Жүктелуде...
 

Нәресте ана тілін құрсақта жатып игере бастайды

Нәресте ана тілін құрсақта жатып игере бастайды

translator жексенбі ақпан 16, 2020


18 02 2020


Acta Paediatrica журналында нересте ана құрсағында жатып-ақ ана тілін меңгере бастайтынын көрсететін зерттеу нәтижелері жарияланған болатын. Құрсақтағы нәрестенің есту қабілеті шамамен 30-шы аптада дамиды, сондықтан жүктіліктің соңғы екі айында ол анасының дауысын естуге қабілетті.


Зерттеушілер 40 америкалық және сонша шведтік жаңа туған нәрестелерді алып, олардың ағылшын және швед тілінің дауысты дыбыстарын ажырату қабілетін сынаған екен. 7 сағаттан 3 тәулікке дейінгі жаңа туған нәрестелерге емгенде шолпылды есептей алатын емізіктер таратылды. Нәрестелердің емізік ему кезінде ағылшын және швед тілінің дауысты дыбыстарының жазбасын тыңдатқан, және олар шолпылдатып көп емген сайын дыбыстар да соғұрлым көп болғанын байқаған. Шолпылдатып ему саны баланың жаңашыл дыбыстарға деген әсерін тікелей көрсетеді екен. Америкалық жаңа туған нәрестелер швед тілінің дауысты дыбыстарын естігенде шолпылдатып емулерін жиілетіп, бұл әрекетімен бұрын мұндай дыбыстарды естімегендерін растаған екен. Швед сәбилері керісінше, ағылшын тілінің дауысты дыбыстарын тыңдағанда көбірек шолпылдатып емген.

Ғалымдар қорытындылағандай, туғаннан соң тез тіл үйрену мүмкіндігі екіталай, алайда жаңа туған нәрестелердің ана тілі мен шет тілі дыбыстарын ажырата білу қабілеті тек құрсақ ішінде дами алады.

Бұған дейін адам ұрығының құрсақ ішіндегі дамуының 25-ші аптасында мидың, атап айтқанда саналы қызметтерге, эмоцияларға, жоспарлау, себеп-салдар байланысы және мәселелерді шешу қабілеті үшін жауапты бас ми қабығының белсенді дамитыны көрстеліген болатын. Бас миының дамуы бірқатар әжімдер мен қатпарлардың пайда болуымен қатар жүреді, нерв талшықтары арқылы нерв жасушалары арасындағы байланысты қамтамасыз ете отырып бұл ми қабығының жалпы алаңының кеңеюіне септік етеді. Мұндай дамудың нәтижесі бала сыртқы стимулдарға, атап айтқанда түрлі дыбыстарға сәйкесінше қабылдап, сезінеді. Мысалы, нәресте қатты дыбыстарға жауап ретінде тебінуі мүмкін.

Баланың туылу уақыты жақындаған кезде есту қабілеті жақсы, дауысты тануға және сезуге бейім. Сондықтан да ол туғаннан соң білетін дауыстарға тез бейімделе алады. Ол сондай-ақ анасының құрсағында естіген бесік жырын да дауысынан тануы мүмкін. Таңқаларлығы сол, жаңа туған сәби құрсақта жатқанда анасының оқыған мәтіндерін тани алады және оларды жаңа ақпараттан ажырата да алады.

Жүктіліктің ағымы мен нәтижесі, баланың құрсақ ішіндегі дамуы және оның денсаулығы – болашақ ананың тамақтануына, физикалық белсенділігінің режиміне, психологиялық жағдайына көптен көп байланысты екенін есте сақтаған жөн. Дұрыс тамақтану, сәйкес дене белсенділігі және қолайлы психологиялық жағдай – осының бәрі жайлы жүктілік пен аман-сау босанудың маңызды шарттары болып табылады.



Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.


Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.