Жүктелуде...
 

Карантин не үшін қажет және ол қанша уақытқа созылады?

Карантин не үшін қажет және ол қанша уақытқа созылады?

translator Сәрсенбі сәуір 15, 2020


Карантин

Қазақстанда төтенше жағдай мен карантинді сәуір айының соңына дейін созды. Бұл неліктен маңызды?

Біз далаға шығып, дүкенге немесе кафега баратын болсақ короновирустың тасымалдаушысы болып табылатын адамдарды кездестіруіміз ықтимал, тіпті олардың өздері вирус тасымалдаушысы екендерін білмеуі де мүмкін. Олардың кейбіреулері кейінірек ауырса, ал 50 пайызында ауру білінбей, ешқандай симптомсыз өтуі де мүмкін.

Сонымен қатар, біз өзіміз де коронавирусты жұқтырып, еріксіз оны қоршаған ортаға тарата аламыз. Сондықтан да біраз уақытқа адамдар көп шоғырланатын ортаға барудан бас тарту арқылы біз өзімізді, сонымен қатар басқаның да өміріне қауіп төндірмейміз. Бұл өте маңызды.

Көпшілігіміздің бұл жағдайға түсіністікпен қарап, қарым-қатынасты тіпті ең жақын туған-туыстарымызбен де шектеуіміз қажет болады. Алайда, өкінішке орай кейбір адамдардың немқұрайды қарауы, жауапсыздығы, қырсықтығы, надандық танытуы қынжылтады.

Біздің осы мінез көрсетіп, жауапсыздық немесе батылдық танытуымыз коронавирусқа бәрібір-ақ. Сондай-ақ оған материалдық жағдайымыз бен біліміміздің деңгейі, тіпті біздің қай ұлттан екеніміз де қызықтырмайды. Оған керегі біздің ағзамыздың жасушаларын зақымдау.

Иммундық қорғаныс, вакцина мен дәрі-дәрмектің жоқ кезінде одан қорғанудың жалғыз-ақ жолы – оқшаулану. Ал, тиімді тәсілі – ұжымдық қорғаныс болып табылады. Міне осы үшін де карантин енгізіледі.

Мұндай шаралардың, әсіресе ол қанша уақытқа созылады екен деген белгісіздік орын алған кезде ыңғайсыздықтар туындайтыны сөзсіз. Алайда, барлығымыз да әлі күнге дейін біздің арамызда вирус жұқтырған адамдар бар екендігін түсінуіміз керек. Оларды дәрігерлер анықтап, оқшаулап, емдеуді жалғастырмақ.

Егер де біз ұстанымдарды сақтамай және әдетті өмірге оралуға тырысатын болсақ инфекция тарала береді. Әзірше өзіміздің, жақындарымыз бен айналамыздағылардың денсаулығы үшін бұлай етудің еш қажеті жоқ.

Тайвань, Сингапур және Гонконг сияқты елдер бұрын осындай індеттерге тап болған. Қазіргі жағдайда олар білімі мен тәжірибесін қолдана коронавируспен күресіп, ерте кезеңдерде карантиндік шаралар енгізе бастады. Бұл өзінің оң нәтижесін беруде.

Коронавирустық эпидемия ағымының математикалық модельдеуі мұндай шектеулер өлім-жітімнің он есе азаюын қамтамасыз ете алатынын көрсетті. Австрия, Германия, Чехия сияқты кейбір елдер үміт күттіретін нәтижелерді көрсете отырып, карантиндік шараларды жеңілдете бастады. Тіпті пандемия бастау алған Қытайдың Ухань қаласында да мұндай бағыттағы қадамдарды жасай бастады.

Дегенмен қалыпты өмірге үлкен сақтықпен оралу керек. Өйткені, коронавирустық індет қайталанып, әртүрлі географиялық аймақтарға тарап, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін.

Дегенмен бүгінгі карантинге төзіп, оны өткеріп, болашақта мұндай қатаң шараларды қолдану қажет болмас деген үміт бар. Ол уақытта біз вирус жұқтырғандарды және олармен байланыста болған адамдарды тез анықтауды, сондай-ақ барлық адамдарға қажет болатын қорғаныс құралдарының қолжетімділігін уақытылы қамтамасыз етуді үйренерміз. Сондай-ақ қажетті дәрі-дәрмектер де, вакциналар да ол уақытқа дейін шығып үлгеруі мүмкін. Осының барлығы бізге өмірді қалыпты арнаға қайтаруға мүміндік береді.

Еліміздің барлық қалаларында енгізілген карантиндік шаралар негізді және уақытылы болып табылады. Олар коронавирус індетінің таралуын тежеуге, уақытты ұтуға және денсаулық сақтау жүйесіне ауыр науқастардың үлкен ағымына жол бермей, көптеген адамдардың өмірлерін сақтап қалуға бағытталған. Бізде басқа елдермен салыстырғанда аз шығынмен өтелуіміз әзірге жаман емес.

Бұл жағдайда азаматтарға дәрігерлердің талаптарын мүлтіксіз орындай отырып және жеке гигиена шараларын сақтап, шыдамдылық танытуы керек.

Күннің жылынуымен бірге коронавирус індеті де басылар, бізде де денсаулығымызды нығайта аламыз деген үміттемін.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.