Жүктелуде...
 

Әлем COVID-19-бен қалай күресуде?

Әлем COVID-19-бен қалай күресуде?

translator жексенбі қараша 8, 2020


D07510c3 2473 4b7f B085 0baf8a3be470

Осыдан он ай бұрын, ақпан айында мен Қытайдың Уханьқаласында басталған коронавирус эпидемиясының қаупі туралы айтқан едім: https://mix.tn.kz/mixnews/koronavirus-chto-nujno-znat-390805/

Осы мақаламнан кейін бір ай өткен соң Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия жариялаған болатын. Бүгінгі күндері біз бұрын-соңды болмаған жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Бұл жер шарындағы барлық адамдардың өміріне әсер етуде. Әлем COVID-19-бен қалай күресіп жатқандығы туралы не білеміз?

Мен таяуда осы тақырыпта Джонс Хопкинс, Вашингтон, Оксфорд және Стэнфорд университеттерінің халықаралық сарапшыларымен, сондай-ақ Жапония, Сингапур, Жаңа Зеландия, Швеция және дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ғалымдарымен әңгімелескен болатынмын. Сонымен белгілі ғалымдар нені ұсынып отыр?

Әлемде әлі де коронавирусқа қарсы қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденген вакиналар мен дәрілер жасалған жоқ. Сондықтан, пандемиямен маска кию, қол гигиенасын сақтау және орындарда адамдар көп шоғырлануына жол бермеу арқылы ғана күресуге болады. Мысалы, Еуропада осындай ережелерді сақтаудың арқасында келесі 6 айдың ішінде 280 мыңға жуық адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар екен.

Пандемияның жаңа толқыны кезінде үйде болу ұсынылады, ал үйден шыққан бойда маска тағу қажет. Барлық сарапшылар маска тағу – COVID-19-ға қарсы күресте ең тиімді қару деп санайды. Олар бұл талаптың сақталуын өз еліне және адамдарға деген сүйіспеншілік пен құрметтің көрінісі деп санайды.

Масканы мұрынды жауып, дұрыс тағу қажет. Көпшілік біле бермейтін бір нәрсе бар. Ғалымдар бұл құбылыстың мағынасын жуырдағы ғылыми зерттеу барысында анықтаған болатын. Бұл жерде айтылып отырған әңгіме сөйлеу, айқайлау мен әндету жайында. Осыған байланысты сіз жабық бөлмеде немесе көлік ішінде болып маскасыз отырсаңыз, онда үндемегеніңіз маңызды.

Эпидемияға қарсы шараларды сақтамау сөзсіз коронавирустың өршуіне әкеледі. Мұндай жағдайларда үкімет қатаң шектеу шараларын қолданады. Пандемияның екінші толқынына байланысты бірқатар елдер қайтадан адамдардың қозғалысын шектеу мақсатында қалаларды жаба бастады. Мұны локдаун деп атайды. Вирусты жұқтырғанды және олармен байланысқа түскендерді оқшаулайтын шараларды карантин деп атайды.

Локдаунсыз-ақ өтуге бола ма? Ол үшін эпидемияға қарсы шаралар қатаң сақталуы қажет. Мысалы, Оңтүстік Корея, Тайвань, Сингапур азаматтарының 90 пайыздан астамы маска тағып жүреді екен. Осының нәтижсінде бұл елдерде COVID-19 инфекциясы мен өлім-жітім деңгейі өте төмен көрсеткіште болып, олар локдаунсыз-ақ өтті. Бұл елдің азаматтары сарапшыларға зор сеніммен қарап, олардың ұсыныстарын орындайды. Соның арқасында COVID-19 ондағы экономика мен әлеуметтік тұрмыс жағдайына әсер етпеді, ал пандемия күнделікті қатты өзгерте қоймады.

Пандемия қоғамдық денсаулықтан да бөлек,басқа да көптеген мәселелер туғызды. Оларға психикалық ауытқулар, гендерлік дәне тұрмыстық зорлық-зомбылық, экономикалық салдарлар, атап айтқанда көпшілік адамдардың жұмыссыз қалуы.

Бір бүгінгі уақытта білім беру жүйесі тарихындағы ең үлкен дағдарыстың куәсі болып отырмыз. Бұл дүние жүзіндегі миллиардтан астам оқушыларға кері әсерін тигізді. Балалар мектепке бара алмай, студенттер оқу орындарындағы сабақтарға қатыса алмауда. Көптеген отбасылардың табыстары кемуде. Тағы да басқасы.

COVID-19-дан басқа адамдар туберкулез, жүрек-қан тамырлары, қатерлі ісік және көптеген басқа аурулардан зардап шегіп, көз жұмуда. Бұрын мұндай науқастармен жұмыс жасаған дәрігерлер пандемияның кесірінен, жұмысбастылықтың көбеюі мен шаршаудан оларға толыққанды көмек көрсете алмауда. Бұл жағдай бүкіл әлемде алаңдаушылық тудырып отыр.

Біз денсаулық сақтау жүйесіне эпидемиямен күресуге қалай көмектесе аламыз? Дұрысы, әрқайсымыз өзімізді COVID-19-ды жұқтырғандай ұстағанымыз жөн. Бұл бізді басқа адамдармен қарым-қатынасымыз бен мінез-құлқымызды өзгертіп, басқаша қарауға мәжбүрлейді. Біз вирусты айналамыздағыларға таратпау үшін маска тағамыз.

Адамдар маска тағып, гигиена ережелерін сақтап, өздерін жауапкершілікпен ұстаса, айналасындағы адамдарға қамқорлықты сезінуге болады. Сіз маска тағып жүрсеңіз, онда сіз менің денсаулығыма қамқорлық таныттыңыз дегенді білдіреді. Сол сияқты бұл менің өзіме де қатысты. Бұл жағдай адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасын, шынайы жанашырлығы мен қамқорлығын көрсететін үнсіз байланыс түрі. Егер біз өзімізді «бізде вирус бар сияқты» ұстасақ, бұл біздің айналамыздағы адамдарға бей-жай қарамайтындығымызды, сондай-ақ оларды вирустан қорғағымыз келетіндігін білдіреді.


Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.