Жүктелуде...
 

Қатерлі ісікке қарсы жасалған жаңа вакцина лимфомамен күресу кезінде айтарлықтай әсер танытты

АҚШ-тағы шағын клиникалық зерттеулер барысында лимфомамен ауыратын науқастарға қатерлі ісікке қарсы тәжірбелік вакцинаны салып сынап көріп, перспективті нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Nature Medicine журналы

Қатерлі ісікке қарсы жасалған жаңа вакцина лимфомамен күресу кезінде айтарлықтай әсер танытты

translator Сейсенбі сәуір 30, 2019


Mikroskop

АҚШ-тағы шағын клиникалық зерттеулер барысында лимфомамен ауыратын науқастарға қатерлі ісікке қарсы тәжірбелік вакцинаны салып сынап көріп, перспективті нәтижелерге қол жеткізілді, деп хабарлайды Nature Medicine журналы. Нью-Йорктегі Маунт Синай ауруханасында препарат 11 науқасқа сыналды. Емдеудің нәтижесінде науқастың кейбіреулерінде тұрақты және ұзаққа созылған ремиссия кезеңі басталды.

Ғалымдардың түсіндіруінше, жаңа әдісті тек шартты түрдегі вакцинация деп атауға болады, өйткені ол ісіктің дамуына кедергі жасамайды, бірақ иммундық жүйені ісікке қарсы қойып,ісіктің бұзылуына ықпал етіп, бойдағы аурумен күресуге көмектеседі.

Терапия тікелей ісікке бағытталған. Біріншіден, иммундық жасушалардың санын көбейту үшін оған стимулятор енгізіледі, содан кейін ісік сәулеленудің төмен мөлшерімен өңделеді және иммундық жасушаларды белсенділендіретін стимулятор енгізіледі. Вакцина иммундық реакцияларды бастауға жауапты дендритті жасушаларды тудырады. Бұл жасушалар Т-жасушаларға ісікке шабуыл жасауға пәрмен береді. Сол сияқты активтендірілген иммундық жасушалар адам ағзасында қозғала бастайды және онкологиялық жасушаларды іздейді және бұзады.

Эксперименталды емдеу кезінде үш науқастың тек ісіктері ғана жойылып қана қоймай, ағзаларының басқа бөліктеріне шабуылдаған қатерлі түзінділері де жоғалып кеткен екен.

«Өте маңыздысы, тек тікелей қатысты ісікке ғана емес, сондай-ақ сәулеленуден тыс аймақтарға да әсер етуі болып отыр. Бұл нәтиже шынымен де бізді жігерлендіреді», - дейді, осындай зерттеулермен айналысатын NewYork-Presbyterian Weill Cornell медициналық орталығының радиациялық онкология кафедрасының меңгерушісі, доктор Сильвия Форменти.
Нақты нәтиже тек үш науқаста ғана байқалғандықтан, ғалымдар бұл бастаманы кең көлемде зерттеу қажет деп санайды. Олардың пікірінше, болашақта мұндай терапияны сүт безі қатерлі ісігіне, сондай-ақ бас және мойын ісіктерімен күресу үшін қолдануға болады.

«Сауықтыру көптеген басқа қатерлі ісік түрлеріне қолданылады. Бұл әдіс иммундық терапияның басқа түрлерін, мысалы, бақылау нүктелерін бөгеттеуге табысты қолдануға мүмкіндік береді », - дейді лимфоманың иммунотерапия бағдарламасының директоры Джошуа Броди.

Алғашқы он жылдықта онкологиялық ауруларға қарсы вакцинаны іздеу жалғасуда. Иммунотерапия саласындағы қазіргі заманғы технологиялар мен жаңа жетістіктер, бұл ауруға қарсы тұру үшін адамның иммундық жүйесін тануға көмектеседі, соның арқасында осы бағытта айтарлықтай прогрестерге де қол жеткізілді.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.