Жүктелуде...
 

Транзиторлық ишемиялық шабуыл

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 10:43 - (210 Оқылымдар)

Транзиторлық ишемиялық шабуыл (ТИШ) – мидағы қан айналымының қысқа мерзімді бұзылысы. Кейде микроинсульт аталады. Алайда, инсульттен айырмашылығы (мидың қанмен қамтамасыз етілуінің тоқтауы) транзиторлық ишемиялық шабуылдың симптомдары басылғаннан бір сағаттан кейін жойылады.

Трахеит

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:34 - (184 Оқылымдар)

Трахеит –көмейдің (кеңірдектің) бактериалдық инфекциясы.
Бактериалдық көбінесе, алтын түсті стафилококк бактериясынан болады. Әдетте, ауру жоғарғы тыныс алу жолдарының жақында болған вирустық жұқпасынан кейін пайда болады.

Торқабықтың ажырауы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:27 - (187 Оқылымдар)

Торқабықтың ажырауы — торқабықтың көздің тамырлы қабығынан бөлінуі.
Көз ұясы үш қабықшадан және ішіндегілерден тұрады:

1) көздің сыртқы қабығы: аққабық (пішіні мен ширақтығын қамтамасыз ететін мөлдір емес бөлік), мөлдірқабық (жарық өтуі мен жарық сынуын қамтамасыз ететін мөлдір бөлік);

2) тамырлы қабық: нұрлы қабық (көзбұршақтың өлшемін реттейтін алдыңғы бөлігі), цилиарлық дене (көз ішілік сұйықтықты түзетін ортаңғы бөлік), хориоидея (торқабықты – көз түбін қоректендіретін артқы бөлік);

3) торқабық (өне бойымен ішкі жағымен әйнек тәрізді денеге жақын жататын көздің ішкі қабығы, ал сыртқы жағымен — тамырлы қабыққа жақын, алдыңғы көрмейтін бөліктен және біз көретін заттар бейнеленетін, артқы көретін бөліктен тұрады);

Тонзиллит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 10:19 - (334 Оқылымдар)

Тонзиллит – таңдай бадамша бездерінің қабынуы.

Таңдай бадамша бездері– лимфоидты тіннің жұпты жиналуы (организмнің қорғаныс серпіні үшін жасушалар өндіретін тін), жұтқыншақтың (ауыз қуысының арты) және ауыз аумағында орналасқан.

Жіті тонзиллит – ангина (баспа).

Тобықтың жарақаттары

Автор: student_k - Жарияланды 2018-08-05 10:12 - (154 Оқылымдар)

Тобықтар мен үлкен және кіші жіліншіктің төменгі буындық беттері тобық буынын құрайды. Сүйектерді бір-бірімен байланыстыратын байламдар буынды тұрақтандырып, ұстап тұрады. Бұлшық ет пен сіңірлер оның қимылында қатысады.

Тітіркенген тоқ ішек cиндромы

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-08-05 10:04 - (366 Оқылымдар)

Тітіркенген тоқ ішек синдромы (ТТІС) – асқазан-ішек жолдарының бұзылысы, әдетте, іштің кебуімен, ішектегі ауырсынумен және қызметінің бұзылысымен көрініс береді.
Іш қуысындағы ағзалар: өңеш, асқазан, тоқ және аш ішектер, бауыp, өт қабы және ұйқыбезі тағамның қоректік заттектерін энергияға айналдырады және тағамның қоректік емес бөліктерін қоқыстарға ыдыратады, кейіннен олар организмнен сыртқа шығарылады.
Әйелдерде ТТІС ерлерге қарағанда екі есес жиі кездеседі. Ауру балалық шақта басталуы мүмкін, бірақ, көбінесе, 30-40 жаста басталады. 60 жастан кейін бұл синдром алғаш пайда болмайды.

Тілді таңдау