Жүктелуде...
 

Коронавирус және басқа да ауруларға қарсы күресте қолданылатын технологиялар

Елестетіп көріңізші, смартфоныңызға сіз жақында супермаркетке барған уақытта, ол жақта коронавирус жұқтырған адамның болғандығы туралы хабарлама келіп тұрса. Оның үстіне, ол кісінің қандай азық-түлік өнімдерін сатып алғандығы жайлы мәлімет берілсе. Сізге мұның бәрі бір қиял-ғажайып болып көрінер. Алайда, жақында Оңтүстік Кореяның 90 пайызға жуық тұрғындары коронавирус жұқтырған адамдармен соңғы уақытта тығыз байланыста болу мүмкіндігі жайлы осындай хабарламалар алған болатын.

Коронавирус және басқа да ауруларға қарсы күресте қолданылатын технологиялар

translator Сейсенбі маусым 9, 2020


кароновирус и цифровая технология

Елестетіп көріңізші, смартфоныңызға сіз жақында супермаркетке барған уақытта, ол жақта коронавирус жұқтырған адамның болғандығы туралы хабарлама келіп тұрса. Оның үстіне, ол кісінің қандай азық-түлік өнімдерін сатып алғандығы жайлы мәлімет берілсе.

Сізге мұның бәрі бір қиял-ғажайып болып көрінер. Алайда, жақында Оңтүстік Кореяның 90 пайызға жуық тұрғындары коронавирус жұқтырған адамдармен соңғы уақытта тығыз байланыста болу мүмкіндігі жайлы осындай хабарламалар алған болатын.

Бұл қалай мүмкін болды? Дәрігерлер вирус жұқтырған адамның орналасқан жерін оның ұялы телефонының нөмері арқылы анықтай алады. Мұның бәрі ұялы байланыс сигналдары арқылы жүзеге асады. 10-20 минут ішінде дәрігерлерге вирус жұқтырған адамның соңғы 14 күн аралығы қай жерлерде болғандығы белгілі болады.

Егер ол супермаркетте болған болса, онда банктік карта арқылы жасалынған сатып алулар туралы білуге болады. Өз кезегінде бұл оның қандай сауда бөлімдерінде, сөрелерінде болғанын көрсетеді. Мұндай ақпараттың көмегімен сол уақытта жақын болған адамдардың көпшілігін ескертуге болады.

Содан кейін диагностика. Жақында сілекейден коронавирустың бар-жоғын 15 минут ішінде анықтайтын тест жасалған болатын.

Ал әлемге әйгілі қытайлық BGI компаниясы коронавирус диагнозын қою үшін модульді зертханалық технологияны жасап шығарды. 60 шаршы метр көлемді құрайтын зертхананы тек бір тәулікте жинап, содан кейін қолданғаннан соң, бөлшектеп, басқа жерге көшіруге болады. Зертхана синтетикалық мембраналардан жасалған және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін автономды ішкі желдету және ауа сүзу жүйесі бар үрленетін модульдерден тұрады.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны дайындау тұрғысында жақсы жаңалықтар жоқ емес. Жақында Moderna американдық компаниясы вакцинаны 45 науқасқа сәтті сынақ жүргізгенін мәлімдеді.

Оксфорд университетінің ғалымдары өздерінің вакциналарын мыңдаған еріктілерге сынап көрудің оңтайлы нәтижелерін көрсетті. Қазірдің өзінде Британия үкіметі оксфордтық вакцина сынағын 10 мың адамға дейін ұзартуды қолдады.

Бейжің биотехнология институтының қытай дәрігерлері коронавирусты бейтараптандыруға қабілетті антиденелерді – иммундық молекулаларды өндіруге ынтанландыратын механизмнің әзірленгені жайлы хабарлады. 108 еріктілерге жүргізілген сынақтар қорғаныс антиденелердің өндірілуі бір айдан соң әрі қарай жалғасатынын көрсетті.

Оңтүстік Американың жануарлары – таутайлақтар бөліп шығаратын антиденелерге ерекше қолданыс табылды. Бұл жерде таутайлақтың қандай қатысы бар деп сұрауыңыз мүмкін. Себебі мынада, таутайлақтар адамдармен салыстырғанда әлдеқайда аз мөлшерде антиденелерді бөліп шығарады. Мұндай антиденелер адам тіндеріне қолжетімділігі қиын жерлеріне еніп, сол жерде коронавирустарды тауып бейтарапттандырады. Яғни, осындай кербез жануарлардың антиденелерін адамға коронавирустық инфекцияны емдеу және алдын алу үшін қолдануға болады.

Коронавируспен күресте жасанды интеллект көмекке келеді. Бұл тек инфекция жұқтырғандарды көшедегі бейнебақылау камерасы арқылы анықтау деген сөз емес. Өздігінен жүретін автомобильдер, роботтар және дрондар карантинге байланысты үйден шықпағандарға тамақ пен дәрі-дәрмек жеткізуге көмектеспек.

Телемедицина жедел дамып келеді. Қарт адамдардың денсаулығын қашықтықтан диагностикалауға және бақылауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар коронавирустық инфекцияның немесе басқа да ауыр дерттердің белгілері анықталған жағдайда сигнал беретін бағдарламалар жасалып отыр.

Жақында Қытайдың технология алыбы Alibaba коронавирус жағдайын 20 секундта анықтауға мүмкіндік беретін алгоритмді жариялаған болатын. Оның үстіне 96 пайыз дәлдікте, бұл медициналық қызметкердің диагностика жүргізуімен салыстырғанда 45 есе тез.

Сонымен қатар, таяу арада технологиялық алыптар Apple мен Google тартымды әдістер ұсынған болатын. Қалыптасқан келіспеушіліктерді жеңе отырып, бұл бәсекелестер бірлесе мобильді қосымша шығарған болатын, ол Bluetooth сигналы арқылы коронавирус жұқтырғандардың жақын маңда екендігін хабарлап отырады. Яғни, бұл жоғары айтылған Оңтүстік Корея әдісі, тек ерікті негізде.

Коронавирус пандемиясы кооперация мен технологиялық прогрессті едәуір жеделдетті. Коронавирустың таралуын бірігіп тоқтатуға тырысқан елдер бұрын білім мен технологияның өрбуіне кедергі келтірген халықаралық «шекараны» жойып, ортақ мақсатпен жемісті жұмыс атқаруда.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.