Ғалымдар жемістер мен көкөністерді дұрыс тұтынбау және жүрек-қан тамыры ауруларының қаупі арасындағы байланысты дәлелдеді

translator дүйсенбі тамыз 26, 2019

22 08 2019

Тамақтанудағы қателік - қан тамырлары қабырғаларына, холестерин деп аталатын атеросклеротикалық түйіншектердің пайда болуының негізгі себептерінің бірі. Олар тамырларды тарылтады (кейде толық бітелгенге дейін қысады), осылайша тіндер мен ағзалар қанмен толық қамтамасыз етілмей қалады. Атеросклероз - жүректің ишемиялық ауруы сияқты көптеген жүрек-қан тамырлары ауруларының дамуының негізі (оның ең қауіпті, өлімге әкелетін түрі - миокард инфарктісі, ол кезде кеудеде ауырсына бастайды), инсульт орын алады, адам естен танады, кенеттен әлсіздену және тілдің бұралуы сиияқты белгілері болады.

Дұрыс тамақтануға қарсы келетін бірден-бір қателік - жемістер мен көкөністерді аз тұтыну. Бұл үрдіс әсіресе қазақстандықтарға тән. Қазақ тамақтану академиясында жүргізілген тамақтану бойынша соңғы ұлттық зерттеулер көрсеткендей, шикі көкөністер мен жемістер көптеген отандастарымыздың күнделікті мәзірінде құрметті орынға ие емес және күніне 200 грамм мөлшерінде тұтынылады, бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ұсынғаннан 2 есе аз мөлшер. Мүмкін, бұл Қазақстанда қан айналымы жүйесі ауруларының кең таралуының маңызды себептерінің бірі шығар. Бүгінгі таңда, әрбір еңбекке қабілеті бар кез-келген 10-шы қазақстандық қан айналымы жүйесі ауруларына шалдыққан. Сонымен қатар, көптеген ғылыми зерттеулер нәтижесі бойынша, күн сайын жеткілікті мөлшерде көкөніс пен жеміс-жидек жейтін адамдар қан айналымы жүйесі ауруларына және басқа да ауруларға, оның ішінде семіздікке, диабетке және рак ауруына көп шалдыға бермейді екен.

Көкөністер мен жемістердің кардиопротекторлық күші (олардың қан айналымы жүйесі ауруларынан қорғану қабілеті) олардың күрделі (баяу) көмірсулармен, дәрумендермен, минералдармен, антиоксиданттармен, талшықтармен (диеталық талшықтармен) және жүрек пен қан тамырларының саулығына пайдалы басқа заттармен қанықтырылуында қан айналымы жүйесі ауруларынан алдын алудың тиімді шарасы бар. Қан айналымы жүйесі ауруларына қарсы тұру үшін жемістер мен көкөністерді күніне 500-800 г (картоп қоспағанда) тұтыну керек. Бұл жағдайда олардың көп бөлігі, яғни 400-500 г шикізат түрінде тұтынылуы керек. Көлемі бойынша бұл орташа 5 сәбіз немесе алма тәрізді. Қандағы глюкоза деңгейін тез көтеру қабілетіндегі картоп (әсіресе чипсы, фри картобы мен пюресі түрінде) оңай сіңетін қарапайым көмірсулармен бірдей. Қандағы глюкозаның кенеттен жоғарылауы - бұл қан тамырларының холестерин тұнбасы бар бітелуінің белгілі себебі. Осыған байланысты, картоп құрамында калий, С дәрумені және басқалары сияқты маңызды қоректік заттар бар болғанымен, оны ересектер күніне аптасына 2-3 рет 200 гВ-қа дейін пайдалану керек. Балалар күн сайын 250 г картоп жегені абзал.

Алмаз Шарман, медицина ғылымының профессоры.

Мақаланы аударып дайындаған Бағдат Сұлтанбек.

Басқа да пайдалы медициналық ақпараттарды anamed.kz сайтынан оқи аласыз.


Permalink: http://mail.balaman.kz/anamed/tiki-view_blog_post.php?postId=66