Жүктелуде...
 

Ана болу қауіпсіздігі: неліктен бұл мәселе алаңдаушылық тудырып отыр

Ана болу қауіпсіздігі: неліктен бұл мәселе алаңдаушылық тудырып отыр

translator Сәрсенбі маусым 5, 2019


GAL 5795

Мүмкін, адам өмірінде ешқандай нәрсе баланың туылуын күткендей күтілмейтін шығар, және де ондағыдай қобалжу мен қуану сезімдерін сезіну де бола бермейтін жайт. Жарық дүние есігін ашқан нәресте туралы ғасырлар бойы ақындар мен суретшілер өз шығармашылықтарын арнап келген. Әрбір ана баласын босанған алғашқы минутын өз өмірінің ең жарқын оқиғасы ретінде есінде сақтайды, сондай-ақ отағасы да әке атанып үлкен эмоционалдық кезеңді бастан кешеді.

БАЛАНЫҢ ТУЫЛҒАНҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢІ

Ұрықтану, жүктілік және босану – бұл егжей-тегжейлі зерттелетін және алдын-ала болжамды болып көрінетін ең ежелгі тривиалдық процесс. Алайда, жүктілік пен босану әйел ағзасының, өмір сүруінің барлық қырларына және дамушы ұрыққа әсер ететін зор физиологиялық жүктемені қамтиды. Ұрықтанғаннан кейін қауіпке толы кезең басталады. Ол қауіп-қатерлерді жақсы түсіну үшін, сондай-ақ олардың алдын алатын шаралар қабылдау үшін жүктіліктің және босану кезінде әйелдің және ұрықтың ағзасының жалпы жағдайының қаншалық екенін түсініп алу маңызды.

Біз әзірлеген «Жүктілік калькуляторы» әр апта сайын болашақ баланың дамуы туралы егжей-тегжейлі және иллюстрацияларымен бірге не болып жатқанын көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, болашақ ана мен дамушы ұрықтың денсаулығын қамтамасыз ету үшін жүктіліктің әрбір сатысында қалай тамақтануға да кеңес береді.

Негізінде, адамның жүктілік пен босану кезеңі басқа сүтқоректілерден аса қатты ерекшелене бермейді. Бұл физиологиялық құбылыстың тарихы миллиондаған жылдан бері жалғасып келеді, босанудың шиеленістері көне аңыздар мен эпостарда да сипатталған. Ежелгі замандарда-ақ босанған әйелге деген жанашырлық сезімі туындаған, әйелді босандыру саласында он мыңдаған жылдар бойы жинақталған тәжірибе бар.

Болашақ ананың денесіндегі көптеген өзгерістердің мәні – босануға дайындық кезеңі болып табылады. Атап айтқанда, үлкен өзгерістер жатырда білінеді, ол жер босанар алдында, шұңқыр тәріздес кейіпке енеді. Әрбір толғақ кезінде, жатыр жиырылып «ұрықты» итереді. Бұл кезең әйелден ешқандай күшті талап етпей, өздігінен жүреді.

Босану кезінде ұрықтың басына қысым түсіп, жатыр қабырғалары бірте-бірте созылып, жұқарады. Жатыр мойны ашыла бастайды. Бастапқыда әрбір толғақ келген сайын жатырдың төменгі жағынан шағын тесік пайда болады. Ол кезде баланың басына тығыз көйлек кигізіп қойғандай көрінеді. Жатыр мойны бала басының диаметріне сәйкес, шамамен он сантиметрге дейін ашылмайынша «бала сыртқа шыға алмайды».

Жатыр жиырылып ұрықтың басын жамбастың ең тар бөлігіне «итереді»: содан бастың жоғарғы жағы көрінеді, нәрестенің басы, иықтары шығады және күтпеген жерден баланың «шыр» еткен даусы естіледі. Кіндігі кесіледі. Жолдасы ажырайды, жолдасын ажырату үшін анасы тырысып жатқанда, кіндіктен сәл тарту керек. Жатыр өздігінен жиырылады және барлық қан құйылыстары бұғатталып бұлшықет шумағына айналады. Сол уақытта әйелдің төсінде сүт пайда болады, онымен жаңа туылған нәрестені ауыздандыруға болады.

БОСАНУ: ҒАЖАЙЫП ПА, ӘЛДЕ КҮЙЗЕЛІС ПЕ

Құрсақтағы ұрықтың жайын ойлап көріңізші, ол туылғанға дейін 9 ай бойы жылы күйде, амниотикалық сұйықтыққа шыланып жатады. Жарық дүние есігін ашқаннан кейін, бұлардың барлығы кенеттен жойылып кетеді, өйткені ұрық қабаты жарылады, жылы амниотикалық сұйықтық ағып кетеді. Біраз уақыттан кейін нәресте мүлдем жаңа ортаға тап болады. Сол уақытта оның бір-қатар органдары - асқазаны, ішегі, бауыры, бүйрегі іске қосылады. Өкпе іске қосылып қан ағымы сыртқы ауадан келетін оттегінің берілуін қамтамасыз ету үшін бағытын өзгертеді. Нерв жүйесі сырттан келген, әсіресе көру арқылы үлкен ақпарат ағынына жауап бере бастайды. Ауа бірінші рет өкпеге кіреді, ал жаңа туылған нәресте жылайды – жаңа өмір басталады.

Нәресте туылған сәтте анасының құрсағындағы суға шыланып жатқан жерінен сыртқа шығады, бұрын естімеген дыбыстарды естіп, иістерді сезінеді, денесімен бұрын сезініп көрмеген салқын ауаны да байқайды. Шведтік Каролинск университетінің педиатр дәрігері Хьюго Лангерганцтың айтуынша, ұрықтың туылу процесі норэпинефрин стресстік гормонның үлкен шығарылымымен бірге жүреді, сонымен қатар оны ересектердің парашюттен алғашқы рет секіріп тұрған сәттерімен салыстыруға болады, және соншалықты күш жұмсайды.

Нәрестені жаңа әлемге қарсы алуда жауапкершілікті дәрігерлер алады, көбінесе неонатологтар, жас қонақты солар қабылдайды. Мамандар жабылып жүріп дені сау, тірі жанды жанұя қатарына қосады. Содан кейін команда жұмысын бастайды, ата-ана дәрігерлермен одақтаса баланы жердегі өмірмен таныстырады. Бастапқыда бұл нәрестеге қамқорлық деп аталады. Содан кейін педиатрлар байланыстырады, кейіннен басқа дәрігерлер де араласады. Адам баласы – әлсіз туған және ұзақ уақыт бойы үнемі қамқорлықты қажет ететін жалғыз сүтқоректілер. Ал кейбіреулер бұл өмір бойы жалғасуы керек деп санайды.

АНА БОЛУДАҒЫ ҚАУІПТІ ЖАҒДАЙЛАР

Жоғарыда айтылғандардың бәрі қалыпты жағдайларда, асқынбаған кезде ғана орындалады. Алайда, күтпеген жағдайлар босанудың кез келген кезеңінде пайда болуы мүмкін. Қан кетуі немесе плацентаның жыртылуы, босанғаннан кейін жатырда бөлшегі қалып қойса, көп мөлшерде қан кетуіне әкелуі мүмкін. Босанғаннан кейін жатырдың қалпына келмеуіне байланысты көп қан кетеді және әйел қан жоғалуынан өлуі мүмкін. Сирек кездесетін болса да, толғақ кезінде жатырдың жыртылуы мүмкін.

Жүктіліктің соңында шамамен 5 пайыз анасы мен баласының өміріне қауіп төндіретін преэкламсия туындауы мүмкін. Бұл мистикалық жағдай әлі күнге дейін толығымен түсіндірілмеген. Преэклампсия әдеттегі жүктілік кезінде болатын ісіну мен бас ауруы арқылы көрінеді, сондықтан осы қорқынышты жағдайдың шын белгілерін жіберіп алу оңай. Қысқасы, дәрігерлер үшін кейбір жүкті әйелдер «оқ-дәрі бөшкесі» іспеттес болып көрінеді, оларды әрдайым жіті бақылауда ұстау керек.

Сонымен қатар, жұқпалы инфекциялардың асқынуы әйел мен ұрықтың өміріне елеулі қатер төндіруі мүмкін. Амниотикалық сұйықтықтың ағуынан кейін, әр сағат сайын жатырға бактериялардың еніп кету ықтималдығы артады. Он тоғызыншы ғасырда дәрігерлер қолдарын жумай жатырын зерттеу арқылы жиі инфекцияны өздері тарататынын түсінді. Бактериялар жүкті әйелдерге еніп, ұрық пен ананың өміріне қауіп төндіретін қан инфекциясын (сепсис) тудырды. Антибиотикалық дәуірден бұрын, босанғаннан кейінгі әйел өлімінің негізгі себебі сепсис болды. Тіпті бүгінгі күні, егер амниотикалық сұйықтықтың ағуынан кейін жиырма төрт сағат ішінде босана алмаса , инфекция түсу ықтималдығы шамамен қырық пайызды құрайды.

Маңызды мәселелер патологиялық босану аясында да туындайды. Мәселен, жүктілік мерзімі 40 аптадан асып кетсе, іштегі бала салмағы үлкен болып әсіресе жүкті әйелдің жамбас сүйегінің кішкентай болуы үлкен қауіп тудыруы мүмкін. Кейбір жағдайларда бала туу каналдарына көлденең орналасып, алдымен қолы шығып жатады.

Баланың туу арнасына басымен емес, жамбаспен келген жағдайда, алдымен жамбасы шығып аяғы мен қолы кеудесіне қысылып қалып жатады. Бұл жағдай анасының өздігінен босануы қйынға соғады. Егер бала аяғымен төмен орналасса, алдымен аяғы шығып, кеуде тұсы ана жатырына кысылып қалуы мүмкін. Баланың басы пайда болуы мүмкін, бірақ бастың дұрыс емес орналасуына байланысты одан әрі процесс қиындайды. Кейде басы толығымен шығады, ал иықтары ананың алдыңғы жамбас сүйегіне қысылып қалады. Бала толық шыға алмай, туу арнасында тұрса, кіндігі бірте келе қысылып, жиырыла бастайды. Бұл нәрестенің тұншығуына (асфиксияға) әкелуі мүмкін.

Кейде толғақтың ұзаққа созылып кетуінен, әйелдер әлсіреп, босанбай тұрып көз жұмады. Ұзақ уақытқа созылған босанудың өзі көптеген қауіп тудырады. Бүгінгі күннің өзінде, амниотикалық сұйықтық босатылғаннан кейін 24 сағат ішінде босанбаса, жұқпалы инфекциялардың асқыну ықтималдығы 40 пайыз болады. Британ патшасы IV Георгтың жалғыз сүйікті қызы – ханшайым Шарлоттаны ұзақ уақыт босана алмауының салдарынан (50 сағаттан артық) көп қан жоғалтып, нәтижесінде қайтыс болған. Патшалық тақ оның ағасына берілді, ал кейіннен Англияда, тағдырдың еркімен, аңызға айналған Виктория патшайым билікке келді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында босануға қолайлы нәтиже беретін көптеген әдістер мен құралдар ойлап табылды. Бала туумен байланысты негізгі қауіпті мәселелер толығымен шешілгендей еді. Мысалы, антисептиктер мен акушерлік қысқыштар шыға бастады. Netflix компаниясынан шыққан «Корона» телевизиялық сериялында қазіргі британ патшайымы Елизаветаның босану кезінде қысқыштар қалай қолданылғанын көрсетеді. Медициналық практикаға қан құюды енгізді. Қан кетуді тоқтату үшін босанғаннан кейін жатырдың жиналуы үшін және босануды жеңілдету үшін дәрілік препаратты жасап шығарды. Олар ауруханалар салып,арнайы перзентханаларды жасауға кірісті және үй жағдайында босану сирей бастады.

Алайда, бұған қарамастан сол кезде де босанудан қайтыс болатындардың саны айтарлықтай төмендеген жоқ. Дәрігерлер жиі қан кетулерді жіберіп алады, антисептиктердің нормаларын дұрыс қолданбады, қысқыштарды дұрыс пайдаланбаған, жатырдың жыртылуын туындатып және бактериялық инфекциялардың жұғуына жол берген.

КЕСАРЬ ТІЛІГІ ӨЗ БЕТІМЕН, ДӘРІГЕР БОЛСА - АДАМ ЖАНЫНЫҢ АРАШАСЫ

Әңгіме екі адамның өміріне байланысты болып отыр, олар: ана мен баланы құтқару туралы. Бұл үлкен жауапкершілік. Салыстырмалы түрде қауіпсіз босандыру әдістерінің бірі – кесарь тілігі. Бұл әдеттегідей босана алмайтын ананың ішінен баланы шығарып алуға мүмкіндік беретін хирургиялық операция.

«Кесарь» деп аталатын бұл операцияның атауы аңызға негізделіп алынған, атап айтқанда Аурелияның Рим патшасы Цезарьды (Кесарьды) қандай жолмен босанғандығымен. Алайда, тарихшылар бұл оқиғаны миф деп санайды, өйткені Аурелия Цезарь туылғаннан кейін ұзақ өмір сүрген. Ежелгі Рим заңдары бойынша б.з. 7 ғасырда жүкті әйелдерді көмуге тыйым салынған болатын. Олар баланы аман алып қалу үмітімен анасының құрсағынан баланы шығаруды талап еткен. 1614 жылы Рим папасы IV Павел кез келген туылған баланы шоқындыруды талап ететін жарлық шығарды. Дегенмен, тірі әйелге кесарь тілігін жасау қылмыстық іс деп танылды. Бұл барлық жағдайларда іс жүзінде қан кету және жұқпалы асқынулардың салдарынан қолайсыз нәтижеге жетуімен аяқталатын еді. 19 ғасырда ғана анестезия және антисептика өнертабысынан кейін, сондай-ақ қан кетуді болдырмайтын жолдардың табылуына байланысты, 20-ғасырдың басында ғана медициналық тәжірибеде кесарь тілігін салыстырмалы түрде қауіпсіз жүргізу мүмкін болды.

Заманауи дәрігер кесарь тілігі бойынша хирургиялық операцияның бүкіл процесін алай сипаттап берер еді? Скальпель пышағымен әйелдің ішінің төменгі жағын көлденеңнен тіледі. Бастапқыда алтын түсті майлы қабаты ашылады, ол скальпельдің бірнеше қозғалысымен теріден бөлінеді. Бұдан соң дәке жастықшасымен кеткен қанды сүртіп отырады. Содан кейін «шандыр» деп аталатын қаптамаға ұқсас іш қабырғасының талшықты қабығына кезігеді. Кескеннен кейін қызыл түсті бұлшықетті, тік ішектің екі тік сызығын «жиырғыш» деп аталатын құралдарды пайдаланып ашады, олар «перделер сияқты» жылжиды. Содан кейін құрсақ қуысының қабы ашылады, ол – ішкі органдарды жабатын жұқа, мөлдір қабық. Одан кейін барып жатыр көрінеді - жатырды қорғап тұрған үлкен бұлшықеттерді скальпельді қолдану арқылы бастапқыда кішігірім етіп кеседі, содан кейін процесті жеделдету үшін қайшыларға кезек береді. Сол кезде сіз қалың, былғары жемісті кесіп жатқандай сезінесіз. Оның ішкі жағында сіз өміріңізде ешқашан көрмеген жайтқа тап боласыз. Қолыңызды ішіне жүгіртіп нәрестенің саусақтарын, тізелерін содан кейін аяғының барлық бөлігін айналдырасыз. Және де кенеттен қолыңызға жаңа адамның жүрек соғысын сезіледі. Бұл кезде үстелде жатқан анасын ұмытып кетесіз. Егер ұрықтың басы жатырдың терең бөлігінде болса, онда баланы күшпен тарту қажет. Кейде ассистент басын төмен қарай итеруі керек. Содан кейін нәресте ана құрсағынан шығарылады, ал көмекші кіндікті кесіп тастайды.

Одан кейінгі процесс баланың жолдасын ажыратумен жалғасады. Ол үшін плацентаны төмеге тартасыз және оны шығарыңыз. Жатырды қаннан және басқа қалдықтардан тазарту үшін стерильді дәке жастықшасын пайдаланыңыз. Жатырдың кесілген екі жиегі жіппен екі қабатталып тігіледі, олар кейіннен өздері шіріп жоқ болады. Тағы бір жіп алып шандырды, содан кейін ашылып тұрған теріні тігесіз. Осымен процесс аяқталады.

Бір кездері сирек кездесетін бұл рәсім қазіргі таңда өте қарапайым болып қалды. Көптеген акушер-дәрігерлер кесарь тілігін еш қиындықсыз жасай алады. Бүгінгі күні кесарь тілігін өте стандартталған және таңғажайып біртектілікпен орындап жүр. Кейінгі кезде акушерлер көбінесе әртүрлі жағдайларда қолмен жұмыс жасау әдістерін қолдануға мәжбүр болып жүр: аяқ, жамбас сүйегі, жамбастың басын тайып кеткен кезде және т.б. Бұл әдістердің әрқайсысы өз қиындықтарымен және қауіптерімен ұштасады. Бүгінде осы проблемалардың барлығы үшін бір шешім – кесарь тілігі болып табылады.

ЕҢ АЛДЫМЕН ЗИЯН КЕЛТІРМЕ

«Primum non nocere» (Ең алдымен зиян келтірме) – дәрігердің басты қағидаты, Гиппократтың постулаттары жинағында («Гиппократ корпусы», б.з. 430-330 жж.) айтылған. Бұл қағидатта дәрігер емдеу барысында науқасқа зиян келтірмеу қажеттілігі айтылады. Бұл, белгілі бір дәрежеде, дәрігерлерге кесарь тілігін қолданған кезде басшылыққа алынатын нәрсе. Алайда, операциялар қаншалықты қарапайым болса да, олар белгілі бір қауіпке апарады. Кейбір әйелдерде пневмониямен кесарь тілігі күрделі орындалады, ал емдеу процесі әдеттегі босанғаннан гөрі ұзаққа созылады. Ішек операция кезінде зақымдануы мүмкін. Кейде көбірек қан кетеді немесе қан ұюы пайда болады. Тігістер сөгіліп немесе инфекция жұғуы мүмкін.

Егер әйел келесі баланың кесарь тілігінен кейін табиғи канал арқылы тууға тырысса, онда жатырдың шырышының бұзылу ықтималдылығы шамамен 200 жағдайда болады. Сонымен қатар, плацента тігіске қосылуы мүмкін, ол оның бөліну кезінде ауыр қан кетуіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, кесарь тілігі тиісті қауіптері бар және асқыну ықтималдылығы да басым хирургиялық операция екенін ескеру қажет.

Бірақ, кесарь тілігінсіз қиын болмақ. Дәрігерлер кез-келген жағдайға кесарь тілігін жасауға жүгінетін болды, себебі ол мәселені тез шешетін, сенімді әрі аса қиындық тудыра бермейтін жолға айналды.

Егер болашақ ана салмағы 4,5 кг-нан асатын баланы құрсағында көтерсе немесе егіздер, үшем болып жатса – онда әдетте кесарь тілігін жасатады. Кесарь тілігі ұрық көлденең қалыпта болғанда, бөкселер тарылғанда, сондай-ақ жағымсыз нәтижелердің жоғары қаупін көрсететін бірқатар жағдайларда ұсынылады. Дәрігерлер табиғи босануға байланысты қауіптерді қаламайды; одан да кесарь тілігін жасау оңайырақ болып көрінеді.

Бүгінгі таңда, көптеген клиникаларда нәрестелердің шамамен 30 пайызы кесарь тілігі көмегімен туылады. Көп жағдайда мұндай көзқарас толығымен негізделген. Кесарь тілігін жоспарлы түрде орындаса, шұғыл жағдайлардан, асығыс, жедел жүргізілген операциялардан қарағанда әлде қайда оңтайлырақ болмақ. Жақында АҚШ-та өткізілген зерттеуде жоспарланған кесарь тілігінің қауіпсіздігі сараланды. Алайда, басқа екі еуропалық зерттеулерде кесарь тілігінен аналар өлімі төмендеген екен.

Дегенмен, бұл факті де алаңдатады. Кесарь тілігімен, мыңжылдық дәстүрге ие табиғи өмірлік процесс ер арасындағы байланыс жоғалады. Ғалымдар босанған кезде бала туылатын каналындағы көптеген пайдалы бактерияларды жою керек деп санайды. Бұл бактериялар сау микробиоманың пайда болуының негізін құрайды. Табиғи босану мен кесарь тілігін салыстырмалы түрде қарасақ, адамдар табиғи жолмен тууды тоқтатады. Дәрігерлер бала денсаулығы дамуына кесарь тілігі шартты түрде ғана әсер ете алады дейді. Біз микробтармен күресеміз деп, «баланың сумен» бірге пайдалы бактерияларды да жойып аламыз.

Біз дәстүрлі акушерлік кәсіптің қалай жойылып жатқанын көріп отырмыз. Ғасырлар бойы акушерлік дағдылар дамыған, бұл баланың табиғи жолмен туылуына ерекше көмектеседі. Көп ұзамай бұл кәсіп заманауи медицинада ұмытылып кетуі мүмкін.

БАЛА БОСАНДЫРУ ДА БІР ӨНЕР

Бүгінгі күні білім мен технологияны қолдану айтарлықтай қолжетімді болып жатқан жоқ. Акушерлікті де басқаша ойлап табу керек сияқты. Бала туу процесін стандарттау маңызды бүгінде. 1930-шы жылдарда медициналық «жылжымайтын мүлік» медициналық практиканы стандарттауға негізделген стратегияға жүгінді. Жас дәрігерлерді оқытуға арналған стандарттар әзірленді; ауруханаларды қатаң ережелер мен талаптарды орындататын мамандарға тапсырды. Атап айтқанда, акушер-гинекологтар үшін олардың тәжірибесі, акушерлік қысқыш пен басқа қауіпті араласуларды қолдану мүмкіндігін ескере отырып, кәсіптік талаптар жасалды. Стандарттау акушериядағы үлекн өзгеріс болды. Өткен ғасырдың 50-жылдарының басында стандарттарды енгізумен және ішінара пенициллиннің және басқа антибиотиктердің пайда болуының арқасында аналар өлімі тоқсан пайызға төмендеді.

Акушерлік өнер ретінде қарастырылады. Өнер ретінде акушерлік босану кезінде қолданылатын әдістер мен тәсілдерді жетілдіруді қарастырды. Ұрықтың жүрек соғысын бақылайтын арнайы құрылғылар әзірленді. Эпидемиялық анестезия бала туудың көптеген аспектілерін революциялады, босану кезінде ауыру сезімін азайтатын жолдар табылды. Жаңа синтетикалық препараттар ойлап шығарылды (қастауыштың орнына питоцина), бұл босану кезінде жатырдың қысылуын тиімдірек бақылайды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша соңғы 25 жылда әлемде ана өлімі 44 пайызға азайған. Дегенмен, технологияның табысты дамуына қарамастан, әлемде әртүрлі патологиялық жағдайлардан бастап және босанғанда 1400-ге жуық әйел көз жұмады екен. Бұл дамушы елдерде ғана емес, сондай-ақ Америка Құрама Штаттары сияқты дамыған мемлекеттерде де орын алып жатыр. Аналар өлімінің шамамен үштен бірі жүктіліктің соңғы аптасында, босану кезіндегі үшінші аптаға және жеткізілуден кейінгі аптаға, ал үшінші жартысы кейінгі кезеңге тура келуде.

Жүктілік пен босанудың асқынуы, мысалы, әйелдердің денсаулығына, қоршаған ортаның нашарлығына, кейде медициналық біліктіліктің жеткіліксіздігіне әкелетін көптеген факторлар бар. Дамыған елдерде аналар өлімінің себептері, жүрек және церебральды айналымның бұзылуынан, қан кету және эмболиядан (қан тамырлы окклюзия) жиі кездесіп жатады. Босанғаннан кейінгі кезеңде жүрек бұлшықетінің әлсіздігінен – кардиомиопатиядан жиі қайтыс болады.

Бүгінгі таңда акушерлiк саласына жаңа технологияларды пайдаланып, дағдыларды жетілдіру маңызды болып табылады.

Өткен жылы елордада ана өлімінің бірнеше оқиғасы үлкен резонанс туғызды. Содан кейін шақырылған шетелдік сарапшылар дәрігерлер тарапынан орынсыз іс-әрекеттер жасалмағанын анықтады. Еңбек қауіпсіздігі әрдайым медициналық тәжірибеге байланысты емес; Көп нәрсе ананың бойында нәресте болудың ауыр процесіне қалай дайындалатынын анықтайды. Ауру, тамақтанбау және зиянды әдеттерге ұшыраған әйелдің денесі жүктілік пен толғаққа жарамсыз болып есептеледі. Бұған кішігірім аралық интервалдардың қалаусыздығы қосылуға тиіс, алайда әйелдің денесі босанудан және емізуден кем дегенде бір жарым жылдан екі жылға дейін демалуы керек. Бұдан басқа, физиологиялық жүктілік пен қауіпсіз босану үшін қажетті компенсаторлық мүмкіндіктің жасына қарай, әйелдің денесінде табиғи түрде жоғалып кететінін ескеру қажет.

Сондықтан, болашақ ананың өз қауіпсіздігі мен болашақ нәрестенің денсаулығы үшін үлкен жауапкершілікті терең білетіні өте маңызды. Мұны істеу үшін ауруларды алдын-алу және емдеу үшін уақытылы тамақтану, зиянды әдеттерден бас тарту және тұрмыс жағдайын дұрыстау және әлеуетті денсаулыққа қауіп-қатерлерді уақытында алдын-алу үшін дәрігердің үнемі қадағалауын қамтамасыз ету қажет.

Жүктілік пен босану әйел адамның өміріндегі ең ғажайып, эмоционалды қарқынды кезең деп танысақ артық етпейді. Бұл кереметтей қуынышты сезім су сепкендей басылмас үшін кез келген қиындықтарға төтеп беруге дайын болу керек.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.