Қазіргі коронавирус қайдан пайда болды және оның өзгешелігі неде?

translator жексенбі сәуір 12, 2020

вирус5

Ғалым ретінде айтар болсам, бүгінгі интеллектуалдық және технологиялық ресурстарды қолдана мақсатты түрде мұндай «химераны» құру мүмкін емес. Оған біздің әлі де болса ақылымыз жете қойған жоқ.

Мәселе жаратылыс эволюциясында, дәлірек айтсақ табиғаттың «революциясында». Айрықша жетілген биотеррорист – табиғат болып тұр. Адамзат өз әрекеттерімен эволюциялық үрдісті тездетіп, ол өз кезегінде адам баласына үлкен қауіп төндіретін вирустарды туғызды.

Қазіргі коронавирустың айырмашылығы оның зұлымдығында. Ол маусымдық тұмауға қарағанда аз жұқпалы, бірақ көп өлім-жітімге әкеледі. Бір жағынан қарағанда SARS пен MERS эпидемияларын туындатқан коронавирустармен салыстырсақ өлім-жітім аз, бірақ өте жұқпалы. Сонымен бірге бұл коронавирус айтарлықтай жұқпалы және әжептеуір өлім-жітімге әкелуі қазіргі теңдесі жоқ пандемияны туғызып отыр.

Жүз миллион вирустық бөлшектер иненің ұшындай болуы мүмкін, адамды жұқтыру үшін оның ондаған мыңы жеткілікті екен. Коронавирус мыс бетінде 4 сағат, картон бетінде – 24 сағат, пластмасса және темірдің бетінде – үш тәулік бойы сақталады. Сонымен қатар, вирусты жұқтырған адам жөтелсе немесе түшкірсе, вирус ауада 3 сағатқа дейін сақталады екен.

Менің ойымша, бұл жерде негізгі мәселе қазіргі коронавирустың ұзақ уақыт бойы жасырын болып айналаға жұқтыру қасиетінде. Жақында жүргізілген зерттеу көрсеткендей, жұқтырылған адамдарда аз ғана белгілері болса да қоршаған ортаға өте жұқпалы болып табылатын көрінеді. Ауруханаға жатқызуды қажет ететін ауыр белгілерімен шалдыққандар 37 күн мерзімдей коронавирустарды бөлуді жалғастыра береді екен

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.balaman.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=111