Жүктелуде...
 

Карантин және көңілдің жайлығы

Сөйтіп, Қазақстанда төтенше жағдай мен карантинді сәуірдің соңына дейін созды. Әлемде де жағдай мәз емес. Коронавирус пандемиясы – бұл тарихи оқиға, бұрын болып көрмеген көлемді әлемдік дағдарыс болып тұр. Ол кәрі-жас, бай-кедей, әлсіз-мықты, ауру-сау демей барлық адамдардың өмірлеріне әсер етуде.

Карантин және көңілдің жайлығы

translator дүйсенбі сәуір 13, 2020


Душевное равновесие КОРОНАВИРУС

Сөйтіп, Қазақстанда төтенше жағдай мен карантинді сәуірдің соңына дейін созды. Әлемде де жағдай мәз емес. Коронавирус пандемиясы – бұл тарихи оқиға, бұрын болып көрмеген көлемді әлемдік дағдарыс болып тұр. Ол кәрі-жас, бай-кедей, әлсіз-мықты, ауру-сау демей барлық адамдардың өмірлеріне әсер етуде.

Көпшілігін дәрменсіздік және де өзгеге көмек көрсету мүмкіндігінің болмауы алаңдатады. Кейбіреулері өздерінің балаларын немесе ата-аналарын көре алмай, олардың күнделікті тіршіліктерімен етене араласа алмай уайымдауда.Осының барлығы алаңдатушылық тудырып, физикалық, эмоциялық, тіпті рухани тұрғыдан қолайсыздықтарға әкеледі.

Коронавирус инфекциясы ең алдымен өкпені зақымдайтынын білеміз, ал дәрігерлерде «өкпе аурулары – жаралы жанның сырқаты» деген сөз бар. Сондықтан да қазіргі жағдайда адамның міндетті түрде сабып сақтап, абыржымай, күйгелектенбей өзін-өзі ұстаған жөн.

Үндінің белгілі дәрігері, баламалы медицинаның негізін қалаушы Дипак Чопра қиын кезеңдерде де жан жайлылығына қол жеткізуге болады деп санайды. Оның айтуынша, ол үшін ұзақ мерзімді өмірлік ұстанымдар мен басқаларға жақсылық жасауды өмірдің мәні ретінде қабылдау қажет екен. Сондай-ақ рухтың жомарттылығын таныту, өзін-өзі құрметтеуді және өзіндік қадір-қасиетті насихаттау, сүю және сүйікті болу аса маңызды.

Гарвард профессоры Артур Брукс көңіл жайлылығының 3 теңдеуін ұсынады.

Бірінші теңдеу: субъективті әл-ауқат – бұл генетикалық факторлардың, сыртқы мән-жайлар мен пайда болған әдеттер жиынтығы.

ӘЛ-АУҚАТТЫ ҚАБЫЛДАУЫМЫЗ = ГЕНДЕР + МӘН-ЖАЙЛАР + ӘДЕТТЕР

Ғалымдардың айтуынша, біздің әл-аухатты қабылдауымыздың 50% генетикалық қалыптасады екен. Ал сыртқы мән-жайлар орташа алғанда 25% ықпал етіп, жиі ұзаққа созылмайды екен. Барлық ауыртпалықтар өтер де кетер, ал жақсы нәрселер тез ұмытылады деп бекер айтылмаған.

Ал әдеттер жайына келер болсақ, олар адамдардың қарым-қатынасы нәтижесінде, отбасында, достар арасында, жұмыста, сонымен қатар наным-сенімдермен қоса рухани құндылықтармен қалыптасады.

ӘДЕТТЕР = ОТБАСЫ + ДОСТАР + ЖҰМЫС+ НАНЫМ

Отбасылық махаббат пен дос-жарандармен қарым-қатынас табыстың басты шарты болып табылады. Бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденген. Сондай-ақ, тұрақты жұмыс та маңызды рөл атқарады екен, ол қанағат етуге және өзін-өзі құрметтеуге әкеледі.

Бұл теңестіру карантинге байланысты әлеуметтік шектеулер кезінде ерекше мәнге ие болады. Қазіргі жағдайда өзіңізге сұрақ қойыңызшы, отбасы, жұмыс, сенім қаншалықты теңестірілген қосылыстар. Оларды басымдылықтары бойынша орындарын ауыстыру қажет пе? Кейбір әдеттерді өзгертуге бола ма?

Мінекей, үшінші теңдеуге де келдік. Қанағаттану сезімі – сізге керектінің сіздедегі барына бөлгендегісі.

ҚАНАҒАТ ЕТУ = СІЗДЕ БАРЫ ÷ СІЗГЕ КЕРЕГІ

Біздің көпшілігіміз бұл формулада негізінде алымды көреміз. Көбіне біз бар нәрселерді көбейтуге тырысамыз. Сол үшін үнемі жұмыс істейміз, тапқанды келіп жұмсаймыз, содан соң тағы жұмыс жасаймыз және қайта керегіне жаратамыз. Міне бұл шексіз бітпейтін елесті қууға әкеп соқтырады.

Бұл формуланың құпиясы бөлімінде. Назарымызды билік, даңқ, лауазым, баюға көп аударғанша, арман-қалауымызды қайта бір қарап шығып, қажеті жоғын шегеріп,керегіне ұмтылуда. Бұл керек емес дүниелерден арылуға көмектесіп, қолымыздағы барға шынайы қанағат етуге септік етеді.

Қызықтысы, бұл формуланы жүзеге асырудың ең ыңғайлы кезеңі – осы карантиндегі оқшаулану кезі болып отыр. Осындайда физикалық мүмкіндіктеріміздің шектелуі біздің құбылмалы құндылықтарға, құмар нәрселерге уақытымыздың зая кетпеуіне көмектеседі. Дәл осы тұста керек емес нәрселерден, қажетсіз ой-пікірден, пайдасыз заттардан арылып, шынайы адами және отбасылық құндылықтарға көңіл бөлуіміз қажет.

Карантин біткеннен кейін де мұнымызды жалғастыра аламыз ба екен?

Америкалық жазушы Натаниэл Хозуорн «Бақыт – көбелек тәрізді, оны ұстауға тырыссаң қолға түсе қоймайды. Бірақ, тыныш отырған кезіңде оның өзі жаныңа ақырын келіп қонуы мүмкін» деген екен.

Бұл күрделі уақытта сабырлық сақтап, көңілдің жайлы болуына тырысып бағыңыз.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.