Ана құрсағындағы сәби дұрыс қалыптасып жетілуі үшін әкесіне қалай тамақтану керек

translator дүйсенбі маусым 3, 2019

Shutterstock 168285554

Әдетте, жанұялар нәрестелі болуды жоспарлағанда, ең алдымен әйелдің денсаулығы мен тамақтануына көп көңіл бөлінеді. Мысалы, әйелдерде ұрықтанғанға дейінгі кезеңде, жүктіліктің бастапқы кезеңінде түсік тастау қаупі жоғары болғандықтан, жүктілік және босану кезіндегі ақаулардың алдын алу үшін оларға В9 дәруменін (фолат) тұтынуға кеңес береді, әдетте ол көкөністер, жарма, жеміс-жидектерде болады. Кейінгі кездерде ғалымдар арасында әке денсаулығының ұрықтануға, ұрықтың кейінгі дамуына қаншалықты әсер ететіндігі туралы сұрақ туындады. Осыған жауап табу мақсатында Монреалдағы Mакгилл университетінің канадалық зерттеушілері тышқандарға сынақ жүргізген болатын. Осы тұжырымдамадан кейін әке денсаулығының да ұрықтың дамуы үшін маңызды рөл атқаратындығы анықталды. Еркек тышқандар әртүрлі рациондармен әр түрлі топтарға бөлінген болатын. Жұп тышқандар шағылысқаннан кейін ғалымдар ұрықтың дамуынан тышқанның туылуына дейін бақылау жүргізілді. Диетада майлы және В9 витаминдері жоғары болса, ұрпақтың ақаулары тек 30 пайызға дейін болады екен.

Зерттеу авторларының бірі Ромэн Ламбро былай дейді: «Мен, жалпылай айтқанда, ерлердің бәріне B9 витаминінің жоғары мөлшерде биологиялық белсенді тағамдық қоспаларын қабылдауына кеңес беруде әзірге асықпас едім, себебі тұжырымдамаға сәйкес, ұрықтану табысты болуы үшін осы заттың дұрыс дозасы әлі анықталмаған. Біз сондай-ақ, астық витаминдерінің ерлердің шәуетіне (спермасына) қаншалықты әсер ететінін де толық білмейміз. Бірақ, менің ойымша, бұл зерттеуден түйгеніміз: дұрыс, дені сау ұрпақ дүниеге келуі үшін еркек жыныстылар да баланың алдында өз денсаулығына мұқият назар аудару қажет. Болашақ әке, зиянды әдеттерден аулақ болуыңыз, шылым шегу, алкогольді тұтыну дегендерді мүлдем тоқтатуыңыз керек, сондай-ақ дұрыс тамақтануға да назар аударғаныңыз жөн! Есіңізде болсын, егер сіз қате өмір салтын ұстансаңыз, ұрпақтың болашағына нашар генетикалық ақпарат бересіз”

Ғалымдардың айтуынша, қазіргі кезде шамамен төрттен бір бала туа біткен кемістіктермен туылуда екен. Алайда, мұндай ақаулардың жартысының ғана пайда болу себептері анықталған. Патологияның бір бөлігі ата-аналардың зиянды өмір салтын ұстанумен байланысты болуы мүмкін, себебі жаман әдеттер мен дұрыс емес диеталар генетикалық материалдардың жұмысын бұзады. Осыған байланысты болашақ ата-аналар өздерінің диетасын бақылап, дұрыс, қажетті мөлшерде (ақуыздарға, майларға, күрделі көмірсуларға, дәрумендерге, минералдарға бай ) қажетті қоректік заттардың бүкіл түрімен қоректенуі керек.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.balaman.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=54