Жүктелуде...
 

Гонорея (соз ауруы)

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-23 03:27 - (546 Оқылымдар)

Гонорея (соз ауруы) – жыныстық жолмен берілетін инфекция (ИПП).

Гонореяның (соз ауруы) қоздырғышы - Neisseria gonorrhoeae бактериясы. Бұл ауру жыныстық қатынастың кез келген түрінде берілуі мүмкін. Ауыз қуысымен, іншекпен, жыныстық мүшемен немесе айналшықпен жанасуда жұғады.

Глоссит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-23 03:06 - (148 Оқылымдар)

Глоссит – тілді ісіндіріп және түсін өзгертетін, көбінесе, тілдің бетін тым тегіс ететін қабыну.

Тіл дәмді сезуге, асты жұтуға және шайнауға көмектеседі. Сөйлеу кезінде қолданамыз. Тіл көптеген бұлшық еттерден тұрады. Тілдің жоғарғы бетінде дәмдік рецепторлар бар.

Глаукома

Автор: System Administrator - Жарияланды 2018-07-23 02:32 - (313 Оқылымдар)

Глаукома – көру нервісінің зақымдануы. Глаукома тұқым қуалау бойынша берілуі мүмкін, бірақ, ұзақ уақыт бойы білінбеуі мүмкін.

Гипертиреоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-23 02:20 - (176 Оқылымдар)

Гипертиреоз – қалқанша без гормондарының шамадан тыс көп өндірілуімен сипатталатын ауру. Бұл ауруды, сондай-ақ, қалқанша бездің гиперфункциясы деп те атайды.

Фолликулит

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:45 - (220 Оқылымдар)

Фолликулит – бұл тері астында орналасқан шағын қалташалар - фолликулдардың инфекциясы немесе қабынуы, фоликулдарда шаш түзіліп, өседі. Фолликулит дененің кез келген бөлігінде пайда болуы мүмкін, бірақ, ол шаш түбінде, киімнің денеге үйкелетін тұстарында – мысалы, қолда, бөкседе жиі болады.

Фобиялар (қорқыныштар)

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:38 - (149 Оқылымдар)

Фобиялар үрейлену (мазасыздану) бұзылысының бір түрі (http://www.zdrav.kz/node/9420). Бұл бір нәрседен (шынайы қауіпсіз) қатты негізсіз (иррационалдық) қорқу.

Телімді фобиялардың түрлері көп. Акрофобия – биіктіктен қорқу. Агорафобия – қоғамдық жерлерден қорқу, клаустрофобия – жабық кеңістіктен қорқу. Егер мазасыз және қоғамдағы күнделікті қатынаста аса ұялшақ болсаңыз, әлеуметтік фобия болуы мүмкін. Фобияның басқа да таралған түрлері туннельдермен, кең жолда көлікте жүрумен, сумен, ұшумен, жануарлармен және қанмен байланысты.

Фимоз және парафимоз

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:24 - (1051 Оқылымдар)

Сүндетке отырғызылмаған ерлерде пенистің ұшы «күпек» атауымен белгілі тері қабықшамен жабылған. Фимоз кезінде күпектің тарылуы пайда болады, ол жыныстық мүшенің ұшында тығыз тартылып, қайтадан орнына еркін қайта алмайды. Фимоз табиғи көрініс болуы мүмкін. Мысалы, 4 жасқа дейінгі ұлдарда әдетте, күпекті ысыру қиын. Жас адамдарда, ерлерде фимоз көбінесе күпектің қабынуына (баланит) немесе қант диабеті секілді басқа ауруларға байланысты болады.

Парафимоз күпек жыныстық мүшенің ұшынан тыс ысырылып, оны қысқанда пайда болады. Күпек өзінің бастапқы жағдайына қайтпайды және пенистің ұшын жаппайды. Бұл ісінудің, ауырсынудың, пенистің ұшына қан келуінің шектелуіне апаруы мүмкін. Егер күпек өзінің табиғи орналасу жағдайына қайтпаса, күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін.

Етеккір айналымының бұзылысы - дисменорея

Автор: student_k - Жарияланды 2018-07-19 08:18 - (329 Оқылымдар)

Дисменорея – әйелдердің етеккір алдында немесе басталуында түйілуді немесе ауырсынуды сезінуін сипаттайтын медициналық термин. Бұл күрделі ауырсыну емес.

Тілді таңдау