Миллиондаған балалар мен олардың ата-аналары биылғы күзде мектептерде сабақ бастала ма, әлде жоқ па соны білгісі келеді. Егер рұқсат етілетін болса, онда оқушылар мен ұстаздарға қандай сақтық шараларын сақтау қажет.
Жақында Lancet беделді ғылыми журналында 20 еуропа елдерінде балаларға жүргізілген ауқымды зерттеу нәтижелері жарияланған болатын. Онда балаларда коронавирус инфекциясы кез-келген симптомы болсын сирек кездесетіні және өлім-жітімнің өте төмен дәрежеде болуы көрсетілген.
Бұл, әрине, кейбір елдерде қажетті сақтық шараларын сақтай отырып, мектептерде сабақтарды қайта бастауға ұсыныс жасауға негіз болды. Барлық шараларды сақтай отыра Австрия, Дания, Германия және Норвегияда мектептер ашылған болатын. Осыған қатысты Америка педиатрия академиясы да ұсыныс жасап, мектептердің ашылуын қолдаған еді.
Екі айлық карантин кезеңінде көптеген ата-аналар балаларымен үнемі үйде болудың ерекшелігі мен ыңғайсыздығын толық сезінгендей. Бұл жағдай оқушылардың көңіл-күйлеріне ғана емес, сонымен қатар оқу үлгеріміне де теріс әсерін тигізді.
Көптеген жағдайларда балаларға нақты білім беріле қоймады, оны ашық мойындауымыз керек. Бұл әсіресе интернетке қолжетімділіктің болмауы мен компьютерлердің жетіспеушілігі секілді мәселелер туындаған кезде орын алды. Бұл жерде мен үйдегі зорлық-зомбылықты, психологиялық қысымды есепке алмай отырмын. Расымен, оқушыларға оңай соқпады. Әрине, экономика еңбек ресустарына тәуелді, ал жұмыс кезінде ата-аналар балаларының қараулы, қауіпсіз болған жағдайда ғана өзін жайлы сезінбек. Ал мұны көп жағдайда мектептер қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайда, балалардың үйде болуының себебі – ол эпидемияны тұрақтандыру екені түсінікті. Пандемия бастау алған сәтте коронавирустық инфекцияны негізінен балалар жұқтыратындығы, осылайша олар үлкендерге, әсісере егде адамдарға қауіп төндіреді деген болжамдар айтылып жүрді. Алайда, бүгінде ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, балалар тек аз дәрежеде вирусты жұқтыратындығы, сонымен бірге инфекцияның таралуы да шамамен аз дәрежеде болатындығы белгілі болды.
Бұл негізінен 12 жасқа дейнгі балаларға қатысты. Алайда, ересектермен салыстырғанда, жасөспірімдер де инфекцияның таралуына анағұрлым аз рөл атқарады. Ересек адамның баладан коронавирустық инфекцияны жұқтыруынан гөрі, ересектер арасында жұқтыруы өте жиі кездеседі.
Белгілі болғандай, коронавирустың таралуы басқа вирустарға қарағанда түбегейлі ерекшеленеді екен. Балалар тұмау вирусының таралуында шешуші рөл атқарса да, олар коронавирустық эпидемияның дамуына айтарлықтай әсер ете қоймайды. Бұл мектептегі сабақтар қайта бастау туралы шешім қабылдаған елдерде дәлелденген.
Мектептерді қайтадан ашу туралы шешім нақты эпидемиялық жағдайға байланысты болатыны анық. Егерде мұндай шешім қабылданатын болса, әрине оған қатаң сақтық шараларын сақтау қажет. Бұл жерде айтып отырғанымыз оқушылардың бір-бірінен 2 метр ара қашықтықты сақтап орналастыру арқылы, сабақ барысындағы ара қашықтықты сақтау. Маска тағу аса маңызды. Бұл әсіресе белсенді қарым-қатынасқа бейім үлкен жастағы балаларға қатысты.
Мектеп ғимараттарын жиі-жиі желдетіп, оқушылардан да мұғалімдерден де коронавирус симптомдарын тексеріп тұру қажет болады. Қолды жуудың жиілігі мен дұрыстығына, сондай-ақ басқа да гигиена ережелерін сақтауға ерекше назар аудару керек. Егжей-тегжейлі нұсқаулар жас мектеп оқушыларына, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға жете түсіндірілуі керек.
Сондай-ақ, мектеп ғимараттарында тиімді желдету жүйелерін орнату аса маңызды. Бұл айтарлықтай инвестицияны қажет етеді.
12 жасқа дейінгі мектеп оқушылары коронавирустардың таралуына және жұқтыруға бейімді болмағандықтан, осы жас тобындағы балалар үшін мектепке алғашқы қабылдауды қарастыруға болады, ал жасы үлкен оқушылар уақытша online режимде оқуды жалғастырулары тиіс. Инфрақұрылымдар дайын болғаннан кейін барлық оқушыларға мектепке рұқсат берілуі мүмкін.
Мектептегі сабақты қайта жандандыру қазіргі эпидемия кезінде ата-аналардың біржақты келісімімен болмауы мүмкін. Кейбір ата-аналардың балаларының денсаулығы мен айналасындағыларға төнетін қауіп-қатер туралы алаңдатушылықтарын білдіруі заңды. Балаларын мектепке жіберуден бас тартқысы келетіндер үшін online режимде оқу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек.
Әрқайсымыз нақты жағдайға байланысты жеке таңдау жасаймыз. Бұл қалыпты жағдай. Балалардың және жақын адамдардың денсаулығының амандығы үшін ақылға қонымды, қауіпсіз шешімдер қабылдануы өте маңызды.
Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.
Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.