Жүктелуде...
 

Уылу (молочница), қынаптағы ашытқыш инфекция

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 11:28 - (3411 Оқылымдар)

Қынаптағы ашытқыш инфекция (вульвовагинальды кандидоз) – қынаптағы ашытқы ағзалардың шамадан тыс өсуі. Инфекцияның әсерінен қышу мен ісік пайда болады, зәр шығару кезінде және жыныстық қатынаста ауырады, сондай-ақ, қынаптан ақуыз ағады.
Ашытқыш ифекция денсаулыққа кері әсерін көп тигізе бермейді, бұл тек қатты қолайсыздық пен қобалжу сезімдерін тудырады.

Ауыздағы метал дәмі (Дисгевзия)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 10:58 - (171 Оқылымдар)

Ауыздағы метал дәмі ауыздың немесе тістің инфекциялық ауруларын туындатуы мүмкін, сондай-ақ ауыз қуысының шырышты қабатында, ішкі қызыл ұртта, қызыл иекте пайда болатын т.б. крон секілді басқа аурулармен астасып кетуі де ықтимал.
Ауыз ішіндегі метал дәмі көптеген тұздықтармен араласып жағымсыздық тудыруы да мүмкін. Сондай-ақ, ауызға салып шайнау арқылы қолданылатын медициналық препараттардың да залалдары тиіп жатады. Тағы бір айта кетерлігі, уақытша келетін метал дәмдері тілдің ұшында болады. Басқа да препараттар, құрамында метал элементі бар: флагил, тетрациклин, пенициламин, биаксин, этамбутол, бигуанид, аллопуринол секілді дәрәлер ауыздағы сілекей бездерінің жұмысын бузып, метал дәмінің пайда болуына алып келеді.

Жүктілікке қарсы гармондық дәрі-дәрмектерді қолданғанда туындаған етеккірдегі өзгерістер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 10:51 - (1817 Оқылымдар)

Егер сіз жүктілікке қарсы гармондық дәрі-дәрмектерді қолдана бастасаңыз, сіздің етеккір цикліңіз өз гармондарыңызды реттей бастайды, таблеткаларға үйреніседі. Бұл етеккір циклінің өзгерістерін туындатады. Жүктілікке қарсы дәрілер циклдар арасында қан кетіреді және сіздің өзгеру кезеңдеріңіз жеңілдейді, немесе мүлдем тоқтатылады. Сондықтан қолданатын дәрілеріңізді үздіксіз бір уақытта пайдаланыңыз.

Менисктер

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-25 10:45 - (214 Оқылымдар)

Менисктер – деп тізе буынындағы қозғалмалы ірі шеміршектерді атайды. Олар буында амортизатордың рөлін атқарады, сондай-ақ тізе буынын тұрақтылықта ұстап тұрады. Қозғалыс кезінде, тізе буынында менисктер қысылады, олардың формалары өзгереді. Бұл жүйе тізе буындарының шеміршекті құрылымын қалыптастыруға қатысады. Менисктер асықты жіліктің айдаршығында орналасқан.

Тері

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 08:01 - (1157 Оқылымдар)

Тері – адамның ең көлемді мүшесі болып табылады. Тері жоғарғы температурадан, күн сәулесінен, жарақаттар мен инфекциядан қорғайды. Тері дене температурасын бірқалыпты ұстауға көмектеседі, организмде сұйықтық пен майды сақтап тұрады және Д витаминінің өндіруіліне қатысады.

Көмей

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:58 - (160 Оқылымдар)

Көмей– мойынның алдыңғы жағында орналасқан мүше. Сонымен қатар оны дауыс қорабы деп атайды. Ересек адамның көмейінің көлемі 5х5 см болады. Көмей кеңірдектен жоғары, сондай-ақ өңештің алдында және жоғары орналасқан.

Көмей дауыс байламдарын түзуге қатысатын 2 бұлшықетті талшықтардан тұрады. Көмейдің алдында орналасқан шеміршекті құрылым – Адамов алмасы деп аталады.

Баттен ауруы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:57 - (139 Оқылымдар)

Баттен ауруы – сирек кездесетін тұқым құалайтын ауру. Ол ерте жаста, бала кезде бастау алады, жүйке жүйесіндегі жасушаларды зақымдайды, арты өлімге апарады.
Кей жағдайларда баланың бойында ерте кезде пайда болған ауру белгілерін байқай бермейміз, байқасақта «баланың жеке қасиеттері шығар» деп, оған мән бермейміз. Мысалы мынадай ерекшеліктер болады: бала өте баяу оқиды, шаруаға икемсіз, ебедейсіз болып келеді, жүрген кезде сүріншектей береді.

Атрофиялық вагинит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:55 - (117 Оқылымдар)

Атрофиялық вагинит – әйелдерде етеккір тоқталған мезетінен соң (менопаузадан кейін) эстрогеннің жеткіліксіздігінен пайда болатын жағдай. Атрофиялық вагинит кезінде қынаптың ішкі кілегей қабаты (эндометрий) жұқарып, нашарлайды. Әйелдердің 40%-ына дейін етеккір тоқталған мезетінен соң атрофиялық вагинит симптомдары көрініс береді.

Анафилакциялық шок (анафилаксия)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:53 - (285 Оқылымдар)

Бұл не? Анафилаксия –адам өміріне қауіп төндіретін және бүкіл организмді зақымдайтын ауыр аллергиялық реакция. Ол ағзаға белгілі бір аллерген әсер еткен сәттен бірнеше секундта немесе минутта дамуы мүмкін. Анафилаксия да астма сияқты тез пайда болатын аллергиялық серпінге жатады. Екеуінің айырмасы: астма тек тыныс алу жолдарын зақымдайды, ал, анафилакция бүкіл организмге таралатын аллергиялық серпін.

КДСА вакцинасы

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-10 07:50 - (224 Оқылымдар)

АКДС вакцинасы
АКДС – (адсорбцияланған көкжөтел-дифтерия-сіреспе вакцинасы) үш инфекциядан қорғайтын біріктірілген вакцина: дифтерия, сіреспе, көкжетел.

Анықтама
АКДС - көкжетел, диферия, сіреспе сияқты аурауларға қарсы тиімділігі өте жоғары вакцина болып табылады. АКДС вакцинасы пайда болмай тұрып бұл ауруларды емдеуде көп қиындықтар туындаған, кейде өлімге дейін соқтырған кездері болған.
АКДС адамға екпе түрінде иыққа немесе санға енгізеді.

Тілді таңдау