктелуде...
 

Аллергия және демікпе

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:27 - (254 Оқылымдар)

Демікпе ұстамалары (демікпенің асқынған симптомдары) аллергиялық реакцияның салдарынан орын алуы мүмкін. Бұл жағдайда, аллергияға бейім адамның тыныс алу жолдарының қабынуы уақытша күшеюі мүмкін.

Аллергия деген не?

Аллергия – бұл адамның иммунды жүйесінің әсер еткен сыртқа факторларға қайтарған жауабы. Ондай сыртқы факторларға: барлық түрлі жағдайларда ойламаған жерден тиіп кеткен заттар, мысалы, өсімдің тозаңы, шаң немесе жүн, тері немесе жануардың сілекейі жатады. Аллергиясы бар адамдардың иммунды жүйесі өзіне жағымсыз заттарды бірден сезеді, негізінде оларды, «аллергендер» деп атайды, олар қаншалықты зиянды болса, ағзаның қалыпты функциясын соншалықты бұзады.

Алопеция

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:26 - (247 Оқылымдар)

Алопеция (бастың тақырлануы) – бұл адамның потологиялық түрде шаш түсуі және адам үшін психологиялық ауыр мәселе болып саналады. Шаш адам баласының өмірлік күш-қуаты символы іспеттес.

Аналдық жыланkөз

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 10:24 - (258 Оқылымдар)

Аналдық жыланkөз – анал тесігі маңындағы тесікке аналдық каналдан өтетін түтік тәрізді өтіс. Мұндай ақаудың пайда болуы тік ішекке жасалған операцияның салдарынан, тік ішектік аумақтағы абсцесстен кейін немесе Крон ауруының (ішектің қабыну ауруларының) асқынуынан болуы мүмкін.

Аноректалдық қан кету

Автор: translator - Жарияланды 2018-11-28 10:22 - (339 Оқылымдар)

Үлкен дәретте қанның болуы немесе тік ішектен қан кету түрлі себептерге байланысты туындауы мүмкін. Егер, дәретхана қағазының өзінде аздаған қан жағылып қалатын болса немесе басқа да осыған ұқсас жағдайлар орын алса, дәрігерге бір көрінгеніңіз абзал.

Үлкен дәретте аздап қанның араласып шығуы тік ішектің тітіркенуінен немесе геморройдың салдарынан болуы мүмкін. Негізі қанның аздап созылыңқырап шығуынан, аса қатты қорқып кетудің қажеті жоқ, себебі қан бірнеше рет шығып қайта тоқтап қалуы мүмкін.

Артериялық гипотензия

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 10:20 - (222 Оқылымдар)

Артериялық гипотензия (син. артериялық гипотония ) артериялық қысым мөлшерінің төмендеуімен сипатталады.
Кейбір адамдардың тумысынан қан қысымы төмен болады және олар сол күйінде де өздерін жап-жақсы сезінеді. Олар үшін төменгі қан қысымы қалыпты болып саналады. Гипотония көбінесе 30-40 жастағы әйел адамдарда немесе оданда жас 19-30 жас аралығында қыздарда кездеседі.Әйелдер де негізінен еркектерге қарағанда қан қысымы төмен болып келеді, ал жағымсыз ауа-райы немесе гормональды өзгерістер кезінде тіптен төмендеп кетуі мүмкін.

Артрит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-28 10:18 - (245 Оқылымдар)

Артрит – бұл буынның қабынуы. Егер бір ғана буын қабынса онда моноартрит, бірнеше буын қабынса – полиартрит деп аталады.Артрит тікелей буынға байланысты аурудан немесе әртүрлі әсерлерден (аллергиялық, инфекциялық) болады.

Іштің ауырсынуы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-11-27 10:33 - (55078 Оқылымдар)

Іштің ауырсынуы – кеуденің астыңғы жағы мен кіндіктің үстіңгі жағында ауру сезімінің пайда болуы. Адамның бұл дене бөлігі асқазан деп аталады.

Үрпінің тарылуы (Несеп шығару жолдарының тарылуы)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-11-27 10:17 - (4426 Оқылымдар)

Үрпінің тарылуы – несеп шығару арнасының тарылуы немес кішіреюі. Бұл жайсыздық ерлерде жиі кездесіп жатады, ал әйелдерде сирек ұшырасады.
Бүйектен шыққан әрбір несеп тамшысы несеп жолымен қуыққа түседі. Қуық – бұл екі шаптың ортасында, үстіңгі жағында орналасқан жыныс мүшесі. Одан несеп шығарылады. Қуық үш қабаттан тұрады: сыртқы ұйыма қабығы, бұлшық еттік қабат, ішкі шырышты қабық. Бұлшық еттік қабат қысылғанда несеп шығарылады. Несеп қуықтан басқа түтік арқылы – несепағар арнасы (үрпі) арқылы шығарылады. Әйелдердің үрпісі жатыр қақпасы алдындағы, клитор алдынан, жыныс жырығынан, екі кішкене еріншенің отрасындағы сыртқы тесіктен ашылады. Ал ерлердікі, жыныс мүшесінің басынан ашылады. Әйелдердің несеп ағар арнасы тек несеп шығару қызметін атқарады. Еркектердің ағзасындағы үрпі несеппен қатар, шәует шығару қызметін де атқарады.

Тілді таңдау