No title specified

translator Сейсенбі шілде 9, 2019

08 07 2019

Жүрек бұлшықеттері, сондай-ақ қан тамырлары белгілі бір заттарды қабылдайды, соның арқасында жүрек-қан тамыр жүйесі үздіксіз жұмыс істейді әрі біздің денеміздегі алпыс екі тамырды қанмен, оттегімен және басқа да биологиялық заттармен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, әртүрлі көкөністер мен жемістер қан тамырлар мен жүрекке химиялық көмекшілерді тасымалдайды. Бүгінгі таңдағы (ҚЖА) қанайналым жүйесінің аурулары деп аталып жүрген індеттің алдын алу үшін, жүрек-қан тамырлар жүйесінің саулығын арттыру үшін, әрі оған келетін қауіпті азайту үшін пайдаланылатын ең тиімді нәрсе - жеміс-жидектер мен көкөністер болып саналады. Қанайналым жүйесінің аурулары жүректің ишемикалық ауруымен байланысты болып келеді (оның ең қауіпті формасы кеуденің ауруымен белгі беретін инфаркт миокардасы), инсульт, оның бірден бір симптомдары естен тану, күтпеген жерден әлсіреу, тілдің бұралуы және т.б. тосын жайттар.

ҚЫЗАНАҚТАР радикалдарды (жасушалық құрылымдарды, соның ішінде қан тамырларының қабырғаларына зиян келтіретін агрессивті молекулаларды) бейтараптандырып, жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуына кедергі келтіретін антиоксидант ликопиннің қызметін жоғарлататын ең тиімді көкөніс болып табылады.

ЖАПЫРАҚТЫ ӨСІМДІКТЕР (салат, ақжелкен және т.б.) - атеросклероздың пайда болуына берік қарсылыққа ие фолийдің (фолий қышқылы, B9 витамині) негізгі табиғи көзі (қан тамырлары аурулары, тамырдың қабырғаларында холестерин жиналатын қаптар пайда болған кезде) қандағы гомосистеин аминқышқылының деңгейін төмендетуге қабілетті. Гомоцистеиннің жоғары концентрациясы қан тамырларының қабырғаларына зақым келтіруі мүмкін, бұл сондағы холестериннің жиналуын тежейді.

ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ (түрлі-түстісі және т.б.) - қан тамырларының (эндотелиум) ішкі қабатына зиянды әсер ететін токсиндерден тазарту үшін тамаша көмекшілер осылар. Сонымен қатар, қырыққабаттың құрамында - C дәрумені, B (B1, B2, B3, B5, B6) тобы, каротин (организмде А дәрумені өндіретін провитамин А), денеге берілетін басқа да химиялық көмекшілер, кальций, мыс, темір, марганец, т.б. жүреккке пайдалы дәрумендер бар.

Алмалар C, B, P, PP, каротеноидтер (ағзада А дәрумені синтезделген провитамин А), калий, кальций, фосфор, темір, мыс, марганец және т.б. органикалық қышқылдар, таниндер қабынуға қарсы әсер ететін және кейбір флавоноидты антиоксиданттарды жеткізеді. Олардың құрамында пектин (еритін диеталық талшық) бар, ол қандағы «жаман» холестерин деңгейін төмендетеді, ішектің тазалануына көмектесетін пайдалы микробтарды береді. Алма құрамы жүректің жұмысына, қанның жалпы күйіне (гемоглобиннің жақсы деңгейін сақтап) және қан тамырларының ішкі қабатына пайдалы әсерлерін тигізеді.АВОКАДО денені калиймен қанықтырады, B6, E, C және K дәрумендерімен, қанықпаған май қышқылдарымен қамтамассыз етеді, қандағы «жаман» холестерин деңгейін төмендетеді, тамырлардың және жүректің күйін және қанның құрамын жақсартады.

ҚАСҚЫРЖЕМ сапониндерге бай - артық холестеринді байланыстырады және оны денеден шығарып тастайды, осылайша қандағы «жаман» холестерин деңгейін төмендетеді.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.balaman.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=59