Қазақстандықтар атеросклерозды қоздыратын өнімдерді көп тұтынады

translator дүйсенбі қаңтар 28, 2019

Photo 265839

Атеросклероздың (тамырдың қабырғаларына холестериннен құралған атеросклеротикалық түйіндердің түзілуінен туындайтын ауру) дамуына себеп болатын тағамдар құрамы атерогенді деп аталады. Жалпы атерогенді тағамдар деп мыналарды сипаттауға болады: мол калориялы, құрамында қоректік заттары аз заттар, витаминдер, минералдар мен өсімдік өзегі, жоғары сапалы көмірсулар (тазартылған қантпен қоса), транс майлар, қаныққан жануарлар майлары, холестерин және тұзды тағамдар. Қазақстан халқының ұлттық тамақтануының соңғы зерттеулерінде көрсетілгендей, біздің ғаламшарда, соның ішінде Қазақстан тұрғындары осы сипаттамадағы қоректік заттармен қоректенеді екен.

Атерогендік өнімдердің көп тұтынылатының бір себебі, олардың бағасы мен дәмі көңілге қонымды болып келеді, әрі ұзақ уақытқа дейін сақталады. Адам денсаулығына, соның ішінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне қатер төндіретін өнімдердің үйірі әртүрлі кондитерлік бұйымдар, жоғары сапалы ұннан жасалған бәліштер, крекерлер, печеньелер, ұнтақ түріндегі дайын таңертеңгіліктер астар, кептірілген нандар, чипстер, кремдер, тәтті әрі түрлі-түсті алкогольсіз сусындар ), шұжық өнімдері, жартылай фабрикатты еттер, консервілер, жедел кеспелер, жылдам даярланатын тамақтар (жылдам тамақ, самса және т.б.) бұлардың бәрі дүкендерде, буфеттерде, мейрамханалар мен шағын дүңгіршектердің сөрелерінде толып тұр.

Бұл өнімдер ыңғайлы және белгілі бір дәрежеде пайдалануға тиімді секілді көрінеді, бірақ бұл ыңғайлылықтар мен артықшылықтар ойланған жанға денсаулығы мен өмірі үшін үлкен қауіпке айналуы мүмкін. Себебі қан айналымы жүйесінің аурулары жыл сайын бүкіл әлемде 17 миллионнан астам адамның қыршынынан қияды (бұл ғаламшарымыздағы бүкіл өлімінің үштен бір бөлігі). Жүрек тамырларының атеросклерозы миокард инфарктына (жүрекке қан шауып кету) әкеледі, ми тамырларына холестерин түйіндерінің тіреліп қалуы – ең қауіпті қан айналымы жүйесінің ауруларына соқтырады.

Басқа себептермен, қан айналымы жүйесінің ауруларынан жыл сайын көп адам қайтыс болады. Қазақстанда қан айналымы жүйесінің ауруларынан мезгілсіз қайтыс болудың ең көп себебі, әр үшінші өлім қан айналымы жүйесінің ауруларына байланысты болуда. Еңбекке қабілетті әрбір оныншы қазақстандық бір немесе бірнеше қан айналымы жүйесінің ауруларына ұрынуда.

Денсаулыққа зияны тиетін атерогендік тағамдарды мүлдем тоқтату керек және көкөністер мен жемістерді, аршылған табиғи дәнді дақылдарды, бұршақ, балық, ет және сүт өнімдерін, жаңғақтарды жей жүріп кардиопротекторға (тамырлар мен жүректің саулығын қорғауға негізделген ) заттармен қоректену керек. Айта кету керек, мәзірге тазартылған ақ күріш, картоп, макарон сияқты қол жетімді танымал қазақстандық өнімдерді де араластырып тұрсаңыз, олар, жүрекке және тамырларға зиян тигізбейді. Алайда, егер сіз оларды жиі және көп пайдалансаңыз, онда жеңіл сіңімді көмірсулармен байланысты тағамдар ретінде денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін.

Қан айналымы жүйесінің ауруларын алдын-алу, асқынған ауруды емдеуге қарағанда, барлық жағынан әлдеқайда жеңіл әрі пайдалы. Өз денсаулығыңызды жүрек-қан тамыр ауруларынан қорғау үшін, ең бастысы салауатты тамақтану, дұрыс дене белсенділігін сақтау және зиянды әдеттерден (темекі мен алкоголь) аулақ болу керек екенін естен шығармаған жөн.

Материалды медицина профессоры Алмаз Шарман дайындады.

Тегтер Денсаулық Зерттеу Медицина Азық-түлік


Permalink: http://mail.balaman.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=16