Жүктелуде...
 

Ғалымдар темекіні тастауға не кедергі болатынын айтты

Кез-келген адам темекінің денсаулыққа зиян, әрі өмірге қауіп төндіретінін біледі, сонымен қатар бұл жаман әдеттен арылғысы да келеді. Дегенмен, бұның оңайға соқпасы анық.

Ғалымдар темекіні тастауға не кедергі болатынын айтты

translator дүйсенбі маусым 17, 2019


16 06 2019

Кез-келген адам темекінің денсаулыққа зиян, әрі өмірге қауіп төндіретінін біледі, сонымен қатар бұл жаман әдеттен арылғысы да келеді. Дегенмен, бұның оңайға соқпасы анық. Шын мәнінде темекідегі никотин физиологиялық тәуелділікті туындататын еліткіш заттардың бір түрі болып табылады. Ол шеккен адамның көңілге бастапқыда жағымды әсер беріп, соңынан күйзелістік жағдайға түсіреді екен. Бастапқыда никотин жүректің соғу жылдамдығын арттырады, сонымен қатар кофеин немесе басқа да стимуляторлар сияқты қуану мен қуаттану сезімдерін тудырады. Алайда, кейінірек ол сезімдер күйзеліс пен шаршау сезімдеріне ұласады.

Күйзелу мен шаршау - бұл никотиннен «бас тарту синдромы», бұл кезде темекі шегушінің тағы бір темекі тартуға аңсары ауып тұрады. «Бас тарту синдромы» физикалық және психологиялық көріністермен сипатталады. Физикалық көріністер жоғарыда айтылғандай, белгілі бір дәрежеде еліткіш зат болып табылатын никотин болмаған кезде пайда болады.

«Бас тарту синдромының» физикалық және психологиялық көріністері: сіз соңғы шеккен темекіден кейін бірнеше сағаттан кейін басталады және 3-7 күнде шыңына жетеді. Олар 2-3 аптадан бірнеше аптаға дейін жалғасады. «Бас тарту синдромының» басты көріністері: депрессия, ашулану, тітіркену, ұйқы проблемалары, жиі уайымға түсе беру, бас ауруы, қалжырап және шаршау, тәбет азаяды.

Темекі шегуді тоқтату «жан-жолдасынан арылғандай» күрделі сезімді тудыруы мүмкін. Темекі шегу түрлі себептермен қолданылады. Кейбіреулер өз сезімдерін және эмоцияларын жасырады, ал басқалары кейбір адамдармен жақындасуға немесе керісінше өздерін қарым-қатынастан қорғау үшін. Бірте-бірте темекі темекі шегушінің өмірінің маңызды сипатына, жақын досына айналады. Дегенмен, есіңізде болсын, сіз шеккен әр темекі өмірізіңді минуттап, тіпті сағаттап қысқартады. Темекі шегуді тоқтату - денсаулықты жақсартатын, темекі шегуден туындаған аурулардың (обыр, жүрек қан-тамыр аурулардың) қаупін айтарлықтай төмендететін ақылға қонымды шешім.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.