Ағзаға не үшін кальций қажет

translator Сейсенбі ақпан 26, 2019

кальции

Біз сүйек пен тіс мықты болу үшін кальций керек екенін білеміз, өйткені кальций олардың құрылымдық негізі. Дегенмен, біздің ағзамызда кальцийдің атқаратын рөлі әлдеқайда зор және аса маңызды, яғни, ол жүрек-қантамырлар, қанайналым, жүйке және бұлшықет жүйелеріне айтарлықтай қажет. Кальцийдің қанның ұю процесіне, жүректің тұрақты соғу ырғағына және тамырлардың тонусына қатысы бар, жүйке импульстарына беріледі, күйзеліске қарсы тұруға демеу береді, мембрана жасушаларының тұрақты түрдегі өткізгіштігіне атсалысады және негізгі гормондар мен ферменттердің реттелуіне ықпал етеді.

Кальций тұздары - іштегі ұрықтың өмір сүруге аса қажетті жүйелері мен процестерінің қалыптасуының, толық дамуының негізін қалайды. Адам ағзасындағы кальций барлық элементтермен салыстырмалы түрде орташа есеппен алғанда әр килограммға 20 г болады екен. Орташа есептегенде, ересек адамның денесінде 1-1,5 кг кальций болады, яғни шеміршектер мен сүйектеріндегі тіндерде кальций шамамен 98% болуы мүмкін. Кальцийдің қалған бөлігі қан мен басқа да дене сұйықтықтарының құрамында үнемі айналып тұрады. Сондықтан, кальцийдің қалыпты мөлшерін ұстап тұру, оның жетіспеушілігіне немесе артық болуына жол бермеу өте маңызды болып табылады. Бұл элементтің шамадан тыс құрамы қан қысымының жоғарылауына әкелуі мүмкін және олар бастапқыда қажетсіз тіндерде кальций тұздарын тұндыруы мүмкін. Бұл жағдайды кальциноз деп атайды.

Бірақ көбінесе адамдар кальцийдің жетіспеушілігінен зардап шегеді, әсіресе егде жастағы және қартайған жандар. Бұл олардың өмір сүру сапасының нашарлауы мен сырқаттануына себеп болады.

Кальцийдің жетіспеушілігі

- қан құрамында оның төмендеуіне және минералдануның нашарлауына, қаңқа сүйектерінің және тістің қаттылығы мен күшіне әсер етеді; остеопороз және тіс жегінің дамуына әкеледі; - сүйектің деформациясы және жұмсаруына - остеомаляцияға апарады; - қан ұюының үрдісінің бұзылуына соқтырады; - сүйек сынықтарын жоғарылатады; - қаңқалық бұлшықеттердің қысылуын және релаксациясының бұзылуын туғызады.

Кальций тапшылығының профилактикасы ретінде сүт өнімдерін көбірек тұтыну керек:

- Д витаминін және кальций қоспаларын немесе осы қоректік заттарды қамтитын тағамдық қоспаларды қабылдаған жөн; - Теріге D дәрумені синтезін қамтамасыз ету үшін денені ашық ұстап, ашық ауада көбірек болу керек. Кальцийдің көпшілігі сүт өнімдерінің, қатты ірімшіктер мен жаңғақтардың барлық түрлерінде кездеседі.

Сондай-ақ, кальций - күнжітте, балық майында, арпа, сұлы және қарақұмықта, жұмыртқада, жаңа піскен балықта, қырыққабатта, сарымсақта, балдыркөк, ақжелкен, сәбіз, бұршақ, бидай наны мен жеміс-жидектің кейбір сорттарында кездеседі.

Бірақ бұл өнімдерді үнемі тұтыну, діттеген нәтижелерге әкеле бермейді. Яғни, кальций ағзаға өздгінен нашар сіңеді – тағамдардан бұл элементтің 30% -нан кемі сіңуі мүмкін. Бұл денеде кальций жетіспеушілігінің негізгі себептерінің бірі болып табылады.

Тәттілерді ұнататындар мынаны есте ұстағандары жөн: қанты жоғары тағамдар - түрлі тәтті газдалған сусындар, кондитерлік өнімдер және т.б. қан глюкозасының деңгейін күрт арттырады, бұл сүйектерден кальцийдің шайылуына ықпал етеді. Яғни, қандағы глюкозаның деңгейі төмен болып, кейін бірден көтерілген кезде ағза инсулнмен бірге калцді де пайдаланып тастайды. Осылайша, егер адам тәттілерді көп мөлшерде тұтынса, қандағы глюкозаның деңгейін күрт арттыра түссе, денесі көп кальций жұмсайды. Ал қордағы қажетті жасушалар таусылғанда, сүйектер мен тістердегі элементтер жұмсалуға мәжбүр болады. Сонымен қатар, кейбір газдалған сусындар құрамына фосфор қышқылы болады, бұл сонымен бірге кальцийдің шайылуына себепші болады.

Кальций ағзаға жақсы сіңірілу үшін, пайдаланылатын азық-түлік құрамында фосфор, магний және D, А және К витаминдерін ұштастыра отырып қолданған дұрыс. Осындай баланс сүт өнімдерінде, көкөністер мен жемістерде кездеседі. Осылайша ғана ағзаңызға кальцийді өз қажетінше енгізуге болады. Ағзаға қажетті сапалы витаминдер D, А және К, осы дәрумендер толықса ғана тістер қатайып, сүйек мықтылана түспек.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.balaman.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=28