Жүктелуде...
 

Азық-түлік өнімдерінің қаптамасындағы натрийдің таңбалануы нені білдіреді

Тұз дегеніміз химиялық зат, ол натрий хлориді деп аталады. Әдетте қаптамаларда натрийдің мөлшерін көрсетеді, бұл жерде белгіленіп отырғаны өнімге қосылған тұздың құрамындағы натрий. Егер тұзды тәуліктік нормасынан, яғни күніне 5 граммнан асырмай қолданатын болса, оның адам ағзасына пайдалы әрекеті мол. Тұзды тәуліктік нормасынан шектен тыс қолданудың жиіленуі артериялық гипертензияның, сондай-ақ Қазақстанда әрбір екінші мезгілсіз өлімнің себебі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Азық-түлік өнімдерінің қаптамасындағы натрийдің таңбалануы нені білдіреді

translator жексенбі желтоқсан 1, 2019


27 11 2019

Тұз дегеніміз химиялық зат, ол натрий хлориді деп аталады. Әдетте қаптамаларда натрийдің мөлшерін көрсетеді, бұл жерде белгіленіп отырғаны өнімге қосылған тұздың құрамындағы натрий. Егер тұзды тәуліктік нормасынан, яғни күніне 5 граммнан асырмай қолданатын болса, оның адам ағзасына пайдалы әрекеті мол. Тұзды тәуліктік нормасынан шектен тыс қолданудың жиіленуі артериялық гипертензияның, сондай-ақ Қазақстанда әрбір екінші мезгілсіз өлімнің себебі болып табылатын жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Соңғы зерттеулердің нәтижесі қазақстандықтардың тиісті нормадан екі есе көп тұзды пайдаланатындықтарын көрсетіп отыр. Тұзды тұтыну деңгейін гипертензия қаупін азайту мақсатында төмендету қажет. Бұл дегеніміз жүректің ишемиялық ауруын, жүрек жеткіліксіздігін, инсультті және бүйрек ауруының қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Ол үшін ұсынылған натрий мөлшерін, атап айтқанда күніне 2300 мг дейін қолданған жөн. Адам ағзасына тұздың 80% пайызы тұтынуға дайын өнімдерден, соның ішінде нан, ірімшік, соустар, ет консервілерінен және т.б. келетінін білген дұрыс. Сондықтан өнімдерді таңдау алдында міндетті түрде құрамында тұздың мөлшері аз өнімдерді таңдаған абзал. Оған құрамында 140 мг және одан аз натрий өлшемі бар өнімдер жатады. Тұздың жоғары мөлшері бар өнімдерді тұтынуды шектеу қажет. Бұл өнімдерге құрамында 400 мг натрий бар және найрийдің одан да көп мөлшерде кездесетін өнімдер (чипстер, мұздатылған жартылай фабрикаттар, әртүрлі снектер, шұжықтар, ыстамалар, тұздықтар және т. б.) жатады.

Гипертензияға қарсы және оны алдын алу үшін тұзды пайдалануды азайтудан басқа да жолы бар. Ол калийді қолдануды көбейту, салмақты азайту, физикалық белснділікті арттыру және жалпы пайдалы аспен тамақтану.

Уақыт өте келе адамдардың дәмдік талғамы өзгеруі мүмкін. Сондықтан да аз тұзды тағам дәміне ептеп бейімделуге әбден болады. Дұрыс шешім қабылдадым деген ой да дәмдік талғамыңызды тез өзгертеді. Одан бөлек соңғы уақыттарда тұздың орнына калий хлоридін қолдану кеңінен таралуда. Олар тағамның қажетті дәмдік сапасын қамтамасыз ете алады. Алайда кейбір жағдайларда дәрігермен кеңескен жөн, өйткені тұздың орнына қолданатын кейбір қоспалардың әртүрлі аурулармен ауыратын адамдардың денсаулығына жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Тұзды тұтынуды азайту үшін, оны тамақ дайындау кезінде пайдалануды шектеуге баса назар аудару қажет. Одан бөлек асты таңдарда міндетті түрде жаңа табиғи өнімдерге артықшылық берген дұрысырақ. Сонымен қатар тазартылған, терең технологиялық өндеуден өткен өнімдерге сирек жүгінген жөн.




Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.