Жүктелуде...
 

Қыжылды қалай тоқтатуға болады

Қыжылды қалай тоқтатуға болады

translator дүйсенбі наурыз 18, 2019


7c0ab716 6378 46aa 9965 74296710515c

Көптеген адамдар тамақ ішкеннен кейін немесе белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдағаннан кейін кеуде тұсында ауырсыну сезінеді. Бұл жағдайда ауызға қышқыл немесе ащы дәм келуі мүмкін.

Көптеген адамдар қыжылды ауру деп есептемейді, дегенмен, ол асқазан-ішек жолдары ауруларының симптомы болып табылады. Қыжылдың пайда болу себебін анықтап, одан бір жолға құтылудың жолы гастроэнтерологке қаралу керек, тексерілуден өтуіңіз керек.

Дәрігерге баруға дайын болмасаңыз, кем дегенде, қыжылдың пайда болуына жол бермеңіз. Ол үшін келесі өнімдерді пайдаланбаңыз:

1. Цитрусты өнімдер: апельсиндер, мандариндер, лимондар, лаймдар, грейпфруттар –қыжылды тудыратын қышқыл жемістер. Грейпфруттер (фруктандардың жоғары құрамдастырылған) ауыр қортылады.
2. Шарап пен сыра. Бұл алкогольдік сусындар өңештің төменгі сфинктерінің жұмысын әлсіретеді. Ол кезде сіз қыжылды қатты сезінесіз.
3. Кофе. Ал егер іше қалсаңыз «кофені жоғын» тұтыныңыз.

Қыжылды болдырмау үшін тек аталған тағамдар мен сусындарды шектеп қана қоймай, сондай-ақ тамақ ішуді де бақылауда ұстау керек.

Асқазандағы тағамның қорытылуы ұзаққа созылуы мүмкін. Асқазандағы тағам шырынының қорытылу уақытының ұлғаюынан, асқазан сөлінің ішекке ену ықтималдылығы артады, бұл қыжылдың пайда болуын тудырады. Тамақты тарта жесеңіз асқазандағы астың қорытылу уақыты ұзарады да, одан қыжыл басылуы мүмкін. Майлы тағам асқазанда ұзағырақ қорытылады, сондықтан майлы тағамдарды шектеу керек.

Қыжыл тудыратын қоректік заттардың тізімдеп жазып алыңыз. Егер кез-келген өнімді жеп болғаннан кейін, сізде қыжыл туындаса, сол өнімді тізіміңізге қосыңыз. Қыжылдың алдын алып, оның неден туындайтынын анықтап, тіпті кейін келтіретін залалдарын да біліп алғыңыз келсе – ең дұрысы дәрігерге барып қаралыңыз.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.