Сингапурдың COVID-19-бен күресудегі тәжірибесі

translator дүйсенбі желтоқсан 14, 2020

Shutterstock 1780181480 2

Сингапурда осы уақытқа дейін коронавирустық инфекцияның шамамен 60 мыңға жуық жағдайы тіркелді, оның 28-іөліммен аяқталды. Бұл миллион тұрғынға шаққанда 5 жағдай ғана, әлемнің көптеген елдерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Сингапурдың жетістігін үш жағдаймен байланыстыруға болады. Біріншіден, індет басталғаннан бастап үкімет тек денсаулықты қорғау мәселерімен ғана айналыспайтындықтарын түсінді. Пандемияға байланысты жағдай еңбек нарығына, жалақыға, адамдардың қозғалыс мүмкіндіктерінінің әртүрлі қырларына және әуе сапарларына кері әсер етуі мүмкін екендігі белгілі болды. Осыған байланысты ел басшылығы барлық салалар бойынша шаралар әзірлеп, осы мәселелерді шешуге кешенді тәсілді қолдануға шешім қабылдады. Шаралар денсаулық сақтау жүйесіне, жұмыспен қамтуға, саудағы, өнеркәсіпке, қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ қаржы мен заңға қатысты болды.

Сингапурға эпидемиямен күресуге көмектескен екінші нәрсе – мемлекеттік құрылымдардың азаматтармен және жұмыс берушілермен ашық та адал байланыс орнатуы. Халыққа өздерін және қоршаған ортаны коронавирустық инфекциядан қалай қорғауға болатындығы туралы барлық қажетті ақпаратты ұсыну, бәрін ашық, сенімді және ғылыми түрде айту өте маңызды.

Үшіншіден, тұрғындардың ғалымдар мен сарапшылардың пікірлері мен кеңестеріне сүйенуінде болды. Пандемияның басынан бастап Сингапурда коронавирустық инфекция туралы барлық ақпарат мұқият бақыланып, зерттелген болатын.Дәрігерлер адамдардың көпшілігінде ауру жеңіл түрде өтетінін, олардың симптомдары ауыр еместігін ескеріп, оларды ауыр науқастармен ауруханаларда бірге жатқызудың қажеті жоқ екенін түсінді. Көпшілігі 2-3 аптадан кейін еш асқынусыз аурудан айығып шығып жатты.

Қолданыстағы әлемдік тәжірибені зерделей отырып, Сингапур дәрігерлері қоғамдық клиникаларды ашуға шешім қабылдады. Бұл қарапайым үлгідегі ауруханалар емес, әр жердегі қала аудандарында орналасқан арнайы орындар. COVID-19 расталған жағдайда жұқтырған әрбір адам отбасынан және қоршаған ортадан сөзсіз оқшаулануы тиіс. Ол үшін оны қарапайым ауруханада емес, жеке денсаулығын бақылайтын және қажет болған жағдайда оттегімен қамтамасыз ете алатын осындай қоғамдық стационарға жібереді. Денсаулықтың күрт нашарларлағандарды жедел түрде кәдімгі ауруханаларға ауыстырады.

Коронавируспен күресте бірінші кезекте үлкен буынға және созылмалы аурулары бар, қауіпті топтарға жататындарға медициналық көмек көрсету басымдырақ болды. Оның үстіне барлық медициналық қызметтер ақысыз көрсетілді.

Сингапурдағы ауруханалардың көпшілігі үкіметтің меншігінде екендігін, ал жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен отбасылық дәрігерлері бар алғашқы медициналық көмек емханалары жеке меншікте екенін ескеру маңызды. Алайда, меншік түріне қарамастан барлық медициналық ұйымдар эпидемиямен күресуге бірлесе жұмылдырылған болатын.

Сонымен қатар, Сингапурдың денсаулық сақтау органдары ЖРВИ клиникалары желісін жылдам ұйымдастыра алды. Оларды әдеттегі мағынадағы ауруханалар деп атауға болмайды, бірақ инфекцияға күдікті адамдар дәрігерлердің бақылауымен бір немесе бірнеше күнді өткізе алады. Бұл клиникалар індеттің күрт таралуын бақылауға мүмкіндік береді. Қазір Сингапурда 900-ге жуық осындай ЖРВИ клиникалары бар. Олар денсаулық сақтау жүйесін эпидемиялық қауіп-қатерге барынша дайын етеді.

ЖРВИ клиникалары идеясы қаншалықты пайдалы? Инфекцияның жұқпалы жағдайында және халықтың медициналық сауаттылық дәрежесіне байланысты олардың болуы аса пайдалы. Тұрғындар тән симптомдар пайда болса, онда оларға басқа жерге барудың керегі жоқ екенін, бірақ дереу осындай клиникаға бару керектігін, онда қажетті көмектің көрсетілетіндігін түсінеді.

Сингапурда эпидемияның таралуын қалай бақылайды? Осы мақсатта елдің әрбір азаматына кәдімгі автокөлік кілтінің өлшеміндей шағын жетон беру туралы шешім қабылданды. Жетонды үйден шыққанда өзімен бірге алып жүру керек. Бұл белгі байланыста болғандарды тіркеуге мүмкіндік береді. Алайда, ол азаматтарды бақылап, қайда жүргендерін тіркемейді.

Мұндай жетондағы ақпаратқа иесінің COVID-19-бен ауырған жағдайда ғана қол жеткізуге болады. Ақпарат 25 күн өткен сайын жойылып оытарды. Осылайша азаматтардың құпиялылығы мен жеке өміріне қол сұқпаушылық құқығын қамтамасыз етіледі. Алайда, тұрғындардың барлығы да жеке басқа қол сұқпаушылық құқығы мен құпиялылықтың пандемия жағдайында ымыраға келіп, аурудың өршіп кетпеуі үшін қадағалайды деп түсінеді. Ерте тестілеу, байланыста болғандарды лезде анықтау, уақытылы оқшаулау және емделушілерге сапалы ем көрсету – бұл пандемиямен тиімді күресудің сингапурлық моделі.

Айтпақшы, Сингапурдың 95 пайыз тұрғындары үнемі маска тағып жүреді екен. Қауіпсіздіктің басқа да шараларын сақтаудан бөлек, бұл елде эпидемияны жіті бақылауға және экономиканың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге мол мүмкіндіктер берілген.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.balaman.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=186