Жүктелуде...
 
Соңғы жылдары коронавирустық және басқа да індеттер неге жиеленіп кетті, сондай-ақ қазіргі пандемияның осындай теңдессіз тез ауқымға ие болуына не себеп?

translator жексенбі сәуір 12, 2020

вирус2

21 ғасырда біз бірнеше рет коронавирустардан туындаған өте қауіпті індеттермен ұшырасып отырмыз. 2003 жылы атипті пневмония (SARS) індеті, ал 2012 Таяу Шығыс респираторлық синдромы (MERS) індеті өршіген болатын.
Олардың агрессивті болғаны сонша, індетті жұқтырғандардың 10-37 пайызы жан тапсырды. Алайда, қатты ауырған емделушілерді ауруханаға жедел жатқызып, олардың індетті басқаларға жұқтыруына жол бермеді. Міне, осының арқасында SARS пен MERS індеттері тез басылған болатын.

Қазіргі үшінші реттегісі – COVID-19 пандемиясы болып табылады. Ол денсаулық сақтау жүйесіне, әлеуметтік-экономикалық ахуалға, азаматтардың көңіл-күйі мен саулығына айтарлықтай кесір тигізетін қауіпті індет болып тұр.

Мәселе табиғи тепе-теңдіктің бұзылуына әкелетін әлемдегі халық тығыздығы мен біздің тіршілік әрекетімізден туындап тұр. Бүгінде адам — Жер бетінде басымдыққа ие тіршілік иесі. Біз көптеген құрылыс, баспана және жолдар салумен келе жабайы аңдардың мекеніне басып кірудеміз. Осыған байланысты жануарлар әлемінің әртүрлі өкілдерімен жиі кездесетініміз сөзсіз, және де олардың басым көпшілігі ықтимал қауіпті вирустардың тасымалдаушылары болып табылады.

Қала маңында жүріп, жаңбырдан пана іздеп жарқанаттар мекендеген үңгірде тығылған Қытайдың Ухань қаласының тұрғынының терісіне немесе тамағына мутацияланған коронавирустың қалай түскенін біз тек болжай аламыз. Мүмкін өзінің сілекейі немесе нәжісі арқылы жарқанаттар мутацияланған вирусты адамға жұқтырып, одан соң қауіпті инфекцияны ол адам халық тығыз орналасқан қала тұрғындарына таратты. Сондай-ақ жарқанаттарды тағамға пайдаланғаннан адамға жұққан деген де болжамдар да бар. Қорыта айтқанда, адам баласына мұндай қауіпті жануарлардан өздерін оқшау ұстап, табиғи тепе-теңдікті сақтауға тырысу керек демекпіз.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.