Жүктелуде...
 

Іш қатуды емдеу және алдын алу

Іш қату - адамдардың көп жария еткісі келмейтiн нәрселердің бірі. Егер сізде мұндай проблема туындаған болса, онда ол ауыр және өте жайсыз құбылыс екенін білесіз. Бүгінде ересек жастағы адамдардың шамамен 2% іш қатудан зардап шегеді; соның ішінде әйелдер мен қарт адамдар осы жайсыздыққа жиі ұшырап жатады.

Іш қатуды емдеу және алдын алу

translator сенбі қараша 21, 2020


19 11 2020

Іш қату - адамдардың көп жария еткісі келмейтiн нәрселердің бірі. Егер сізде мұндай проблема туындаған болса, онда ол ауыр және өте жайсыз құбылыс екенін білесіз. Бүгінде ересек жастағы адамдардың шамамен 2% іш қатудан зардап шегеді; соның ішінде әйелдер мен қарт адамдар осы жайсыздыққа жиі ұшырап жатады. Негізі іштің қатуы қауіпті құбылыс емес, бірақ ол біршама жайсыздық тудырады.

Іш қату дегеніміз не?

Ішек бойының босауы қиындап, әдеттегіден әлдеқайда сирек дәретке отырғанда іштің қатуы пайда болады. Әр адамның іш босату жиілігі әртүрлі болады және әрбір адамда әрқандай өзгерістер орын алып жатуы мүмкін. Кейбір адамдар дәретханаға күніне 3 рет барса, ал басқалары аптасына бір немесе екі рет барады. Алайда, 3 күннен асып кетсе, ол аса сирек үзіліс болып саналады. Дәрет нәжіс қатып, ішек бойымен жылжыу қиынға соғады.

Кем дегенде үш ай бойы мынадай екі жағдайда орын алса, сізде іш қату проблемасы туындаған деген сөз:

• Дефекация уақытының 25% -нан астамы күшенуіңізге жұмсалатын болса;
• Нәжісіңіздің 25 % дан астамы қатты болғанын байқасаңыз.;
• Ішіңіздің 25% - дан астам бөлігін босата алмасаңыз;
• Үлкен дәретке аптасына 3 реттен аз барсаңыз .

Іш неден қатады?

Органикалық аурулардың себебінен ішектің функционалдық бұзылулары пайда болады.
Іш қатудың жиі кездесетін себептері:

• Суды тым аз қабылдау
• Азық құрамында талшықтың аз мөлшер де болуы
• Әдеттегі диетаның бұзылуы; саяхатта жүру
• Физикалық белсенділіктің төмендеуі немесе қозғалыссыздық
• Көптеген сүт өнімдерін пайдалану
• Күйзеліс
• Дәретханаға баруды саналы түрде қысқартатындықтан (кейде ауыр геморройға байланысты)
• Уақыт өте келе ішектің бұлшық еттерін әлсірететін дәрілік заттарды пайдалану, яғни іш жүргізетін препараттарды өте жиі пайдалану
• Гипотиреоздизм
• Паркинсон ауруы немесе склероз сияқты неврологиялық бұзылулар
• Кальций немесе алюминий бар антацидтерді қабылдау
• Басқа препараттар (әдетте ауырсынуды басатын - есірткі анальгетиктерін, антидепрессанттарды, темір препараттарын)
• Депрессия
• Тамақтану тәртібі бұзылуы
• Тітіркенген ішек синдромы
• Жүктілік кезінде;
• Тоқ ішектің қатерлі ісік ауруы
Кейде іш қатудың себебі ішектің жүйке немесе бұлшықеттерінің әлсіреуінен болуы мүмкін.

Іш қатудың симптомдары қандай?

Іш қатудың симптомдары:

• дәретханаға қажеттіліктің жиі туындамауы және / немесе несеп шығаруда қиналу
• Іштің ауыруы және желденуі
• Ауырсыну
• Құсу


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.