Жүктелуде...
 

Жедел цистит кезіндегі фитотерапия эффективтілігі

Жедел цистит – бұл кең таралған ауру және көбінесе әйелдерде кездеседі. Қазақстанда жылына жіті циститтің 500-600 мың жағдайы орын алады. Медициналық протокол бойынша циститтің барлық формасында антибактериялық терапия жүргізіледі. Бірақ соңғы жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 1 жыл ішінде аурудың қайталануы әйелдердің 50%-ында дамиды.

Жедел цистит кезіндегі фитотерапия эффективтілігі

translator жұма сәуір 30, 2021


Дизайн без названия

Жедел цистит – бұл кең таралған ауру және көбінесе әйелдерде кездеседі. Қазақстанда жылына жіті циститтің 500-600 мың жағдайы орын алады. Медициналық протокол бойынша циститтің барлық формасында антибактериялық терапия жүргізіледі. Бірақ соңғы жылдары жүргізілген зерттеу бойынша 1 жыл ішінде аурудың қайталануы әйелдердің 50%-ында дамиды. Яғни бұл антибактериалды терапияның дәстүрлі курстары әрқашан күтілетін нәтиже бермейтінін көрсетеді. Бұл көп жағдайда антибактериалды препараттарға жоғары резистенттілік дамуы мен аллергиялық реакциялардың көбеюіне, бауыр мен бүйрекке токсикалық әсердің жоғары болуымен байланысты.

Сондықтан протоколдық ем бойынша осы бір қазіргі кезде көп асқынулармен, емдік нәтижесінің көрсеткіштері төмендеп кетуіне байланысты табиғи негіздегі, бауыр мен бүйрекке токсикалық әсері төмендеу, ас қорыту жолында жеңіл сіңірілетін шөптекті фитопрепараттарды медициналық клиникалық деңгейде қолдану ұсынылды. Осы тұрғыдан алғанда, циститті кешенді емдеуде қосымша қолдаушы терапия немесе алтернативті терапия ретіндде шөпттекті препараттарды, атап айтқанда, Канефрон құрамында - Толғақшөп шөбі 18мг, дәрілік сүйментамыр тамыры 18 мг, Гүлшетен жапырақтары 18 мг (аталған компоненттер диуретикалық, спазмолитикалық, қабынуға қарсы, бактерияға қарсы және қан айналымын көтермелейтін әсерге ие) және Цистон құрамында – сабақталған қосжеміс жапырақтарының сығындысы, тілшік тас жарған тамырларының сығындысы, жүрекше жапырақты риян тамырларының сығындысы , сәлемшөп тамырларының, гүлжапырақ оносма сабағының сығындысы , күлгін верония шөбінің сығындысынан жасалған және негізгі емдік әсері - ішектің литогендік заттармен шамадан тыс қанығуына кедергі жасайды, ішектен оксамидтердің (тастың түзілуін жылдамдататын заттар) сіңуін азайтады және кристаллоидты-коллоидтық тепе-теңдікті қалпына келтіреді.

Қосымша Цистон нефролитиаз ауруларында да жақсы нәтиже алуға мүмкіндік береді. Тастардың, кристалдардың түзілуін басады, тас түзетін заттардың: қымыздық қышқылының, кальций гидроксипролинінің және басқалардың мөлшерін азайтады, және олардың ыдырауына және ұсақталған түрінде шығарылуына мүмкіндік береді.
Осы жағдайға байланысты клиницистік деңгейде аранйы дәрігерлер тобы - жедел циститпен ауыратын науқастарды емдеудің кешенді технологиясындағы Цистон мен Канефрон таблеткаларының базистік терапияға қосымша және альтернативті ем ретінде тағайындалғандағы клиникалық тиімділігін анықтау үшін зерттеу жүргіздік.

Біздің зерттеуімізде:

- жедел циститпен ауыратын 150 науқастың 16-дан 45 жасқа дейінгі 137 (91 %) әйел және 13 (9 %) ер адам болған
- Жедел цистит науқастарының орташа жасы – 33,7 жасты құрады.
- Амбулаториялық емделуде – 150 (100%) адам болды. Ауру тарихы бірнеше сағаттан 7-8 күнге дейін болды.
- Сол науқастардың 141-інде (94 %) бұл эпизод өмірінде бірінші рет орын алды, 9 (6%) анамнезінде бір жыл бұрын дизурияның бір эпизоды байқалды.

Зерттеу нәтижесі бойынша:

- Емдеу нәтижесінде зәр анализінің көрсеткіштерін қалыпқа келтіру науқастардың барлық топтарында 7-ші күні байқалды. Лейкоцитурия III топтағы 2 (7 %) науқаста (базистік терапия 7 күн) және VI топтағы 1 (4 %) науқаста (базистік терапия 3 күн) емдеу мерзімі аяқталғаннан кейін сақталды.
- Тек базистік ем қабылдаған науқастар тобында 93% жағдайда сауығуға, 7 %– да жақсаруға қол жеткізілді.
- Аурудың қайталану қаупі факторлары бар жіті циститпен ауыратын науқастарда 3 ай ішінде III топтағы науқастарда (базистік терапия) – 7 (31,8 %), I (Цистон) – 2 (10,5 %) және II (Канефрон) – 2 (9%) салыстырғанда едәуір жиі дамыды.

Осылайша, “Цистон” және “Канефрон” препараттарын жедел циститпен ауыратын науқастарды кешенді емдеуде қолдану жедел кезеңде аурудың клиникалық симптомдарын тоқтату уақытын қысқартады, сонымен қатар “Цистон” препаратының тиімділігі дәстүрлі өсімдік препаратын – “Канефрон” препаратын қолдану әсерінен асып түседі.
Жедел циститті кешенді емдеуде фитопрепараттарды қолдану бір жыл ішінде қуық инфекциясының қайталану санын азайтады. Жедел асқынбаған циститпен ауыратын науқастарды кешенді емдеуде шөп медицинасын қолдану ең перспективалы болып табылады, онда Бактерияға қарсы терапияның қысқа курстары қолданылады, фитопрепараттарды қабылдау, бұл жағдайда антибиотиктерді аз қолданумен емдеу тиімділігін едәуір арттырады. “Цистон” препараттарын қолданатын шөп дәрілерінің тиімділігі өсімдік препаратын қабылдау ұзақтығына байланысты. 21 күн ішінде фитопрепараттарды қолдану 7 күндік курстарға қарағанда жақсы нәтиже көрсетті, дегенмен бұл нәтижелер біздің зерттеулерімізде статистикалық тұрғыдан сенімді емес. Дегенмен, біздің ойымызша, шөп дәрілерінің ұзағырақ курстарын (3-4 апта) қолданған жөн

Қосымша ұсынылымдар:

1) Базисті терапия бойынша қолданылатын антибиотиктерге резистенттілік және жеке ағзалық сезімталдық болған жағдайда альтернативті терапия ретінде тек шөптекті фитотерапия жүргізуге ұсынылады.
2) Аталған препараттарды жүкті және емізетін әйелдерге ешқандай шектеусіз тағайындауға болады, себебі антибиотиктерге қарағанда фетотоксикалық әсері және қарсы көрсетілімдері жоқ .
3) 2-15 жастағы балаларға да таңдау препараты ретінде бауырға токсикалық әсерінен қорықпай тағайындауға болады.
4) Басқа препараттардың таңдамалылық әсерін ескере отырып, Цистон мен Канефрон шөптекті препараттарын жыныс-зәр шығару жолдарының жалпы инфекцияларында, бүйрек қызметіне жалпы емдік әсері болатынын да ұмытпау қажет.

Авторлары:

Интерн-дәрігерлер: Бахыт Алиакбар, Біләл Ғабит, Ибатолла Бибарыс, Жолдыбаев Аян, Мұсабаева Айым, Оспанов Бақдаулет

Ғылыми жетекшісі: Кушербаева Е. Ш.